Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2612 0 пікір 14 Наурыз, 2012 сағат 09:48

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ. Бурабайдың көз жасын кім құрғатады?

Сексен көлі мөлдіреп, Бура­байдай сұлу өлкесімен ақын-жазушылардың ақық өлеңдеріне арқау болған ару табиғаттың бүгінгі жай-күйі көкірегі ояу жандарға ой салып, толғандырмай қоймайды. Өйткені кербездігі мен сән-салтанаты байлықтың ордасына айналса да, оны бағалау, тазалығы мен экологиялық мәселесін шешу жайы көңілді көншітпейді.

Тиыннан теңге құрап, бір ақшасын екі етпек болған қалталылар туристік кластердің көмегімен миллиондаған доллар пайда тапса да, түбіне түскен түйір ине де көрінетін көлі мен тұмса табиғатының жағдайына еш елеңдер емес. Жыл сайын миллиондап оталып жатқан ағаштар, сол ағашта тірлік кешкен аң-құс пен өсімдіктер дүниесінің орнына тұрғызылып жатқан виллалар мен коттедж үйлер, сауықханалар мен казинолар, көңіл көтеру орындарынан түскен сома алпауыт компаниялардың қалтасына сүңгіп жатыр. Бурабайдай сұлу өлкені тек ақшаның көзі деп қараған бұл адамдар оның экологиясы мен тазалығын мүлдем естен шығарып алған сыңайлы.

Бұған Бурабайға барып дем алған әрбір адам куә болып жатыр десек те қателеспеген болар едік. Қаражаты көбейген сайын қалталары да тереңдей түсетін алпауыт компаниялардың құрығы ұзын биліктен де еш сескенетін түрлері жоқ. Өйткені салы­ғын төлеп, заңға қарсы әрекет етпегендіктен «құда да тыныш, құдағи да тыныш». Жалпы, Бурабайдан мемлекеттің бюджетінің қоржынына қанша қаражат түседі? Осы мәселелерді ой елегінен өткізген біз тиісті мекемелердің табалдырығын аттап, лауазымды тұлғалардың пікірін білуді ұйғардық.

Шынарбек БАТЫРХАНОВ, Ақмола облысының туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары:

- Расында да, Бурабайдай жер жаннатының бүгінгі халі өкінішке қарай алаңдатарлық-ақ. Өйткені оның экологиялық жағдайын оңалтуға бөлінетін қа­ражат деңгейі Бурабайдың жанарынан аққан жасты құрғатуға да  жетпейді. Салыстыра келетін болсақ, спорт саласына бөлінетін қаражат жылына 2 миллиард теңге шамасында болса, ал миллиондап пайда тауып отырған Бурабайға бөлінетін бюджет шығыны жы­лына 15-20 миллион теңгені ғана құ­райды. Ал одан түсетін салық мөл­ше­рін қарасақ, 2005 жылдары 100 мың теңгеден астам салық түссе, 2011 жыл­дың қорытындысымен жарты миллиард теңге бюджеттің бүйірінен орын тепті.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында ерекше аталып өтетін туризм саласын дамыту мен туризм кластерін оңтайландыру мәселелері аз жазылып, аз жырланып жатпағанын ескерсек, экономикамыздың толағай табыстарын мұнай­дан бірнеше есе молынан алуға мүмкіндігі бар жерді бағаламай отырғанымыз өкінішті-ақ. Қалай десек те, бұл өлкенің экологиялық жағдайы мен көлдің тазалығын қалыпқа келтіру өте күрделі, күрмеуі қиын мәселе болып отырған жайы бар.

Басқарма мамандарының берген мәліметтеріне сүйенсек, жыл сайын жаз айларының өзінде ғана Бурабайда 500 мыңнан астам адам дем алатын көрінеді. Ал бір жылда ол бір миллионға жуықтап қалады. Келетін «қонақтардың» 30 пайыздан ас­тамы солтүстіктегі көршіміз ресейліктер болса, негізінен, өзіміздің еліміздің азаматтары, сондай-ақ 5-6 пайызы ТМД мен шетелдерден келетін көрінеді.

Құмына аунап, суына шомылғанымен, қазақтың жауһар табиғатының тазалығын олар қайтсін?! Қалдық заттары шашылып, тынысыңды ашатын жұпар ауаны ластап жатқаны жаныңды ауыртады. Бұл - тек ақмолалық ағайынның емес, тұтас елімізді, Үкіметті алаңдататын елеулі мәселе десек те қателеспейміз. Олай дейтініміз - кезінде бар қазақтың басын қосқан Ұлы Абылай ханның өзіне тұрақ болған Бурабайда тарихи орындар да жетіп артылады.

Кенесары үңгіріндегі келеңсіздік

Тарихи орындарды тізбелемей-ақ, соның ішіндегі бір аталмай, көлеңкеде қалған жайды жапсарлай кетсек артық болмас. Кезінде қазақтың тәуелсіздігі үшін ақ патшаның өзімен арпалысқан соңғы ханымыз - Кенесары ханның үңгірі тарихи орын. Алайда оның қазіргі ұсқыны мүлде басқаша болып отыр. Болашақ ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, патриоттық-ұлтжандылық бағытта мол тәлім-тәрбие беруге тиіс тарихи орын бүгіндері «ащы суды» серік еткен жандардың ордасына айналған.

Үңгірдің ішін паналаған бұзақылар үң­гірге аты-жөндерін қашап жазып, оны­мен қоймай іші-сыртын арақ пен сыраның шыныларына толтырып тастаған. Көңілге кірбің түсіретін бұл жайт билік орындарына ой салуы тиіс. Аудан орталығы Щучинск қа­ласында орналасқан Ш.Уәлиханов атын­дағы кадет жастарын, тіпті оқушы бала­ларды осы тарихи орындарға апарып, шежіреден сыр шертетін орын­дардың мән-маңызымен таныстырсақ олардың бойында патриоттық, отансүйгіштік қа­сиет­тер оянбай ма? Әрине, дұрыс дейсіз.  Бірақ, бір қарағанда, онша-мұнша маңызды деп қаралмағанымен, түптеп келгенде, тұтас ұрпақ  үшін мәні жоғары мәселе еш ескерусіз қалған.

Оймақтай ой

Жалпы, осы туризм саласы арқылы батыстағы Испания, Италия, Норвегия сияқты дамыған елдер өздерінің  бюджетінің 50 пайыздан аста­мын алып отырғаны  шындық. Түбі бір түріктер де Анталиясының атын әлемге паш етті. Ондағы экологиялық жай біздегілерге елестемейтін де шығар. Ойланайықшы, біз­дің олардан қай жеріміз кем?!.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Көкшетау

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420