Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2792 0 пікір 13 Наурыз, 2012 сағат 08:24

Мұғалім соққыға жығылады. Министр араша түспейді. Неге?

Алматыдағы №151 мектепте биология пәнінен сабақ беретін Асхан мұғалімнің аянышты тағыдыры алдымен masa.kz интернет газетінде жарық көріп, артынан (http://www.masa.kz/article/view/id/3127) БАҚ біткеннің біразында жария болды. Оқырман үшін оқиғаны  қысқаша  баяндап берейік.

Аталған мектепте қызмет жасай бастағанына жыл толмаған жас мұғалім сабақ үстінде партаға екпеттеп жатып алған Сәлима есімді оқушысына ескерту жасайды. Мұғалімнің ескертуіне ерегескен Сәлима сынып бөлмесінен тұлданып шығып кетеді. Сол кеткеннен тоқтамай екі ағасы мен анасын ертіп әкеліп айтып түсіндіруге үлгертпей Асханға жұдырық жұмсатады. Құлақ шекесінен қатты соққы алып құлап түскен Асханды әріптестері келіп қалып арашалайды. Міне, масқара! Тұрмысы жадау, жалақыға ғана жан баға алатын, қоғамның барлық езгісіне төзіп, білім саласынан қол үзбейтін мұғалім үшін бұдан асқан қорлық болады ма? «Сол кезде, - дейді masa.kz интернет газетіне сұхбат берген Асхан ызаға булығып, - мұғалім мамандығын таңдағаныма қатты күйіндім. «Өмірдің жақсы жағын көретін мамандықты ал. Ол мамандық - ұстаздық» деп мені осы жолға бағыттаған әкеме де ренжідім. Бірақ, артынан сабама түстім».

Алматыдағы №151 мектепте биология пәнінен сабақ беретін Асхан мұғалімнің аянышты тағыдыры алдымен masa.kz интернет газетінде жарық көріп, артынан (http://www.masa.kz/article/view/id/3127) БАҚ біткеннің біразында жария болды. Оқырман үшін оқиғаны  қысқаша  баяндап берейік.

Аталған мектепте қызмет жасай бастағанына жыл толмаған жас мұғалім сабақ үстінде партаға екпеттеп жатып алған Сәлима есімді оқушысына ескерту жасайды. Мұғалімнің ескертуіне ерегескен Сәлима сынып бөлмесінен тұлданып шығып кетеді. Сол кеткеннен тоқтамай екі ағасы мен анасын ертіп әкеліп айтып түсіндіруге үлгертпей Асханға жұдырық жұмсатады. Құлақ шекесінен қатты соққы алып құлап түскен Асханды әріптестері келіп қалып арашалайды. Міне, масқара! Тұрмысы жадау, жалақыға ғана жан баға алатын, қоғамның барлық езгісіне төзіп, білім саласынан қол үзбейтін мұғалім үшін бұдан асқан қорлық болады ма? «Сол кезде, - дейді masa.kz интернет газетіне сұхбат берген Асхан ызаға булығып, - мұғалім мамандығын таңдағаныма қатты күйіндім. «Өмірдің жақсы жағын көретін мамандықты ал. Ол мамандық - ұстаздық» деп мені осы жолға бағыттаған әкеме де ренжідім. Бірақ, артынан сабама түстім».

Осыдан кейін Асхан Алатау аудандық ішкіістер басқарамсына барады. Ондағылар «өзара келісіп, арызыңды қайтып ал», - деп насихат соғып, екіжақты бітістірмек болады. Алайда, Асхан әлгіндей бітімнен бас тартады.

- Бүгін мектепке келіп мені біреулер басынып қол жұмсаса, ертең менің әріптесімнің бірі бұдан да өткен сорақылықты көретін шығар, сондықтан мектепке келіп оқушыларының көзінше мұғалімді қорлаған бұзақылардың ісін біржақты етпей тынбаймын - дейді ол не нәрсеге де тәуекел етіп бекінген бетін аңғартып.

Кеше ғана әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология факультеті бойынша педагогтік мамандық иеленген Асхан Шәметовтің өмірде «асқандардан» көрген алғашқы ащы сабағы осы болды. Ал, асхандарды алда қандай тағдыр күтіп тұр екен? Нақты бірдеңе дей қою қиын. Өйткені мұғалім бізде кім көрінген саусағын шығарып, мазақ етіп кететін мамандыққа айналып бітті. Таңның атысы, кештің батысы бала-шағасын ұмытып, салпылдап мектепте жүретін мұғалім байқұстың қадырын ұғатын ешкім қалмай барады біздің қоғамда. Сайлаудың қандай түрі болса да әкім-қаралар мұғалімді айдап салып қарап отырады. Қалалар мен ауылдарда әлдеқандай бір мереке-жиын өте қалса, екі өкпесін қолына алып мұғалім барады. Арық тазалап, көше тәртіпсізідігімен де күресетін - мұғалім. Мұғалім үшін бәрі керек, мұғалім, бірақ ешкімге керек емес.

Еліміздегі білім беру туралы заңда мұғалім мәртебесі анықталмаған. Ал, бұл жайтты бірде-бір министр қаперге алған емес. Келді, кетті. Шетінен реформамен айналысқан болады. Бітті шаруа. Осы күні ойлап отырсақ, Білім және ғылым министрлерінің бастаған ісі аяғына дейін жетпеген екен. Бұл  нені көрсетеді? Бұл - аталған салаға ыңғай бейсауат, көлденең адамдардың келетінін көрсетеді. Мұғалім мәртебесі мен білімнің мәртебесін алдымен ойламаған экс-министрлердің қыруар қаржыны текке рәсуа етіп кеткен істерінен «жаны ашымастың қасында басың ауырмасынның» нәумездігін ғана аңғарамыз. Бұған дәлел келтіріп, дәйек іздеп жатудың қажеті шамалы шығар...

Асханның жайына оралайық. Міне, аптадан асты Асхан мұғалімнің таяққа жығылғанын жұрттың бәрі естіп, көріп үлгерді. Естіген жұрттың Асханға жаны ашымағаны, мектепке келіп басбұзарлық жасаған содырлардың ісіне ашуланбағаны кемде-кем. Бірақ біздің қазіргі Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мырза үнсіз. Бейне ешнәрсе болмағандай, өзінің бұл жайтқа еш қатысы жоқтай тырс етіп тіл қатпай отыр. Әлде ол да мұғалімнің ескертуіне, талап етуіне екіленіп қарсы шыққан оқушы қыз бен оның жуан жұдырықты ағаларының жағында ма?!. Ондай болса, оқытушысының үстінен шағым айтып келген баласының тіліне еріп ата-ана біткен мұғалім көрсе, қуып жүріп сабасын! Біз үшін енді сорақылықтың сондай түрі қалып  еді. Жә, тіпті, жас оқытушы тәжірибесіздігінің салдарынан оқушысына жекіп жіберді делік, сол үшін де ол соққыға жығылуы керек пе еді? Сұрақ көп, жауап жоқ. Мәселеге бірінші болып үн қатуға тиіс, мұғалімнің қақын заң орындарынан сұрап, талап етуге міндетті министр Жұмағұлов жақ ашпады. Бәлкім, күл болмаса, бүл болсын деп отырған шығар? Ол да мүмкін. Өйткені, бұл саланы басқаруға келген адам нақты істен гөрі шолақ өзендей басы бар да аяғы жоқ реформалармен шұғылданғанды жөн көреді. Неге бұлай десек - оның өзіндік себебі бар екен. Мысалы, Түймебаев деген экс-министр тарих оқулығын орыстармен бірге жазайық деп бүлік бастап кетіп еді, Жұмағұлов мектеп оқушыларының маусым аралығындағы каникулдарына өзгеріс енгізбек болып «төтенше ерлікке» елігіп жүр. Ал, әлгіндей реформалардың тасасында миллиондар, миллиардтар игерілмей қалады екен.  Сонымен сөздің қысқасы, жеңіліс дегенді білмейтін біздегі жемқорлық жайлаған мекенннің бірі білдей Білім және ғылым министрлігі болып жатыр. Таяуда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде ден­сау­лық сақтау саласындағы жоспарланған құрылыс нысан­дары­ның жартысына жуығы пайдалануға берілмей қалғанын айтып, салалық министрлікке ескерту жасаған еді.  Артынша былықтың «батпан құйрығы» Білім және ғылым министрлігінен табыла кетті. Жемқорлықпен күрес жөнін­дегі республикалық қоғамдық ке­ңестің төрағасы, сенатор Оралбай Әбдікә­рімов бастап өткізген жиында анық болған мына фактілерге назар салсаңыз мәселенің мән-жайына қаныға түсесіз.

... Еліміздің энерге­ти­калық аймағы Екібастұзда жеті жүз орындық оқу орталығының құры­лы­сы басталғалы бері төр­тінші жылға аяқ басыпты. Білім және ғылым министрлігіндегі департамент ди­ректоры Қадырбек Бөрі­бе­ков­­тің сөзіне сенсек, қа­зір құры­лыс­тың 85 пайызы аяқталып, қалған жұ­мыстар да қарқынды жүріп жа­тыр екен. Алайда, аумағы ат шаптырым жерде әлгі құрылыстың қаңқасы ғана тұр. Жалпы орталықтың құрылы­сы­на бөлінген 4,5 млрд. теңгенің 3 млрд. теңгесі игеріліпті! Қалғаны «ішің білсін, Алуа-айда» сияқты.

... Машина жасау саласының мамандарын дайындауда бірегей ор­та­лық болады деп салынған Өске­мен­дегі нысан туралы айтсақ, нанбайсыз. Өйткені,  Өскемендегі нысан­ның бірінші қабаты ғана салынған.   Ал Шығыс Қа­зақ­стан облыстық білім басқарма­сы­ның бастығы М.Ахме­това­ның қолы қойылып БАҚ өкілдеріне берген мәліметіне сүйенсек, №1, №2, №3 оқу корпуста­рының жұмыстары тү­гел­дей дер­лік 100 пайызға атқа­рылып қойыпты. Тіпті, жатақхана, 300 орын­дық асхана, акт залы, спорт залы, көліктерге арнал­ған гараж, су құбыры стансасы бәрі де сол 100 пайыздың ішінде кетіпті. Қағазсыз құрылыстың шынай келбеті болса:  жуан діңгектерге жалпағынан жабысқан, мықты бетондар. Одан өзге еш­теңе жоқ.

... Шымкентте бой көтеруге тиіс қайта өңдеу саласының мамандарын оқыта­тын орталықтың орны енді ғана тегістеліп жатыр. Яғни, осыдан 6 жыл бұрын құрылысы басталып ендіге ел игілігіне жарауға қажетті нысанның қарасы да қалқаймаған. Естеріңізге сала кетейік, аталған нысандар Президент Н.Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында   экономикалық және қоғамдық модернизациялардың талабына сай білім беру жүйесі қажет екенін қадап айтқан соң Білім және ғылым министрлігінің тарапынан қолға алынып, еліміздің төрт аймағында өңіраралық өндіріс орындарына қажетті кәсіптік-техникалық мамандар дайындау бағдарламасы түзілген-ді. Сөйтсек, бізде кәсіптік-техникалық мамандар дайындайтын оқу базалары бұрыннан бар болып шықты.

Жемқорлықпен күрес жөнін­дегі республикалық қоғамдық ке­ңестің   отырысына қа­тысқан Бас проку­ро­рдың орынбасары Асқар Се­кі­шев Шығыс Қазақстан облысында 32 мемлекеттік кәсіби-техникалық ли­цей бар екенін, ол лицейлер 14 124 шәкірт оқыта алатынын, бүгінгі таңда аталған оқу орындарында 9 708 шәкірт ғана тәлім алып жатқанын жайып салды. Демек, ШҚО-дағы кәсіптік-техникалық лицейлерде  4 416 оқу­шының орны бос тұр деген сөз. Дәл сол сияқты Павлодар облысында 25 мемлекеттік кәсіби-тех­никалық лицей болса, онда 6 860 шәкірт оқып жатыр. Бұнда да 1 194 оқушы жетіспейді.

Мамандарды қайта даярлайтын оқу орындары бола тұра ақшаны желге шашып, құрылыс нысандарын тұрғызу кімге, не үшін керек бола қалды екен?

Қоғамдық кеңестің отырысында бұл сұраққа ешкім де жауап берген жоқ. Жауап беруге жанын салған Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Б. Әбдірәсіловтың уәждері нанымсыз болып шықты. Нанымсыз болатын себебі - мәселе министр Жұмағұловтың іскерлігіне барып тіреледі ғой. Жә, жоғарыда біз тізіп берген қаржы-қаражат бұрынғы министрлер Әйтімова мен  Түймебаевтың кезінде басталып игерілмей қалған екен. Енді сол басталған жұмыстарды жалғастыру, қатесі болса түзеп, баспасөздің орынды сыны мен ұсынысына сергек қарап, аталған саланың жамбастап жатқан шаруасын қолға алу - бүгінгі министрдің жауапкершілігіне жүктелген нәрсе емес пе? Әлде бізде алдыңғы басшының жұмысын көзге ілмеу, көзге ілу былай тұрсын жоққа шығару немесе жылы жауып қоя салу - дәстүр ме? Солай сияқты. Ғылымда тәп-тәуір беделі бар, Елбасы сенім артып тағайындаған Білім министрі Бақытжан Тұрсынұлының қазір бар-жоғы білінбей, билік дәлізінде қалыптасқан дәстүрге мойынұсынып қалғаны ішті ашытады. Еліміздің бас педагогы атанған ол Асхан мұғалімнің соққыға жығылғанына да елең етпеді. Осыдан кейін мұғалімнің еңбегін бағалап, керек етпей отырған қоғамға Б. Жұмағұловтай бас педагог керек пе деп мәселені қабырғасынан қоюға тура келеді екен.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420