Сенбі, 23 Қараша 2024
3358 3 пікір 8 Қаңтар, 2021 сағат 13:29

Қазақстан тәжік студенттерін оқудан шығаруы мүмкін

Алматы қаласындағы Санжар Аспандияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетіндегі тәжік студенттерін интернатурада оқу ақысын төлеуге міндеттеді. Әйтпесе оларды оқудан шығарады.

Алтыншы курс студенті Мехвар Халиловтың Озоди радиосына хабарлауынша, университеттегі 15 тәжікстандықтың бәрі Қазақстан мемлекеттік білім грантымен оқып жүрген.

«Ректоратта бізге оқу ақысын қаңтардың ортасына дейін төлеуді талап етті. Бұның алдында универ басшылығы Қазақстанның денсаулық министрлігінен осы мәселені шешіп беруін сұраған. Бірақ мекемедегілер бір-біріне сілтеген. Уақыт аз қалды. Бізді оқудан шығаруы мүмкін», - дейді студент Халилов.

Оның айтуынша, тәжік студенттері 2015 жылы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы білім келісімі негізінде университетке түскен.

«Үкіметаралық келісімге сәйкес, интернатура мен ординатурада өте жақсы оқитын шетел студенттері ғана оқуын жалғастыра алады. Біз қазақстандық әріптестерімізге өте жақсы оқитын тәжік студенттеріне интернатурада оқуға рұқсат беруін сұрадық», - деді Тәжікстан білім министрлігінің өкілі.

Қазақстанның білім министрлігі шетел студенттерін интернатурада оқытуға бюджеттен қаражат қарастырылмағанын хабарлаған.

Тәжікстан үкіметінің мәліметі бойынша, 30 мыңға жуық тәжікстандық шетелдегі оқу орындарында білім алып жүр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387