Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3493 0 пікір 1 Шілде, 2009 сағат 15:12

Самұрық-Қазына» Қорының Төрағасы Қайрат Келімбетов Сбербанктің тәуелсіз директоры болып сайланды

2009 жылдың 26 маусымында, Мәскеу қаласында Ресей Сбербанкі акционерлерінің жалпы жылдық жиналысында банктің Қадағалау кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Оған тәуелсіз директор ретінде тұңғыш рет Қазақстаннан өкіл болып, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» Басқарма Төрағасы Қайрат Келімбетов енді.
Өзінің сайлануына қатысты түсініктеме бере келе, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Келімбетов: «Самұрық-Қазына» республикадағы белді банктердің ірі акционері болғандығы себепті, осы жауапкершілікті сезіне отырып, біз экономикалық дағдарыстың сабақтарын дұрыс ұғынуымыз қажет. Ал Ресей Сбербанкі секілді әлемдік ірі банктің Қадағалау кеңесіне кіру—бұл қазақстандық қаржылық сектордың болашағына сауатты түрде және уақытында әсер етуге көмектесетін үлкен тәжірбие мен білім болмақ. Оның үстіне, мемлекет Басшысы дағдарыстан кейінгі даму жолында ұлттық қаржылық архитектураның жаңа концепциясын жасаудың міндетін алға қойды» деді.

Сбербанктің қадағалау кеңесінде бәрін қосқанда 4 тәуелсіз директор болады. Онда Қайрат Келімбетовтен басқа, Ресей экономикалық мектебінің ректоры Сергей Гуриев, Халық шаруашылығы академиясының ректоры Владимир Мау, McKinsey консалтингтік компаниясының құрметті аға серіктесі Раджат Кумар Гупта бар. Соңғысы, McKinsey компаниясының құрметті аға серіктесі ғана емес, сонымен қатар, БҰҰ Бас хатшысының осы ұйымды реформалау жөніндегі арнайы кеңесшісі, Goldman Sachs инвестициялық банкі тәуелсіз директоры және «Сколково» Мәскеу мектебінің халықаралық қамқоршылар кеңесіне де кіреді.
Кеңеске, Сбербанктің негізгі акционері болған РФ Орталық Банкі (акциясының 60 пайызы) мемлекеттің 11 өкілі, банктің екі менеджері- Басқарма Төрағасы Герман Греф пен оның орынбасары Белла Златкис те кірген.
Сбербанк Қадағалау кеңесінің құрамына кірген мемлекет өкілдері ретінде төмендегі тізімді айтуға болады: виц-премьер, РФ қаржы министрі Алексей Кудрин, РФ экономикалық даму министрлігінің басшысы Эльвира Набиуллина, РФ Президентінің көмекшісі Аркадий Дворкович, РФ Үкіметі қаржы және экономикалық департаментінің директоры Андрей Белоусов, Қаржы министрлігі департаментінің директоры Алексей Саватюгин.
Мұнан өзге, сайланған кеңестегі мемлекет өкілдерінің алтауы Ресей Банкінен: Төраға Сергей Игнатьев және оның бірінші орынбасарлары Алексей Улюкаев пен Георгий Лунтовский, экономикалық жиынтық департаментінің директоры Надежда Иванова, бас аудитор Валерий Ткаченко және Мәскеу аймақтық бас басқармасының бастығы Константин Шор бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322