Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5699 23 пікір 4 Қаңтар, 2021 сағат 15:22

КСРО қайта құрыла ма?

Ресей депутаттары бірінен кейін бірі Қазақстанмен байланысты территориялық мәселенің шетін шығара бастады.

Кеше В.Мироновтың тағы бір сандырағын тыңдап таң қалдым. Ол КСРО-ны емес, Ресей империясын айтып отыр екен. Тыңдай келе, оның ойы КСРО сияқты жаңа одақ құру емес, 21-ғасырда «Тәуелсіз Қазақстанның өз еркімен Ресей империясына қайта қосылуы»  туралы мәселені көтеріп отырғаны анық байқалды.

В.Миронов өзінің «Ресейге қосу» туралы сандырақ әңгімесінде Өзбекстан, Грузия, Прибалтика елдері туралы сөз қозғаудан мейлінше қашқақтап, мәселені тек Қазақстанға қарай бұрумен болды...

Әрине, оның «аргументі» оның шаласауатты біліміне сай «КСРО заңына сүйенетіндіктен», ол бұл заңның күші бұрынғы барлық Одақтас Республикаларға да қатысты  «қолданылатынын» ашық айтуы керек еді. Бірақ оған оның жүрегі дауаламады.

Сол арқылы ол «Ресей әзірге тек Қазақстанға ғана әлімжеттік жасауға қауқарлы»  деген ойды айтты десе болады...

Неге? Өкінішті жері де осы Қазақстан БҰҰ құрамындағы, Халықаралық келісімшарттарға қолы қойылған, Ресеймен шегарасы мойындалған, тіптен, Ресеймен кепілдікке отырған және Еуразиялық экономикалық одаққа, Кедендік одаққа еніп кеткен ел емес пе еді?

Ендеше, Өз басына тағы бір агрессор деген жаман атақты ілу Ресейге не үшін қажет? деген сұрақ туатыны заңды..

Енді ол Ресейдің өзінің «бас ауруы» деп қоялық та, біз оның себебін өзімізден іздеп көрейік...

Сонда, оның ең басты себебі ретінде олигархия мәселесі алға шығады екен...

Әлемде Қоғам мен мемлекеттердің даму заңдылықтары туралы небір теориялар бар. Олардың көбі тарихи тұрғыда дәлелденіп, қазір классикалық теория ретінде мойындалған. Соның бірі - Олигархиялық мемлекет.

Оның басты белгілерінің бірі - Олигархиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттің қауіпсіздігінің өте төмен болуы.

Себебі, мұндайда Олигархия мен Мемлекеттік даму арасында ортақ мақсат болмайды.

Халықтық мемлекеттің мақсаты - өзін өзі нығайту болса, Олигархиялық мемлекеттің мақсаты - мемлекетті олигархия мақсатына бағындыру.

Әрине, бұл олигархиялық мақсатта да "мемлекетті нығайту" түсінігі бар. Бірақ ол "мемлекетті байлық көзі ретінде қолдану" бағытында ғана жүзеге асады.

Сондықтан, нақты бір жағдайларда олигархиялық жүйе "мемлекеттік қорғанысты" өздерінің жеке мүдделеріне айырбастап жіберу қаупі жоғары болады.

Егер бұл жағдай мемлекетте орнықса, онда оған қарсы сыртқы күштер ашықтан ашық бой көтере бастайды...

Мұндай тәсілді АҚШ 20-шы ғасыр бойы әлемде нәтижелі қолданды...

Ол туралы "Исповедь экономического убийцы" атты кітапта жақсы баяндалған...

Енді міне, Ресей кеш те болса, осы тәсілді көршісіне қолданғысы келетінін көрсетті...

Ол мүмкін, біздегі Ұлттық (мемлекеттік) мүдде бағытының әлсірегенінің белгісі болар бәлкім?

Сіздер қалай ойлайсыздар?

Әбдірашит Бәкірдің жазбасы

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371