Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2745 0 пікір 6 Ақпан, 2012 сағат 08:17

Талғат Мұсабаев: «...Ресей ешқандай тәуекелге бармайды»

Қазақстан ғарыштық ел деп бөркімізді аспанға атамыз. Бірақ ғарышкерімізді ұшыру да, ғарыштық техниканы меңгеру де «Роскосмос»-тың құзырындағы іс болып тұр. Соңғы үш-төрт жыл көлемінде «Байқоңырда» өзіміздің ракеталық-ғарыштық «Бәйтерек» кешені салынады деп жаһанға жар салдық. Енді аяқ астынан мәселе 180 градусқа бұрылып кетіпті.
«Біздің елімізде мұндай келісімді дайындағандардың ракеталық-техникалық мәселелер жөніндегі, жалпы «Бәйтерек» сияқты ірі мегажобаны құру туралы түсінігі аз. Сол кезде үлкен қателіктер жіберілген, «Бәйтерек» туралы келісімде Ресей Федерациясы жағынан ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған... Шын мәнінде Ресей бұл кешенді құруда ешқандай тәуекелге бармайды, қаржыландырмайды, кепілдік бермейді», - деп таяуда «Қазғарыш»-тың басшысы Талғат Мұсабаев Ресей жағына өкпесі қара қазандай екенін білдірді.
Мәссаған, безгелдек! 2004 жылы екі ел Президенттері келісіміне сәйкес қолға алынған істің мұндай шикілігі бұрын неге айтылмаған? Ғарыш «қазанының» басында Мұсабаев мырзаның отырғанына аз болған жоқ. Әлде, осы уақытқа дейін ол мұны білмеген бе? Келісімге сәйкес бұл іске тек Қазақстан жағы ғана бюджеттік несиелендіру есебінен қаржы бөлуі тиіс екен. Ал осы жылдар ішінде жобаның құны 223 миллиард доллардан 640 миллиард долларға дейін өсіп кеткен.
Бұл мәлімдемеңіз сіздің де жауапкершілігіңіздің жүгін жеңілдетпейді-ау, Талғат Амангелдіұлы.

Түпнұсқадағы тақырып: «Шикі келісімнен ши шықты»
«Нұр Астана» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375