Сенбі, 23 Қараша 2024
Аңыз Абай 2591 3 пікір 24 Желтоқсан, 2020 сағат 11:27

Бар қазақтың ең қадірлісі - Абай!

Уақыт жүйрік, уақыт сыншы. Тышқан жылының да, Абай жылының да ең соңғы күндері. Төрткүл дүниені тығырыққа тіреген ауыртпалыққа қарамастан Өз ұлтымыздың ұлы адамы Абайдың 175 жылдығына орай жыл басынан бері әр өңірде озығы бар, тозығы бар 175 үлкенді-кіші іс-шара өтті десе, ешкімнің күманы болмас. Бәріне шүкір, "бір өлеңі бір елдің мұрасындай" дәнішпан Абай  аруағы өткен жылдардан өзгешелеу аунап-қунап жатқан да болар. Бұл ой жетпес керемет ерте ме, жо, кеш пе, ол бөлек жыр. Дегенмен шара ширақы өтіп, кетіп  барады, Аруақ разы болсын! Сонымен той да өтті, не түйдік?

175 жылдық мерей той. Өсер елдің ұрпағы үшін Ибраһим-Абай, тым ерекше қастерлі, дара есім. Құдайдың бар қазаққа берген мәңгі рухани ақыл-ойдың иесі Ол. Әрине, Алланың ең сүйікті құлы да.

Есімізде болса, жыл басында 115 жылдан соң кемеңгер сол кісінің екінші  өміріне эстафета деген "елші" еніп, екі дүниенің арасын жалғастыра ойлы тойды үкіметтен, елден бұрын бастап кеткен-ды. Оның барысы көпке аян. Жаңалық па, әрине, аталған шара аясындағы ең ерекше, әрі, есте қарарлық жаңалық. бұл – бір. 

Қанша заман өтсе де Абай шындығында өлмек емес. Ол туған халқының рухани жаңғыруы үшін мәңгілік асыл арқау, айнымас бағдар, кісілік мәре- меже. Екі дүние арасына салынған сол алтынкөпір-эстафетаның шоуын тыңнан дүркіреткенге не жетсін. Тіріге де, өліге де бір жаңалық керек-ақ. Алайда мәселе мынада, заңғар ақынның өлеңдерін жай түсініп, не түсінбей әйтеуір бір оқу 180 жылдықта да керек болар, дегенмен 175 жылдан кейін тағы да тек толассыз өлең оқу немесе "босқа мал шашпақ" іс-шаралар бейне бірнеше өлке-өңірлерде  Абайға “өлі” мүсін тұрғызғандай тым әсерлі сезілмейді. 

Кез-келген толыққанды ұлттың бір тұтас тарихында үзілмес рухани діңі ретінде тұғыры биік бір ғана тау тұлғасы, рухани көсемі болады. Бұл Ағылшын, Неміс, Қытай, Інді, Жапон және Ортаазия халқына да, ұсақ ұлттарға да тән ұлық болмыс. Ал жаратушы Раббымның бізге силағаны – Абай болды. Құдыретті күшті жалғыз Жаратушыны тереңнен шынайы танып-білген, әрі, «ұстарасыз аузына мұрты түскен қайран жұрттының» бүгіні мен ертеңін тек жүрекке жеңдірген «жұмбақ жанның» соғңы шешімі сан ғасырлар бұрынғы ата-баба - туған халқының кемел дүниетанымымен сәйкес келді. Иә, Абай жапан түздегі жайқалған жалғыз ағаш секілді мүлдем бөлек  жаратылыс еді. Тәңірдің сиы ретіндегі сол жалғыз «кемел» адам келер күнге, келер ұрпаққа нені аянып айтпай кетті?! Ұлттың коды болмақ бір туар ұлы тұлғаға үлкен құрмет көрсетіп ұлықтар сындарлы сәттерде НЕ істеуге 30 жыл бойы «екі жақтап алып шығар ақыл мен қайрат» жетіспеді ме?! Біреудің өлеңін біреуге ғасырдан да ұзақ күн тек  қайталап атүсті оқығаннан, әрине, тыңдағаннан да кімдер жалықпайды?! Одан Абай әлемі тірі жан ат ізін салмаған, басқа тілсім болмыс болып түрленіп кетпейді. Ескі шиыр, науқаншылдық жай ұран Нұр-Сұлтандағы аяқсыз қалған сақалды құрлыс сияқты ешкімге де оң әсер етпейді, ештеңені де өзгертпейді. бұл – екі.

Абай. Ғасыр бұрын «туса туар, артылмас» ерекше бала болып өмірге келіп, дана болып Шыңғыс даласын, қазақ жерін қайғыдан қайыстырып өмірден өтіп, ал, тұтас түркі дүниесіне атасы зор қазақтан қайта туған ірі, әрі, тірі дала данышпаны емес пе еді?! Ал енді саналы өмірінде «іші толған у мен өрт, сыртым дүрдей» немесе «мыңмен жалғыз алысқан» кұрделі тұлғаны, тіпті "өлді деуге симайтын жұмбақ жанды" бала-шағаға күштеп оқыту асыра сілтеу емес пе? Яғни бір дәуірде Өзін тек өзі ғана таныған ерекше жан иесі Абайды жас қайың-талдай жас өспірімге  қашан, қалай оқытып, нәр беріп үйрету керектігі ұлттық деңгейде назар аударатын, аса маңызды мәселе-ақ. «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деп Өзі ескерткендей бұл, мемлекеттің бір ізді, игі ісі болса, құба-құп. 

Абай, ең алдымен бауырлас түркі халықтарының ұлттық рухани көсемі болуы керек. Бар мәселе, Әлем халықтарының алдында да атымызды, басымызды өрге, төрге сүйрейтін Абайды не арқылы, несі арқылы қалай көрсетіп, қалай көтеруде. Ендеше, ол кісінің тұтас ілімін бір таяқпен айдау ардың, ақыл мен қайраттың шаруасы. Демек, Абайды қайта тану мен таныту үшін әр пәленбай жылдығы сайын қайталанып шақырылған жиын-тойлар, қалада қаздиған жансыз мүсіндер, сөре толы өлең-жыр-кітаптары керек емес, жеткілікті! Ол кісінің атына берілген көшелердің қажеті де шамалы. Енді бәрі артық. Сонда, аз болса да, кішкентай балса да  жаңалық қажет демекпіз. Биыл ең алғаш  9 жастағы Ләйлім-Шырақ эстафета оқығандай! Қысқасы, шет елдерге Абай туралы әлемдік санаттағы кино фильм мен телесериал қажет. Бұл – үш. Әрине, Мемлекеттік екі телеарнаның туындылары «Абай» мен «Абай жолы» жаңалық деуге лайықты. Алайда ол жаңалық жайы бөлек әңгіме. Бәрін айта бірін айтсақ, біз енді келер күнде ұлт мақтанышы Абайды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың таза ұлттық идеялогияны ту еткен, білікті де білгір басшылығымен, бастамасымен Қазақстан, ол – Абай, ал, Абай, ол  – KAZAKHSTAN деген биік деңгейге жетуіміз керек!

Науқаншылдық өкінішке қалдырып, орға жығар. Әуезовтың Ілияс Есенберлинді аударамын деп екі жыл уақытын жұмсағанына өкінгені сияқты, Абайды өзіміз жеткізе әспеттеп, әйгілей алмай тұрып еуропа мен қытайдың руханият кеңістігіне күштеп енгізуге тырысу және де  өзге елдердің тілдеріне әуре болып аударуту, тек айтқанға ғана жақсы болмаса, жат жұрттың жүрегінен тіке жол таппасы анық. 30 жыл да өтті, кетті. Өкінішіміз қаншама?! Демек, бәрін жасау үшін ең алдымен өзіміз-Қазақ жұрты Абайды асқар тауы әкесіндей ардақтап, айдын көлі анасындай қастерлеуі керек!

Содан өзге ел-жұрттың аңсары ауса, өзі-ақ іздеп аударып, танып біліп, шынайы қадырлемек.

Ділдә Аман

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366