Сенбі, 23 Қараша 2024
Әттең... 3652 4 пікір 23 Қараша, 2020 сағат 11:44

Аударма саласы ақсап тұр...

Тілдік тәуелсіздіктің басты діңгегі – мәдени контент. Осы мәдени контентті қалыптастыруға кез келген алаш баласы ат салыса алады.

Бірақ біздің 14 облыста және үш миллионер қалада жергілікті аударма мектебі мен редакторлар алқасы қалыптаспай отыр. Және осы жергілікті аударма мектебі мен редакторлар алқасын қолдайтын медиабизнес құрылым өмірге келген жоқ. Орыс тілділердің Ресейі бар. Онда 200 жылдық тарихы бар аударма мектебі мен редакторлар алқасы бізге өз медиаөнімдерін көктемгі селдей тасқындатты. 

Билік тарапыннан қазақ тілділердің попмәдениетке (ислам ділді ұлттық дүниетанымдағы бұқаралық мәдениетке) медиа сұранысы өтелмей келеді. Кітап бағасы мен кино билеті аспандап тұрғанын сөз етпегенде. Өзге тілдегі кітаптарды аударып, аудионұсқасы мен электронды нұсқасын сайттарға орналастыру жағы кемшін соғуда. Кино мен бейне өнімдерді аудару шенеуініктер тарапынан реттеліп, белгілі бір жандардың ғана нәпақасына айналды. Ұлттық Кинопрокат (солай деп айтуға аузың бармайды) Ресей кино тұсаукесерлерін бізге тықпалаудан жалығару емес. 

Тілдерді оқыту орталықтары жанынан аударма мектебі мен редакторлар алқасын ұймдастыру жолға қойылуы керек. Қазақ тілінде айлық абонементтері 500 теңгеден аспайтын онлайн кітапханалар және 1 теңгеге не киносериал не көркемфильм көрсететін киносайттар ашатын уақыт келді. Жабылған тойханаларды кинотеатрларға айналдырса бизнесмендер ұтады. Ол үшін Жазушылар Одағы басшылық етіп, киногерлер бақылау жасайтын 14 облыстың және үш миллионер қаланың әр аудандарында құрылған қазақ тілді отандық дубляж бірлестіктері керек. Оларды құрудың түк қиындығы жоқ. Тек аудандық  Тілдерді оқыту орталықтары жанынан аударма мектебі мен редакторлар алқасын ұймдастыруға мекеме басшыларына құзірет беріп, мемлекеттік тілді дамытуға жұмсаған қаржыдан тұрақты ақша бөлсе ғана болғаны.

Қазақ дубляжы қиырдағы аудандарда жолға қойылмай, қазақ тілді кинопроакт желісі дүниеге келмей, біз ұлт болып өз мәдениетімізді қанат жайғыза алмаймыз.

Сөз соңы. Мақала авторы осы бағытта дубляжды үйде қалай жасауға болатыны жайлы ниет еткен жанды үйретуге негізделген үш бейне сабақты өз ФБ парақшасына орналыстырған болатын. Дубляж жасауды ұлт болып үйреніп, алаштың бір кәдесіне жарайық ағайын!

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366