Жұма, 22 Қараша 2024
4694 4 пікір 25 Қараша, 2020 сағат 13:40

Қабаева қайтіп медиа магнат атанды?

Көркем гимнастика бойынша Олимпиада чемпионы Алина Қабаева "Ұлттық медиа топтағы" жұмысынан бір жылда 785 миллион 400 мың рубль пайда тапқан.

Айына 65 млн 416 мың 700 рубль табыс тауып отырған. The Insider басылымы осындай мәліметтер келтіреді. Бұл холдингтің акционерлерінің бірі – Владимир Путиннің досы әрі көршісі Юрий Ковальчук.

Бұл материалды жариялаған журналистер Федералды салық қызметінен дәйекті материалдар алғанын айтады.

Қабаева "Ұлттық медиа топ" компаниясының директорлар кеңесін 2014 жылдан бері басқарып келеді. Бұл медиа топ Ресейдегі ең ірі медиахолдинг. Оның құрамына Пятый канал, РЕН ТВ, "Спорт-экспресс", "Известия" және СТС-медиа мен Бірінші каналдың үлесі кіреді. Қазан айынан бері бұл топ Netflix онлайн-кинотеатрының әріптесі болды.

2019 жылдың қараша айында "Открытые медиа" басылымы Қабаеваның бір ғана жылжымайтын мүлігін миллиард рубльге бағалаған. Алина Қабаева соңғы рет 2013 жылы Мемлекеттік дума депутаты болған кезде декларация өткізген екен.

2008 жылы "Московский корреспондент" газеті Ресей президенті Владимир Путинмен ажырасып, Алина Қабаеваға үйленгені жатыр деген ақпарат жариялады. Осыдан кейін бұл басылым жабылып қалды.

Басылымдар екеуінің ортқа балалары бар екенін жазады. Бірақ Путин де, Қабаева да жеке өміріне түсініктеме берген емес.

Дереккөз: Centralasia

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313