Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3624 0 пікір 5 Наурыз, 2012 сағат 07:34

Абай мұражайы - жолкөрсеткіш

Абай мұражайында соңғы уақытта 21 ғылыми - зерттеу басылым жарық көрді. Оның ішінде «Абай мұражайының кітапханасы» сериясымен басылған «Абай мұражайы қорының сипаттамасы» кітабының орны ерекше. Көлемі 300 беттік бұл кітаптың шығуы - мұражай тарихындағы елеулі құбылыс. Жетпіс жылдық тарихы бар мұражайымыздың қорында сақтаулы құнды жазба жәдігерлердің сипаттамасы алғаш рет кітап болып басылып отыр.

Бағасын білген адамға кітапта жүйелі түрде тізілген жәдігерлерге берілген сипаттамалар асыл қазынаға тең. Мұражайға келген ізденуші, зерттеуші қауым өз іздегендерін осы уақытқа дейін мұражай қорынан таба білді десек артық айтпаспыз. Себебі, басқа мұрағат, мұражайларда жоқ жазбалар, кітаптар біздің қорымыздан табылып, зерттеушілер қуанған сәттер аз емес.

1940 жылы Семей қаласында Абай мұражайын ашу туралы арнайы қаулы шыққаннан бастап ұлы ақынға қатысы бар экспонаттар жинау жұмысы қолға алынды. Абай туыстарының, ұрпақтарының қолындағы заттар мұражайға келіп түсе бастады. Заттық жәдігерлермен қатар сол кезде көзі тірі Абайдың замандастары, ұрпақтарынан бар білген естеліктерін, шығармаларын жинау жұмысын Абайдың немере інісі Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов бастаған болатын. Ол елден жинаған естеліктер, шығармалар қолжазбалары бір төбе болса, өзінің естеліктері де қазіргі күнде құнды жәдігерлер қатарында.

Ұлы ақынға қатысы бар әрбір затты жинап, сақтап, ұрпақтарға жеткізу мақсатын алға қойған асыл азаматтарымыз аз емес еді. Әрхам Ысқақовпен қатар Қайым Мұхамедханов, Ахат Құдайбердиев, Мұздыбай Бейсенбаев сынды ағаларымыз мұражай қорына Абайға және оның туыстық, өнер айналасына қатысты деректерді жинауға үлкен үлес қосқанын айта кету дұрыс деп ойлаймыз.

Көптеген жылдар бойы жиналған мұражайдың қолжазбалар қорында 800 - ден аса дерек көзі сақтаулы. Біз үшін Абайға, оның заманына қатысты әрбір дерек өте қымбат, баға жетпес асыл қазына болып табылады. Соның ішінде: Абайдың ұлы Мағауияға хаты; Абайдың өз ұрпақтары мен туыс-жақындарының, замандастарының қолжазба естеліктері, шығармаларының қолжазбалары; Абайдың ақын-шәкірттеріне қатысты деректер, олардың шығармалары, Ақылбайдың «Зұлыс», «Дағыстан» атты поэмалары, Мағауияның «Медғат -Қасым» шығармаларының қолжазбалары; Абайдың шәкірті, досы Көкбай Жанатайұлының өз қолжазбасы сияқты құнды дүниелер бар.

Кітапта қорда сақтаулы әр қолжазба туралы қысқаша сипаттама (авторы, жазу түрі, көлемі) берілген.

Қазақстан кітапханаларынан ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы  қазақ тіліндегі басылымдарды , газет-журналдарды табу өте қиын.

Ал, Абай мұражайында қазіргі таңда араб графикасымен басылған қазақ кітаптарының саны 500-ден асады. Оның жартысы ұлы ақын оқыған медресенің шатырынан табылған араб, түрік, шағатай, парсы тілдеріндегі кітаптар, оқулықтар, журналдар. Медресе кітаптарының қысқаша сипаттамасы аталған кітапта жеке бөлімде берілген.

Абай мұражайының қорында түпнұсқа болмаса да, соған бергісіз қазақ кітаптарының, мерзімді басылымдардың Мәскеу, Ленинград, Қазан кітапханаларынан әкелінген көшірмелері сақтаулы. «Айқап» журналының 1911-1915 жылдар аралығында шыққан барлық 88 номері, «Таң» журналының, «Қазақ тілі», «Сана», «Шолпан», «Сәуле» басылымдарының бірнеше номерлері бар. Бұл журналдарда не басылғаны жайлы дерек алу мақсатында мазмұндары қазіргі әріпке аударылған болатын. Аталған журналдардың мазмұндарының тізбесі кітапта жеке берілген. ХІХ-ХХ ғасырдың басында жарық көрген, қазіргі уақытта сирек кездесетін қазақ кітаптарының көшірмелерінің тізбесі де жасалған.

Мұражайдың кітап қорында орыс тіліндегі ескі басылымдар саны 1500- ден асады. Олардың ішінде: сирек кездесетін энциклопедиялар, орыс классиктері: Пушкин, Лермонтов, Салтыков-Щедрин, Толстой шығармалары, Батыс Европа авторларының кітаптары да бар. Орыс тіліндегі кітаптар, қолжазбалар тізбесі жеке жасалған.

Мұражай қызметкерлерінің арнайы іссапарларының нәтижесінде қор құрамына Москва, Ленинград, Омбы, Том, Қазан, Қазақстан мұрағаттарынан табылған Өскенбай, Құнанбай, Абай, Халиолла, Әбдірахман, Майбасар, Тінібай Кәукенұлы, Шыңғыс Уәлиханов, Абайдың ақын шәкірттеріне қатысты архив деректерінің көшірмелері келіп түскен болатын. Солардың ішінде Құнанбай Өскенбайұлына қатысты архив деректерінің өзі 800 беттен асады. Архив құжаттарының тізбесі - кітаптағы деректер топтамасының соңғысы.

Кітап Абай Құнанбайұлының өмірі мен өнер ортасын тереңдеп тануға қызыққан зерттеушілер мен әдебиеттанушыларға мұражай қорында бар деректер туралы мағлұмат беретін бірден-бір басылым деуге болады.

Оқырман назарына ұсынылған осы кітаптағы деректер тізбелері, сипаттамалары болашақта көптеген зерттеулерге негіз болады деген сенімдеміз.

М.С.Қайрамбаева

Абай мұражайының бас қор сақтаушысы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366