Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3099 0 пікір 1 Шілде, 2009 сағат 20:47

Шығыс Қазақстанда жалақы бойынша қарыз өсіп барады, төлемеушілердің дені өнеркәсіп кәсіпорындары мен құрылыс ұйымдары

Өскемен. 1 шілде. ҚазТАГ – ШҚО кәсіпорындарының өз жұмыскерлерінің алдындағы жалақы бойынша қарызы жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда 22 пайызға өсті. Бұл туралы Шығыс Қазақстанның статистика жөніндегі облыстық басқармасы хабарлады.

Биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, ШҚО- ның орта және ірі кәсіпорындары төлемеген жалақының жалпы сомасы шамамен 522 млн теңгені құрады. Берешегі бар 51 кәсіпорынның ішінде жалақы бойынша көп қарыз (78%) өнеркәсіп кәсіпорындары мен құрылыс ұйымдарының үлесінде. 19 кәсіпорын жалақыны 3 айға, 23- 2 айға кешіктіріп отыр. Ағымдағы қарыздардың жалпы көлемінде мерзімі өткен жалақы 11% құрады.

«Оң құбылыс та бар. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, қарызы бар кәсіпорындардың саны азайды. Дегенмен, мәселе өткір күйі қалып отыр. Және жинақталған қарыздардың басты себебі – кәсіпорындардың қаржылық жағдайының нашарлауы, өз қаржысының жетіспеуі, өндіріс көлемінің төмендеуі, жеткізушілер арасындағы есептерде теңдестіктің жоқтығы, несие алудың қиындығы», - дейді статистика басқармасындағылар.

0 пікір