Қажығұмар Шабданұлы. Қылмыс (жалғасы)
V
Дәмешті "ұрлап жоғалтқан" Нұрасылдың соңынан түйілген жұдырық жуандай түсті. Оның қасына сол кезде ілескен Биғазы өздерінің аздықтарын айтып, ыза болып қайтып жүрді. Құрышбек көбінесе әркімнің үйін салып, кәң, пештерін жасап тіршілік көсібімен кетеді, басқа достары да басқа-басқа жақта жүретін кәсіпқорлар, Нұрасылдың өзіне тетелес інісі, бай есігінде жалшы, басқа інілері өлі бүғанасы қатпаған жас оқушы еді; Сөйтіп, тірегі әлсіз тірі азаматтың тіршілігінің өзі зор қылмыс болғандай, қысымға ұшырап, өрісі тарая түсті. Көзін аларта өтіп, иығымен қаға-соға кететін соқтықпалы бір топ қиянпұрыс жолын кес-кестеп, Нұрасылды неше рет тосқан екен. Өзінің жолында құтырған ит тұрса да қаймықпай өтуді
сүйетін Нұрасыл бұл бітеу жараға кездесуде шипа айтып, әділетті естеріне сала өтпекші болыпты:
- Көкеңнің үйреткен бұл кәсібі сіздерге тым алал кәсіп емес-ау, жігіттер, біз өзара әй-шәй десіп көрмеген адамдармыз ғой! - деп күлімсірей келіпті. Бұл сөзге үн де қатпай, жол да бермей, көлегейлеп тоса тұрып алған біреуін қолының сыртымен сырып қана өте берген екен, шекесіне бір жұдырық шақ ете түсіпті.
- Шырағым, мынауың шының ба, қалжың ба? - деп қарай бергенде, жұдырыққа жасырынған тастың бірнешеуі қатар келіп тиіпті:
- Өзің неге қағасың?
- Қаймана тұрған адамды неге ұрасың?
- Шын болғанда қайтпек едің?..
V
Дәмешті "ұрлап жоғалтқан" Нұрасылдың соңынан түйілген жұдырық жуандай түсті. Оның қасына сол кезде ілескен Биғазы өздерінің аздықтарын айтып, ыза болып қайтып жүрді. Құрышбек көбінесе әркімнің үйін салып, кәң, пештерін жасап тіршілік көсібімен кетеді, басқа достары да басқа-басқа жақта жүретін кәсіпқорлар, Нұрасылдың өзіне тетелес інісі, бай есігінде жалшы, басқа інілері өлі бүғанасы қатпаған жас оқушы еді; Сөйтіп, тірегі әлсіз тірі азаматтың тіршілігінің өзі зор қылмыс болғандай, қысымға ұшырап, өрісі тарая түсті. Көзін аларта өтіп, иығымен қаға-соға кететін соқтықпалы бір топ қиянпұрыс жолын кес-кестеп, Нұрасылды неше рет тосқан екен. Өзінің жолында құтырған ит тұрса да қаймықпай өтуді
сүйетін Нұрасыл бұл бітеу жараға кездесуде шипа айтып, әділетті естеріне сала өтпекші болыпты:
- Көкеңнің үйреткен бұл кәсібі сіздерге тым алал кәсіп емес-ау, жігіттер, біз өзара әй-шәй десіп көрмеген адамдармыз ғой! - деп күлімсірей келіпті. Бұл сөзге үн де қатпай, жол да бермей, көлегейлеп тоса тұрып алған біреуін қолының сыртымен сырып қана өте берген екен, шекесіне бір жұдырық шақ ете түсіпті.
- Шырағым, мынауың шының ба, қалжың ба? - деп қарай бергенде, жұдырыққа жасырынған тастың бірнешеуі қатар келіп тиіпті:
- Өзің неге қағасың?
- Қаймана тұрған адамды неге ұрасың?
- Шын болғанда қайтпек едің?..
Жарыса шыққан осы сөздерді ести құлаған Нұрасылдың артындағы Биғазы көшедегі халыққа айқай салғанда, жендеттер бет-бетімен жөнеле беріпті. Тападай тал түс, ап-ашық күні көшеде соққыға жығылған Нұрасыл Биғазының демеуімен тұрыпты да, басы-көзі күп болып, сақшы мекемесіне барған екен. Нұрасылдың арызын тыңдамай, мына сиқына ғана қараған қара сұры тергеуші сақылдап күліпті келіп.
- Кімің ұлыды? - деп қазақша шала тілмен тікірейе қалыпты сонан соң. Нұрасыл өзін ұрған топтың өзі танитын төрт-бесінің атьш атап, адресіне дейін айтьш берген екен.
- Мақұл, біз сұлайды, қамайды, сен қайтады, - деп басын кекшеңдетіпті.
- Сіз олардың аты мен адресін жазып алмай отырып, қалай тауып сұрайсыз?!
- Болыды, мен біледі, жазады.
- Тақсыр, сіз қазір жазып алып, шақыртыңыз!.. Олардың таспен ұратын осыншалық не себебі бар екен. Менімен беттестіріп тексеріңіз! Мүндай содырлар тергелмесе, жазаланбаса, іс жүзінде өзіңіз содырлыққа көмектесуші болып шығасыз. Біз де бірлесіп жалғыз-жарым жүрген алдамды ұра берсек бола ма?! Арамыздан адам өлуі де мүмкін!
- Адамы өледі шатақ, сені атылады!
- Бәсе, сондай шатақ шықпауы үшін оларды айдатып әкеліп тексеріңіз!.. Қайсынымызда қылмыс болса соны жазалауыңыз шарт!
- Ол көп хасақы, сен бір хасақы, сенікі шатақы болмаса, сені көп хасақы ұлымайды!
- Шатақ кімде болса, тексеріп соны жазаламайсыз ба, кәне!
- Болды, мақұл, елтең тексейледі. Сені қазылы қайтады! - деп тергеуші есікті нұсқапты.
- Сіз қазір сақшылық міндетіңізді орындамай отырсыз. Егер сіз содырларды шектемесеңіз, біз өзіміз өш алып, өзіміз тиюға тиістіміз. Біз де адам жиямыз, біз де ұрамыз. Алдымен қылмыс өткізген адамды тергемегендіктен оларға жауап қайтарған бізді де тергемейсіз, мақұл ма?!
- Бізі тексейіледі, бұл күні қызметі бар. Ертеңі шақылады.
- Мұныңыз мені шығарып салу үшін ғана айтылған сөз, адам ұрушыларды жазып та алмай тұруыңыз - соның дәлелі. Бірақ, біз сізге келіп мәлімдедік, ұмытпаңыз! Еш жазықсыз қаншалық жараланғандығымды көрдіңіз. Ертең бұдан да үлкен шатақ шықса, келмеді, көрмедім деуші болмаңыз!.. - Нұрасыл мен оны сүйемелдеген Биғазы шыға бергенде:
- Лаухаса да хүй ахуай лаухаса, суанл ба![1] - депті сақшы тергеуші екінші үстелде отырған серігіне қарап. Екі тергеуші күлісіп қалыпты да, екі арызшы бір-біріне дағдара қарасып кете беріпті.
Жексенбі күні еді, Нұрасыл соққыға жығылыпты дегенді естіп, жүгіріп барсам, ауыз үйінде кішкене-кішкене бес баласы үркердей ұйлығып, үн-түнсіз отыр екен. Бәрі бесіктегісінің маңайында үдірейісіп-үдірейісіп қалыпты. Бәрінің қабағы қаяулы, есті ересек адамдарша қайғырып отырғандай. Сол көзінің алдында кішкене қана тыртығы бар мүсінді қара торы жеңгеміз сәл сұрғылт тартып ширап алыпты. Шай қайнатып жүр. Қара құрым жыртық киіздің шетінде ғана отырған әжімді қара кемпір:
- Сұмдық-ай, не жазығы бар еді ол иттің балаларына! - деп аузын сылп еткізгенде кірдім мен.
- Жазығы - Дәмешті зорлап, байлап бермегендігі ғана! Бұл байлап беруге ол көнер ме, ел көнер ме! - деп күрсінді жеңгеміз. Теріс қарап күйбендеп жүріп сөйледі де, маған жалт қарады!
- Япырмау, көріп тұрғаным рас па, өтірік пе! Үйінен шықпайтын үндемес қайным да келіпті ғой, жоғары шық! Бағдаржанды іздеп үлкен үйдің терезесін қаққаны болмаса, басқа үйге аттап баспайтын бұл сойылға жығылып қалмаған болса, дәл қазір шашу шашар едім!
Нұрасылдың Бағдарқан атты, маған құрбы інісі төр үйден шыға келіп, менің қолымнан ұстай алды да, өксіп қалды. Менің де көз жасым іркіле қалып еді.
- Үй, жігіттер, жаман ырым бастамандар! - деп қунақылық еткен жеңгеміз де бас жаулығының ұшымен көзін сүрте қойды!
- Қайтсін, бұлардың да қаны қызады ғой! - деп кемпір күрсінді. Бағдарқан төргі үйдің есігін ашты. Ағайлардан Құрышбек бастаған бірнешеуі келіп отыр екен. Бәрі де жер төсегінде жатқан Нұрасылға қарап, соның балпылдай шыққан сөзін тыңдап отыр. Бір тізерлеп отырған Құрышбек менің сәлеміме иек қаға салды да:
- Мұндайға тыйым салатын сақшымыздың сиқы сол болды де! - деп тісін баса түсті. Бет-аузы адам танығысыз, күп болып көгеріп кеткен Нұрасылдың ерні икемге келмесе де құса ширықтырып жатыр екен:
- Іле ұйғырларын "Тараншы ұлты" деп атап, не үшін ұйғырдан басқа санайды десем, бір ұлт халқын бөлшектеп ыдыратуды-ірітуді, сөйтіп, бір-біріне салып қырқыстырып, қырық пышақ етуді көздейді екен ғой!.. Мұны сақшы тергеушісінің қабағынан оқыдым, қазақтың етін қазақ жесе қарық боп қуанатынын көрсетті. "Екі қарға таласса, бір құзғынға жем түседі ғой". Егер сол бұзақыларды жазаласа қазаққа оқыстан ынтымақ орнап қалар деп қорқатын көрінеді.
- "Ұры бүлікке құмар, шыбын шірікке құмар". Төрелердің тірлігі қаралар арасына салған бүлігінде емес пе! - деп Құрышбек түйіндеді оның сөзін. Бұл екеуінен жасырақ Кеңесбай атты кесек денелі қара жігіт сөз аңғарына ызамен қарсы шыққандай болды:
- Сөйтіп, туысқан жауымыз өлтірсе де көнейік, оның қамшысымен шіріп, қанжығасында күн көрейік, жұдырығының астында жидіп, "береке-бірлігінде" өлейік деп отырсыздар ма, қалай?!
- Мұндайда артық ақылдылықтың керегі жоқ! - деп қостады тағы бір жасырағы. - Қанға - қан, жанға - жан, соққыға - соққы! Қандастығын, қазақтығын қой оның!
- Жоқ, біз ессіз-есесіз ынтымақ іздеп отырғанымыз жоқ, шырақтар, - деп Құрышбек орнығып малдасын құрды. - Адам баласы береке-бірлікке кемдікпен емес, теңдікпен қана жете алады. Ынтымақ кеңдікте емес, теңдікте. Бірақ, осыған қайткенде жете аламыз, үлкендермен сөйлесіп көрелік!
- Алдымен аузын қан қылмай тұрып, Кәкімбай теңдік береді екен деме! - деп Кеңесбай кесе түсті сөзді (Дәмешті ұзатып салатын күні келіп, "Кәке" аталған бұзақы осы Кәкімбай екен). - Біреудің қызын байлап бермедің деп осынша өшігер ме! Құреке, Кәкімнің сөзін естіп жүрмін мен: "өлтірмей өшім қайтпайды" депті ол! Біз өлімші етіп, жүрегіне бір тиіп қоймасақ, ол өлтіруден қайтпайтын қансұйық!
- Кеңесжан, біз оларды бірер сапар "өлімші" ете алармыз-ау, не істесек те артын ойлап істейік. Біз - бытырап, несібе іздейтін қырғауылымыз да, ол қырғи жиған қиямпұрыс қой. Ақшасы көптің жоқшысы көп, малы жоқтың қалы жоқ. Біз есе қайтаруды да, дес алуды да осы парқымызбен қосып есептелік, ағаларға айталық!
Бұл ағалардың сөзі осыған тіреле бергенде, олардың ақылдаспақшы болған Ерсұлтан бастап төрт-бес ағасы келіп кірді. Нұрасылдың аядай үйінде табанымыз сыяр жер қалмаған соң, Бағдарқан екеуміз далаға шыға жөнелдік.
- Шіркін-ай, Құрышбек ағаның сөзі-ай, - деп шықты Бағдарқан, - неше күн сөйлесе де кірпік қақпай тыңдар едім!
Қазақтың нағыз зейінді баласына бітетін барлық мінез осы қызыл қоңыр, бүйрек бетті Бағдарқанға тұп-тұтас біткен еді. Ол сыртынан қарағанда моп-момақан, аузың қайсы десе мұрнын көрсететіндей жуас көрінгенмен, іштесе кеткенде ағыны қатты дарынды да, тау бұлағындай сылдыраған сыршыл да екенін осы бірер жылда анық көрсетіп келе жатыр еді. Үздіксіз озат төрт жыл оқып, мен былтыр бітірген алтыншы класқа осы күздің басында түскен болатын. Ішім пыса қалғанда осыны тауып, аз уақыт әңгімелесіп қайтсам, көңілім самал желпіген мамықтай жеңілдеп, көтеріліп қайтатын болғанмын. Құрышбек сөзіне Бағдарқанның өзінің сүйінгеніндей, осы сөзіне мен де сүйініп, момақан жүзіне қарай-қарай шықтым.
- Ағалар ызаға шыдамай, сол шошқалармен түртіседі-ау енді! - деді ол көшеге шыға бере, - ит таласын көргендей сақшылар тағы күлісіп рақаттанады ғой!
- Құрышбек аға соғыспай болмайтын жағдайда ғана соғысар, ол кісі жеңбейтін жерде ұрыспайтън.
- Қан төгіле ме деп қорқам!.. Айтпақдайын, Биқа, естідің бе? Совет Одағына Германия бар күшімен бір-ақ басып кіріпті. Орыстар зор қырғынға ұшырап жатыр дейді!
Мен тіксіне қалдым. Гитлер "он жыл соғыспау" шартын да, Совет шекарасын да бір-ақ бұзып, биыл 22 июньде тосаттан үш қаланы басып алғанын естіп едім. Бірақ, мүндай, "зор қырғын" Совет Армиясы оған қырғыза қоймайтын сияқты еді ғой?!
- Әлгі бір "соғыспау шарты" бойынша алдап соққан сияқты. Батыс шекарада Совет Армиясы тым аз екен дейді. Неміс танкісі мен аэропланы жер-көктен бір-ақ қаптап, Батыс Ресейді қанға бояп жіберіпті. Қазір Ленинград пен Москваға төнген көрінеді. "Совет Одағын бір айда алып боламыз" деп жариялапты Гитлер.
- Жүр онда, Ораз сақауға барып қайтайық. Газет календырынан бәрін естиміз. Сөйтіп, қала ішіне бір-ақ тартық. Күз соңының батысқа еңкейген сары күні қарсымыздағы қалың сұры бұлтқа "сүңгіп" кеткен. Қыс ызғары сол сұры бұлтпен, жете соққылағанына қарамай, құлағымызды ғана анда-санда бір сипап қойып, құлақшынды түсірмей жеттік.
Жалғызын қолынан шығарғысы келмейтін ата-ананың "Оязы" биыл бізбен бірге емтихан тапсыруға да бара алмай қалған. Ол да үйінде, ыңғай газет-журнал мен бұрашора ғана зерттейді екен.
- Келіндей, балалай! - деп қарсы алысымен-ақ "лекциясын" бастай жөнелді.
- Халпе әбзи, "ыр" дыбысымен татулассаңшы енді! - дедім мен, - жақында қатынды да боларсың. Жеңге әбзитайымызға сонда: "менің аузыма қара" демекші болсаң, не деп былжырамақсың!"
Бұл сөзге ауыз үйдегі қартаңдау шешесі де күліп жіберді, естіп қойыпты.
- Шияғым маған... "ыр-ыр-ыр" ыңның керегі жоқ еді, мына сөзің батып кетті! - деп жымыңдаған Ораз біздің қузауымызбен "лекциясын" жалғастырды. "Ыр" дыбысының енді түсінгендей ынтыға айтып, тым жай сөйледі бірақ. Кейінірек толық білгендерден естуіме, газеттен тауьп оқығаныма, қарағанда совет-герман соғысының алғашқы аужайынан Ораздың сол кездің өзінде-ақ едәуір толық хабардар екенін түсіндім. Ол үйінде отырып-ақ қақас жібермей оқьп отырыпты.
Шешесі бізді жігі-жапар болып отырғызып шай қайнатты.
- Ы..ыр-ыр ыс тілінен кешкі курс ашылыпты, орыс мектебінде, енді содан оқимын. Сен оқимысың? - деп Ораз маған қарады. Бағдарқан күліп жіберді бұл сөзге:
- Енді, "пыр.. ор..ома пир ро..ро..рот" деп жаңа тапқан бар "ырыңды" бірақ шашпақсың ғой!
- Шырағым, "ыр-ыр-ыр" енді табылады. Ор..р..р..ыс шо...р..р..р турасын айта салатын, көңіліне іркілтпейтін халық еді, енді азайып кететін көр..і..неді. Біз де о..ыр..с болсақ деймін. - Біздің сөйлесуімізге мәз болып отырған шешесі бұл сөзге келгенде күрсініп, мұңая қалды.
- Орысқа қырғын болса, ондағы біздің қазаққа да оңай тимес! Мен де сол кешкі курстан орысша оқуға Оразбен келісіп қайттым.
Үйі бізге көршілес отыратын Бектемір атты жігітшеге ертеңіне айтып едім, қуана қарсы алды бұл, өзі жазда жалшылық істеп, қыста орысша кешкі курстан оқитын екі-үш жылдық дағдылы курсант еді. Биыл ұры-қарының көбейіп кетуінен кеште жалғыз жүруді қауіпсініп бара алмай жүр екен.
- Екеуміз бірге барып қайтып түрсақ, төрт көз, төрт қол болғанымыз. Менде темір келсап та бар. Олай болса, оқыдық деп қой! - деп қуанды ол.
Жауып тұрған қарға қарамай күн бата Ағылық көшесінің аяғындағы орыс мектебіне барып едік, Дөрбілжіндегі орыс біткен сонда жиналыпты. Біз оқитын класта күжілдесіп, даурығысьш отыр. Көбі арақ ішіп алыпты, мас. Біз араларынан әрең өтіп барып, бір бос партаға отырдық. Мұғалім әлі келмепті. Айтысып отырған сөздерін тыңдап, Бектемірдің бозша көзі бадырайып кетті де, маған шошына сыбырлады:
- Үй, "Совет үкіметі аударылды" деп отыр ғой мыналар! Енді елге қайтайық, бізге неміс тиіспейді дейді әнеу ұзын мұртты кәрісі! Әне, анау дударбас оған қарсы шықты:
"Ленинград қоршауда, Мәскеуге он шақты километр қалды, бірақ Мәскеу жер астына түсіп кетсе де орыс берілмейді! Туыстар, оның Кутузов елі екенін ойлап қойыңдар!" деді. Кутузовы кім еді?.. Әне, "біз көшіп жеткенше большевиктер котлет болады" дейді анау бурылбас. "Котлеті" немене еді. Анау май шапанды қырма сақалың жарады: "Ресей қарғалары неміс етіне тояды, болғаны сол!" деді, хә-хә-хә-хә... "Қасқыр, түлкі, күзендер қарнын көтере алмай жатып қалады да, Совет азаматтары төрттен-бестен ішік киетін болады дейді..." Гитлер Москва күл төбесінде дарға асылады!" дейді... Ойпыр-ау... Мынау мұрттының аузы тым жаман ғой: "Ресейге басып кірген бүкіл Еуропа армиясы!.. Большевик берілмейміз десе, орыс жері түгел көрге айналады!" дейді... Мына қатар сөйлеген үш төрті: "неміс танкісі мен мотоцикл атты армиясы ендігі Оралға жетіп тыныққан шығар!" деп салды... "Күн жылына елге қайтсақ болар" деді әнеу біреуі... Ей осыларыңның көбі Советке қарсы ғой тіпті! Ақ патшаның бөлтіріктері екен-ау иә, жөндерін енді көрсетіп отыр!
Осы айтысқа өзі түскендей аласұрып отырған Бектемір енді тынышталды. Қара пальтолы қып-қызыл сұлу келіншек кіріп, жұп-жұмсақ үнмен бірдеме деп еді, гүрілдесіп отырған орыстар сыныптан шыға берісті. Мұғаліміміз осы келіншек екен. Жоқтама дәптеріне Ораз үшеумізді қосып жазып, сабағын бастады.
Біз осы сабақтан кешкі сағат он бірде қайтып келе жатсақ, Кеңесбай ағамыз бастаған сегіз-тоғыз жас жігіт Еміл көпірінің аузында тұр екен, араларында былтыр жаздағы менің құтқарушым - Ғаріпбек мықты да бар.
- Мыналарың кім? - деді беруі.
- Балалар ғой, - деді екінші бірі, - әй, сол иттер біз келуден бұрын өтіп кетті-ау!
- Жоқ, біздің мұнда тұрғанымызды алыстан көріп, бой тасалап жүр. Осы көпірден басқа өткел жоқ қазір.
- Жүріңдер, біз былай кеткен болайық! - деді Кеңесбай, - ей балалар, біздің мұнда тұрғанымызды ешкімге айтпандар, ә! Үй іштеріңе де айтпа, мақұл ма?
Біз мақұлдық білдіріп өтіп кеттік. Ағаларынан жасырын жиылып, өш алуға шыққандықтарын, мұнысының "қатерлі" екенін ойлай қайттым да, бара салып Биғазыға айттым. Құрышбек пен Нұрасыл білсін дегенім еді.
Біздің үйге там орнын беріп қоныстандырған Ерсұлтан ақсақал байлардың бәйге аттарын жарататын, ақысына көбінесе соғымдық мал алушы еді. Алдыңғы күні ғана бір ту бие сойған сол кісі Күнтуған шаңия мен Кәкімбай бастаған бірнеше мықтыны қонаққа шақырды. Үлкендер Нұрасылдың соңына түскен пәлені осылай ағайыншылық жолмен бітіруге келіскен көрінеді. Құрышбек күн еңкейе бергенде арақ әкелді.
Сенбінің кеші болғандықтан сабақты қойып, Бағдарқан екеуміз Ерсұлтан үйінің терезесінен сығалаумен жүрдік. Келген он шақты қонақтың жуан ортасынан Күнтуған шаңия мен Кәкімді ғана таныдым. Күнтуған шалқалай сөйлеп қақ төрде отырды да, оның сол жағындағы Кәкім өзінің төменгі екі жуанмен күбірлесіп, шұлғыса берді.
Төсек жағында қонақ иесі, шоқша ғана ақ сақалды Ерсұлтан, одан төмен Құрышбек жүгініп, шай құйып отыр.
Бір шәугім шай ішіліп бола бере дастарқанға бірнеше жерден қуырдақ қойылып, көк мойын бөтелке мен кішкене шынылар сапқа тізіле бастап еді. Қарсы үйде осы кезеңді күтіп отырған болса керек, басы мен мойнын тұтас таңып, малақайын баса киген Нұрасыл кіріп келді.
- Ассалаумағалейкум!
- Әликумуссалам! - деп шаңия үңіле қарады да, Кәкімбай мен қасындағылары бір-біріне қарап едірейесе қалды.
- Келе ғой, қалқам, келе ғой, - деп Ерсұлтан ысырылып, Құрышбек екеуінің арасынан орын берді. Нұрасыл қонақтарға тегіс қарап, иіле амандасьш еді, Кәкім бедірейген бойы аузын да жыбырлатпай кекшие қалды. Құрышбек арақ құйған шыныны жағалата ұзатып, бұрын арақ ішпейтін Ерсұлтан қарттың алдына бір шыны қойып еді. Арақпен қоса берекенің сөзін бастап беруге қарт күні бұрын құдайына сыйынып, көніп қойған көрінеді, шынысьн жоғарырақ көтеріп алып сөйлеп кетті:
- Ал, құрметті қонақтар, мен арақ ішпейтінмін, енді қартайғанда қай желіккен дерсіндер, "адам мың жасамайды, ұрпағы мың жасайды" деген, менен бәрің кішісіңдер, менен қалған өмірді сендер жасайсыңдар, сендерден қалғанын інілерің, балаларың, немере-шөберелерің жасайды... Мен оқымасам да ащы мен тәттіні көп көрген адаммын. Міне, мына тамақтарыңнан да сендермен бірге татып көрмекшімін. Соның алдында өзім өмірдің анық білген, жете түсінген адамгершіліктің-елдіктің ең тәттісін айта кеткім келеді. Ол - татулық, достық. Меніңше, татулықтан тәтті "тағам" жоқ. "Бірлік болмай тірлік жоқ". Айтар ағалығым осы ғана. Бір дастарқанға бас қостырғанда сендерден тілейтінім де осы. Ағайын ара береке сөздің қалғанын өздерің де айта жатарсыңдар, ал енді сол тілеуге алып жіберіндер!
Араққа болатын аттаныстың дәл осы мезгілдегі ең аталы сөзін басқалары кәдімгідей қауқаулап жіберіп, қылғытып салса да, Кәкім міз қақпай отырып алды, оның шыныны да ұстамағанын көрген қасындағы екеу алған шыныларын қолдары күйгендей қоя-қоя салысты.
Терезе сыртында бізбен бірге қарап тұрған Білеубай атты Бағдарқанньң сабақтасы түйіліп тісін басып тұр еді.
- Әкеңнің аузы тағы сойқан шығарайын деп отыр! - деп кіжінгенін сезбей қалды өзі. Бағдарқан екеуміз екі иығынан баса қойдық. Өзендегі біздің алты жайынның бірі осы болатын. Төбесінде теңгедей ғана тақыры болғандықтан "Білеубай" атына "тазды" қосатынбыз.
Білеубай "таз" бізден әлдеқайда қайратты да, қайтпайтын өжет еді.
- Осы біз кімнің үйінде отырмыз, - деген Кәкімбайдың сөзіне біз терезе сыртынан төніп, тіксіне түстік. Қонақтар да, күтушілер де тым-тырыс тына қалды. Күнтуған Кәкімге жымия қарады.
- Біз Ерсұлтан ақсақалдың үйінде отырмыз ғой, танымай қалдың ба!
-Таныс сияқты едім, әлгі "тәтті тағам", татулық дегендерінен танымай қалып отырмын, біз тату болмай не қылып едік?
- Ой, Кәке, - деді Құрышбек, - татулықты айтудан не тақсырет тарта қалдыңыз! Татулықтан адам баласы не зиян тартып еді!
Кәкім адырая қарады оған:
- Сол сөзінен мына шалыңның құйрығы қайда жатқанын түсініп отырсаңшы!
- Осы "түсінуіңіздің" өзі қандай жақсы! - деп Құрышбек күліп жіберді, - айыбын өзі түсініп, өзі айтудан үлкен әділдік бар ма? Соған қарай татулықты айтудан тәтті сөз бар ма? Әсіресе, сізге пайдалы сөз ғой бұл! Құдай да, осы отырған көпшілік те куә шығар, қарттың осы сөзі "құйрық бұру" болса, дәл сізге бұрылған құйрық емес пе. Болыстық сөзге боқтау айтпас болар! Кел, екеуміз ендігі жердегі сол татулықтар үшін тартып жіберелік!
- Жоқ, мен бұл иесіз татулығыңды танымаймын!
- Мейлің, татулықты танымасаңыз танымаңыз, мені танырсыз, кел ішелік!
- Сені де танымаймын, ұрымен таныстығым жоқ!
- Ұрыны оның ағасы "қарақшы" танымаса кім таныр, кел, ағатай, танысалық!
Кәкім көпшіліктің күлкі-дабырын баса ақырды:
- Қарақшы болып неңді бұлаппын?
- Көпшілікке аян іс қой, бұлатпадың деп сен булыққалы қашан еді. Талатпадың деп таяққа жыққанды кім деп атауымыз керек, төрелігін өзің айтшы қәне! Сөзді тоса тұр!.. Бірақ біз үйге келгенде үйдей дау айтпақшы емеспіз. Мына қартымыздың ниетіне, татулық береке-бірлігіне ғана бас иіп отырмыз. Арты насырға шауып кетпеуі үшін сынған басымызды, тісімізге тісімізді басып әрең шыдап иіп отырмыз. Кәкім, сен ер болсаң, еңкейгенге артыңды теңкейтпе!
Кәкімнің көзі ақшиып орнынан көтеріле бергенде, Күнтуған шаңия жеңінен тартып отырғызды:
- Осы таластарыңның билігін маған беріңдерші!..
Құрышбек, арағыңды толтыра құй! - шаңия билігін шыны толы арақты бәріне қағыстырып ішіп алып айтты, - мен айтсам, әділі былай: "татулық" деген тағам емес, жел сөз ғой... Дүниедегі ең тәтті тағам - арақ, арақ! Енең...ді, ұқтыңдар ма!.. Арақтың құрметі үшін айтыссөз тоқтасын!.. Ішіңдер!
- Жоқ, мен мұнда арақ ішіп жарымайтынымды жамау бас кіргенде-ақ білгенмін! - деді Кәкім. Қамшысын ала атылып тұрып, дастарқан шетін баса, жанша тартты.
- Әй, Кәкім, тоқта, - деп Құрышбек түрегеліп еді, оны Нұрасыл ұстай алды.
- Барсын, Құреке, басын сары табаққа салғаныңмен сасығы кетпейді екен!..
Дағдарып, үнсіз қарап отырып қалған Ерсұлтан қарт бір қозғалып қойып, тоқтауға шақырды:
- Кәкім мырза, сабыр ет, тым болмаса бір сөз тыңдай кет!
Кәкім тыңдар емес, табалдырыққа барып Нұрасылға оқты көзімен ата қарады:
- Мен әлі-ақ көрем сені!..
- Иә, көрші болған соң көрісіп тұратыным хақ қой! - деп күлімсіреді Нұрасыл. Шыға жөнелген Кәкімді Құрышбек ауыз үйде тосып, қатқыл үнмен бірдемені ескертіп жатты.
Оның сөзін сырттағы біз тыңдай алмай қалдық, Білеубай қақпаға қарап сөйлей жөнелді:
- Бұл шошқадан кекті мен қайтарамын!..
- Сен не қылмақсың оған?! - деп сұрай бұрылдым мен.
- Таздың ең жаманы жата қалып ат үркітпей ме! - Бағдарқан екеуміз қатар күлдік. Таз жүгірген бойы қонақтар келген төменгі жолға түсіп кете берді.
- "Мың асқанға, бір тосқан", - деп қалды Құрышбек, жұлқына шыққан Кәкімбайдың артынан. - Қайыр, керек жоқ, "сом темірге балға бар, сомсынғанға Алла бар"! Қонақ иесі болғандығымыз қолымызды байлады бұл рет!.. Бізде не жазық бар еді мұншалық!..
Біз мұнан соң үлкендердің не десіп жатқанын тыңдамадық, Кәкімбай атына міне жөнелгенде, артынан біз де баспалай жүгіріп ердік. "Таздың" өнерін көру керек қой. Бай жорғасы төменгі айналма жолмен енді қара үзіп бара жатқанда, жолдың сол жағына қарай жалт беріп, жайдақ шыға берді. Батып бара жатқан айдың жарығымен анық көрінді. Үстіндегі жардай иесі жоқ, ер-тоқымын бауырына алып, "ойнай" жөнелді.
- Сен кім? - деп Кәкімнің ақыра түрегелгені естілді бізге.
- Мен, өзім! - деп Білеубай "таз" да ақырды.
- Не ғып отырсың жолда?!
Бай қамшысын білей ұмтылған болса керек, аттың артыннан "таз" да "үрке" жөнелді.
- Ұл жараққа отырғам. Атың басып кететін болған соң, жан керек қой, ыршып тұрдым! - деп жауабын қашып бара жатып қайырды, - атыңды ұстап берейін енді!
Білеубай қар омбылап аттың ізімен жолсыз иенге тартты: бір үріккенді "бір үріккен" қуып, қаланың төменгі шетіндегі дуалды айналып кеткенін көрдік. Үріккен құр ат пен бәйгеге түсіп жүрген жүйрік Білеубай қарға малтыққан жуан саптамаға шалдырсын ба! Бір жығылып, бір тұрып бара жатқан Кәкім ақ қар үстінде қара доптай домалап, отырып қалып еді.
- Ей, бай, атың жеткізбеді! - деген Білеубайдың айқайы естілді бір кезде. Ар жағындағы дуалдың үстіне шыққан сияқты, - мен енді үйіме жетіп алайын, қаланың арғы шетінде еді, кеттім, ренжімеңіз, оқыс болды!
- Ей, бала, ей, бері келші өзің! - деп ентіге айқайлады Көкім, - тиіспейін, құдай біледі тиіспейін, бері келші өзің!
- Құдай біледі бармаймын!.. Алла біледі менің айыбым жоқ, үлкен дәретте отырған кісінің үстіне бай не іздеп келген?!
- Ей, ей, тоқташы өзің!.. Үйің қайда?! Ей тоқташы, бұл жаққа кімнің үйіне келіп едің?!
Білеубай "таздың" дауысы алыстап барып естілді.
- Қалыңдығыма келгенмін. Үйінен шыға алмай, өзімнің де жолым болмай көңілсіз отырғанымда келдің!.. Қайыр енді, әлде де табылар сізге!..
Кәкімбай аты кеткен жаққа қарай қиралаңдап, қарасы әбден өшкенде, Білеубай төменгі көшемен айналып бізге жетті.
- Аты үлкен жолмен құйындатып, Күрті жаққа кетті! - деп алқынды ол, - егер ырыс айдап әкеліп бермесе, ол аты біреуге соғым болды деп қой!..
Біз Ерсұлтан үйінің терезесіне қайта оралғанда, қонақтар сыпыра қызу, өзара айтысып-тартысып отыр екен. Бірі байлығын айтса, бірі руы мен ірге күшін айтады. Нұрасыл өзіне тиісті сөз болмаған соң қайтып кетіпті. Арыздарын өткізуден түңілген Ерсұлтан қарт пен Құрышбек салқын ғана қарасып қойып, үнсіз отыр. Мастығы шегіне жеткен Күнтуған шаңия қимылжықтатып өлендете жөнелді де, Кәкімбайын шақырып, айқай салды бір кезде.
- Ой, әлгі Кәкең қайда! - деді Ерсұлтанға құтыра қарап, - бір ыр.. бірің атып, бірің қағып қуып жібергенсіндер ме! Кісі екенсің, қу сақал, кісі екенсің!.. Ерсұлтан ба сен!.. Сенің атың Елсойқан!.. Елсойқансың сен! - деп бақырая қайталады да, өзінің екі бетін екі қолымен шарт-шұрт шапалақтап жіберді, - Елсойқан! Мылжалап тастаймын сені, Елсойқан! - деп етпеттеп барып, шалқасынан түсті өзі. Желінбей қалған тамақты, ыдыс-аяқ пен дастарқанды шаңияның көсілген аяғының астынан ауыл азаматтары әрең жиыстырып алды.
Өзара тартыстағы басқа қонақтар "ірбіт" шаналарына отырысып алып қайтысқанда, төрт жігіттің төрт бұттан көтеруімен өрең шыққан шаңия тағы өрледі, - Кәкен қайда деймін, Елсойқан! - деп далада бақырды енді, - қуып жібердің бе!.. Кісі екенсің, Елсойқан!.. Садағаң кетейін, Дубан атам... Әділдігіңнен айналып кетейін... Ал, Елсойқанды ал!.. Сақалыңды... Елсойқан, мылжалаймын, әлі.
Екі бетін тағы да кезек-кезек жани берген шаңияның екі әділетті қолын Құрышбек буа құшақтады да, шанаға тиеп жөнелтті.
Құрметті "тергеушім", әзелде Ерсұлтан аталып, кісілікті кісілерден қонақ шақырып, татулық сұрағандығынан "Елсойқан" болып қалған осы шал рас мылжаланды білем. Ақылға шақырамын деп аппақ сақалын дымдатып та алмады ма. "Кісілігімен асып, әкімшілікке ие болған зор кісінің", "кісі екенсің" деуінің өзінде қаншалық "даналық" жатыр, адам емессің дегені ғой. Көп кісіден табылмайтын асқан әділ үкім емес пе бұл. Адамдық деген ұқықта. Ұқықты кісіге қылмыс сойқан жолай ма. Адамда ұқық болмаса, орныңда қылмыс болуға тиісті. Сондай қылмысты Елсойқанның адамша пікір айтатын қанша адамшылығы бар еді. Керісінше қылмысын әшкерлеп алмады ма.
Сол кезде сол Елсойқаннан жұқтырып алғаным бойынша, қазір осы мен де өзімді дәл сол жөнінде әшкерлеп, «мылжаланып» жатырмын-ау. Ол дәуірдегіден қазіргі дәуір өскелең. Білім мен мәдениет жоғарылап, саясат техникаласты. Ол Күнтуғаннан сіздің ақыл-парасатыңыз тіпті, салыстыру күнәһарлық болардай жоғары ғой, тергеушім. Сондықтан да мені аса жоғары қысыммен мылжалауыңыз, Күнтуған жете алмайтын қаһар құдіретпен қинауыңыз - өзіңіздің сол жоғарылық қасиетіңізге лайық-ақ болып жатыр!
VІ
1942 жылдың күзі қиын болса да, мен үшін қызықты кезең көрсетті: "Үрімжі ауызын арандай ашып тұрғанымен мені қайтпек, жиырма жасқа жетпегендерді жұтқанын естімедім ғой" деген оймен тәуекел айтып, Үрімжідегі "Спан" деп аталатын педагогикалық мектепке түсуге емтихан тапсырдым. Қызыққаным: аудандық ұйымдағылар оны "кедей колды мектеп, үкімет шығынымен қамдап оқытады" деп таныстырды. Алғашқы кезде үкімет құрамындағы коммунистердің талабымен ашылыпты да "Шыңдубанға қамқор", "халықшыл көсем" атағын берген медеткерлердің бірі осы мектеп болғандықтан, коммунистермен бірге құлыпталмай тұрыпты.
Емтиханда озат өткендігімнен, Дөрбілжін аудандық қазақ-қырғыз мәдени ағарту ұйымы жол шығынымды көтерді де, Ерсұлтандай ауқаты бар ағайындар жанашырлық жөнімен жәрдем жиысып берді. Мен түрегелгенде "әуп" деп қалатын әдетімен әке-шешем барын кигізіп, жоғын сандығыма салды. Жоқтан тапқанның орнын Биғазыны қайта жалдап толтырмақ. "Спаннан" оқып шықса ұлы "мұғалім болып жетістірмей ме". Мені бай мырзасындай жасандыра қойды сөйтіп.
Түнімен құшақтап, түнімен құдайға тапсырған әке-шеше таңертең кіреші арбаға ере келгенде: "Жыламайсыңдар, ә" деп мен жөнелдім де, бет-ауыздары жыбырлап олар қалды. Жүгі ауыр ат арба жиырма шақты күнде әрең жететін "Барса келмес" жол ғой.
Менің қайғым ол емес, қалып бара жатқан ағайын-туыстар болды. Кәкімбайдың өзін біздің жас ағайлар бір боранды түні боршалай сойып, көп айтқан "ағатайлары" үшін сөлдерін ғана тастап кеткенін естігенмін. Ұрғандардың ешқайсысын тани алмай қалса да, қыстағы саңлақ жорғасын жоғалтқан кім екенін білмесе де, қазір бар қаһарын Қүрышбек пен Нұрасылға төгіп, бар ақшасын сақшыларға асатып жүр еді. Аяғы қалай тынары мені де алаңдата беретін.
Үрімжіге бидай тасыған бір лек арбаға екіден-үштен бөлініп түсіп, Шәуешек пен Дөрбілжіннен жиырма алты оқушы шығыппыз. Спан мектебіне қабылданғанымыз - 18. Жарымымыз ұйғыр да, жарымымыз қазақ, бізден басқа, бухгалтерлік курсына өткен үйғыр, қазақ, татар, өзбектен сегіз бойжеткен бар екен. Жайыр тауынан асқанша бір-бірімізді жатырқай шыққанымызбен, көгі де, жері де сұрғылт, тіпті жат көрінетін жыңғылды сортаңға шыққанда жақындаса түстік. Арба дөңгелегі борбасқа сүңгіп жаяу шұбағанымызда ескі достарша сүйемелдестік - сол шұбырындымызбен тағы даланың түнек түніне түн қатқанда маңайымыздан қасқыр елестеп, бір-бірімізге тығыла, қойындаса түстік. Ат тынықтыруға түскен суаттарда арбакештің аспа қара шелегімен бірге су көтерісіп, бірге отын әкелістік те, бірге шай қайнатыстық. Бір дастарқанда отырып, бір шәугімнен шай іштік.
"Тәңір қосқан" деген осы емес пе, осылай өткен бес-алты күн ішінде бойжеткендердің екі-үшеуіне "аға", "бауыр" шығып, олар табыса қойды. Бір бауырмал табылып, мені де қамқорлығына ала бастады, маған әмсе жанасалай жүрді. Менен жас шамасы үлкенірек болса да, талдырмаштау, ақ сұры, шала өзбек Қалима бикеш шешесі шала қазақ, өзін өзбек санағанымен, тілі толық қазақша, тым өткір де әнші қыз екен. Мені сол нәзік толқынды әнімен баурай берді.
Шиху қаласының сыртындағы бір көк майсаға түсіп, ат тынықтырған түс уақытында ол мені қолтықтап бұлақ жаққа тартып еді. Былай шыға баяу әндетіп келіп тұра қалды:
- Ей, тұра тұршы, бір нәрсе айтайын! Сен маған өлең жазып берші, мен бір ән шығарғым келіп жүр!
- Мен өлең жаза алмаймын ғой!..
- Сен әдебиетті көп оқиды екенсің, тырыссаң жазасың.
- Ал, қандай өлең? - Қалима менің жүзіме көз алмай қарап, өңі сәл қызғыш тарты.
- Менің,- деп қалып сыңғырлай күле жалғастырды сөзін, - менің жақсы көретін бір жігітім бар. Суретін айтып берейін: орта бойлы, иықты, өзі ақ маңдай, жіңішке қасы ұшатын құстың қанаты сияқты толық шекесіне қарай көтеріліп серпіле біткен. Өзі бұйра қара шашты, қап-қара көзі құмарланғандай от шашып, жарқырап тұрады, соған көз алмай қарап тұрғым келеді менің. Қыр мұрын, қызыл ерін, аққұба, дөңгелек жүзін әмсе өз қолыммен жуғым келеді... Осылай суреттеп жаз!
Пәле қыздың мені суреттеп тұрғанын біле қойдым да, теріс айнала бердім:
- Мен өлең жаза алмаймын, жаза алсам ғой алдымен сені суреттеп жазар едім!
Қасымызға Бексапа мен Өмірбек келіп қалды да, Қалима сөзді басқа жаққа бұрып әкетті.
Бексапа, Өмірбек үшеуміз бір арбада едік. Қалима маған бейімделгеннен бастап, ең әңгімешіміз Бексапамен "дос" бола қойды. "Досым" әңгіме айтшы деп біздің арбаға шығып алады. Көп сөзге араласпай әркімнен кітап алып оқи беретін менің иығыма иығын тірей келіп отырады сөйтіп. Бірақ, мені ешқашан досым деп атамайды. Керісінше "кешкіл", "талиб" кейде "Пушкин" деп кекесінді атпен шақырып жүрді. Жол қиындап, арбадан түсе шұбырғанда ғана іс жүзіндегі "дос" екенімді білдіріп, мені қолтықтайды да, бәрінен ауашалап әкетеді.
Маған таққан ат-атауларының ешқайсысына иім қанбайтын болған соң, "Сылқым", "Сылқым сері" деп бар бойжеткеннің көзінше айқайлап шақырды бір қоныста. Сонда ширадым білем, осы атауының ұйқасы бойынша, "ау, не дейсің қатқан тері" деп жауап қаттым. Әншейінде шағып алма, шамшыл қыз бұл атауыма шамданбай, "әпке", "сіңілерімен" бірге күлді. Ертеңіне жүріп, арба сортаңға кіргенде екеуміз тағы да қолтықтаса жөнелдік. Оңашаланғанда маған шытына қалды:
-Неге "қатқан тері" деп шақырдың! Мен рас сондаймын ба?!
- Сен неге "Сылқым сері" дейсің?!
- Сері екенің өтірік пе!
- Сендей пері қыздар былтыр ғана Шәуешекте мені
"қайыршы" деп атаған. Енді ғана бүтін киім кисем "Сылқым сері" бола қаламын ба! Сендерде әділет бар ма?
Қалима бар дауысымен шаңғырлап бір күліп жіберді де, қоңыраулатып сыңғырлай берді, білегімді қымқыра түсті.
- Мақұл, мақұл!.. Болды... Енді олай атамаймын!.. Сен де мені енді олай атама, иә!..
Манастан өткен бір кеште түн қатып, тағы жаяуладық. Еренқабырға бөктерінен жайнаған қалың электр шырағы көрінді. Үш-төрт күн алдында көрінген Майтау мұнай кенінің жарығынан мына шырақтар жиі де, нұрлы да екен. Қалима соған қарап еліте сөйледі:
- Анау - Совет площадкасы. Мектеп бітірген соң қызметті
осы жерде болмаса, дәл осындай бір мәдениетті жерден
сұраймыз, мақұл ма?! Менің курсым екі жылдық, сенікі үш жыл ғой, менен бір жыл ғана кейін шығасың... Мен... сені күтем... Бір жерде істейміз, қалай дейсің?!
- Мен Дөрбілжінде істеймін, әке-шешемнің қасында боламын!
- Олай болса мен де Дөрбілжінге барып істеймін, бір жерде тұрамыз мақұл ма?!
- Мақұл! - дедім мен. Әлі күнге үлкен ағаның да үйленбегенін ойлап келе жатып, неліктен жеңіл ғана "мақұл" болғанымды толық ескере алмай қалыппын. "Бірақ енді үш жылға дейін оның жөні болар" деп артынан ойландым.
- Мектебіңе барып орналасқан соң әр жексенбі күні менің
жатағыма келіп тұрасың, иә!.. Кірлеген киіміңді маған әкеліп тұр!..
- Барғанда әніңді бұлданбай айтып тұрсаң, әр күні-ақ барармын!
- Менің әнімді жақсы көресің, өзімді ше?
- Әнді соншалық көркем айтушының өзі сол әннен де сұлу болса, кім жақсы көрмейді! Бірақ, менің үйім кедей, әке-шешем жүдеу, сыртынан қарағанда жаман көрінеді. Сен жақсы көрер ме екенсің!..
- Екеуміз де қызметке орналасқан соң олар кедей бола ма! Ей, тоқташы, біздің арбаға шығып сөйлесейік, жол түзелді!.. Арбаға екеуміз шыққан соң ана екі қыз түсіп, басқа арбаға кетеді. Біздің сырымызды олар біледі...
Арбаға алдымен Қалиманы қолтықтап шығарып, өзім көтерілгенде делбе ұстап отырған кексе жігіт маған қарап жымың ете түсті. Бетім дуылдай барып, Қалима тартқан ортадағы орынға отыра кеткенімде, кәмелетке толық жеткен бір қазақ қызы:
- Бір-біріңе опалы болыңдар! - деп екеуміздің қүлағымызға анықтап сыбырлады, - делбені тарта тұрыңыз, ағай, біз түсіп кетейік! - Солай деп қасындағы ұйғыр қызды тартып түсіріп әкетті. Арбакеш делбені сілкіп қойып "Қоңыр гүлім" әніне ыңылдай берді. Сөйлесіп алсын дегендей, артындағы бізге қарар емес. Қалима менің мойныма бір қолымен рай асылып, құлағыма сыбырлады:
Менің "мақұл, мақұлдан" басқа лажым да, сөзім де жоқ сияқты. Сол "мақұлым" әрқандай шыншыл сөзден де мығым серт екенін өзім толық түсінемін. Олай болатыны жүрегімнің ең түбінен кіршіксіз тұнық күйінде шығып жатты. Құшақтасып жатып қалған екенбіз. Арба тоқтап, екі қыз қайта кіргенде бір-ақ білдік, таң атыпты.
Жүзіміз тотығып, ерніміз кезергенде де осылай ән-әуенімізді қоса, көңілді жүріп келіп едік. Үрімжінің үстіндегі қара сұры тұманды көргенде тұнжыраса қалдық. Көшеге кіргенде үлкен қаланы айқара басып тұншықтырып жатқандай сұп-сұры сұмдық көрінді бізге. Үлкен көпірден өтіп, аз жүрген соң әпке-қарындас, қалыңдықтармен қоштасып жыласқандай айырылыстық та, арбамызбен қатар шұбап отырып, "Нәнляң" көшесінің басындағы Спан мектебіне жеттік.
Үлкен қара қақпадан кіре бере, қос әйнек терезелі мектеп кеңсесінің алдына барып тізіле қалып едік. Сұңғақ бойлы, ақ сары қазақ тізім бойынша тоғызын шақырып, айырып тізді де, жүгімізді сол жерге түсіртіп, ерте жөнелді. Үлкен алаңды ауланың түп жағына әкетті. Ыңғай сабан қағаз терезелі көп үйдің біріне бастап кірді де:
- Сендер осы 45-ші сыныпта оқисындар! - деді. Спан мектебі құрылғалы біріншіден бастап биыл 47-ші сыныпқа жеткенін, 45-ші сыныпты биыл ашылған қазақша сынып екенін қарапайым ғана қоңырша үнмен жайлап түсіндірді.
- Оралхан, жүр, мына сабақтастарыңды алдымен жатақханаға орналастырайық! - деді сонан соң.
Батпиған жуан қызыл сары, қалың қырма сақалды дәу жігіт ысқалып, партасынан әрең суырылып шықты. Біздің сынып бастығымыз осы екен, бастай жөнелді.
Буыншағымыз бен сандықшамызды көтеріп, тұнжыраған көк сұры тұман арасымен жарым шақырымдай қайта құлдадық та, сол көшедегі басқа бір қара қақпаға барып кірдік. Жатақханасы мен асханасы осында екен. Маңайы биік дуалдармен қоршалған бұл аула тіпті түксиіп көрінді. Сыныпта болмаған әйнек терезе жатақханада қайдан болсын, қағаз терезесі тіпті кішкене екен. Он адам сығылысып әрең сыятын сыпыдан орнымызды өлшеп берді. Шіріп тесілген кішкентай ғана қаңылтыр мештің қаңқасы қаусап тұр.
Ақсары мұғалімнің аты Сәду болып шықты. Осы мектептің қазақ бөлімінің тәртіп меңгерушісі әрі қазақша тіл, грамматика ұстазы екен. Сұр жолақ трикодан тігілген мақталы ұзын шапанын әлден-ақ киіп алыпты өзі. Сонда да тоңып тұрғандай, біз орналасып жатқан жатақхананың пешіне қарап тітіркеніп қалды. Кедір-бұдыр жер тағанның сызына, ыс пен тозаң басқан жалбыр-жұлбыр сылақ қағазына қарап тыжырынды да, біздің орын-көрпемізге үңілді.
- Ұзақ жол жүріп кірлеп қалыпсыңдар, күн ашылысымен мына есік алдындағы арық суына жуып алыңдар, қыс түскен соң кебуі қиын болады! - деді қолын уақалай тұрып.
Сақалды Оралхан бәнжаң (класс бастығы) жақындай түсті оған. Оқушылық изетпен иілейін десе де, жалпақ қарны икемге келмей, кердиіп түр:
- Мұғалім, біз де кірлеп кеттік, - деді қып-қызыл мол бет-аузы тұтасымен күлімдеп, - завхоз сабын бермей қойды, сіз айтыңызшы!
- Биыл сабынмен қамдай алмайтын болды, базардан өздерің ала салыңдар! Болмаса, ащы кірі кетсе болды ғой, мына су қатып қалмай тұрғанда шайқап алыңдар! - деп бір күрсінді де шыға берді Сәду.
Оралхан Спанның дайындық мектебінен оқып шыққан осы Үрімжі маңының жігіті екен. Бізді мектептің барлық жайымен таныстырып отыр еді. Алыстан соғылған қоңырау үні естілісімен орнынан атып тұрды:
- Ә, сары айғыр кісенеді, кешкі тамақ, жүріңдер, асханаға барайық. Сабақтастар сақадай атылуы керек мұндайда! Айтып қояйын, тез қарманбасаңдар аш қаласыңдар!..
Алдыға түсе жүгірді бұнжаң, тамаққа былай жүгіруді ар көріп, аяңмен жетіп едік, іші-сырты түгел ысталып кеткен қара қожалақ залдың есік алды әлем тапырық, зор соғыс майданына айналып кеткендей көрінді. Өңшең қара мата шекпен, мешпет, сымды азамат есікке кептеле қалыпты. Ес-түс жоқ, жан алқым кимелесіп жұлқынысып кіріп жатыр. Біз аңырып оқшаурап тұрып қалдық. Шәуешектен келіп қосылған туыстасым - Қуат атты жуан тұғыр, тапалтақ, ақ сұры жігіт маған қарап басын изеп-изеп қалды. Мұңайып тұр екен.
- Осылардан қандай ұстаз шығар екен!-деп қатты күрсініп жіберді, - мына ел састы, етек басты жұлқыста жайбасар сен қалай күн көрер екенсің!
- Тілін үйреніп, тырысып көреміз де!
Біз ең артынан кіріп, босағада тұрып қалдық, орын жоқ. Қойылған стол-орындықтарда да рақаттанып отырған ешкім көрінбейді. Бір залда лықсыған мың шақты адам әлі арпалысып жүр. Енді бір-бір тас тостаған көтерісіп алыпты. Оны ала алмағандары "қадыра!" "қадыра!" деп айқайлады, екі столға ғана үйілген сақпыға ұмтылысады. Алғандары жұлқынып-жұлқынып шыға келіп, үлкен дас-астаулардағы суға бөрттірген күрішті кеймелеседі. Одан қолындағы қадырасымен көсіп алып шыға алғандары тағы да жұлқынып үлкен астаулардағы суға қайнатқан бөйсай жапырақтарына үймелеседі. Быжынаған қалың шыбын сияқты, ешқайсына көзіміз ілесе алмай, есіміз шығып кетіпті. У-шу.
Әйтеуір, бұнжаңымыздың дауысы зор екен, айқай салғаны алыстан естіліп еді. Кимелей соғып бір дас күріш көтеріп шықты. Тері ме, майы ма белгісіз, қалың қырма сақалынан жауын жауып, қатты алқынып келеді, сумақы қадыралар оның дасына да бір-бір түсіп қалып жатыр. Мүйізін тосқан жуан қызыл бұқадай Оралхан ондайларға дамылсыз гүжілдей жетті:
- Үй, алмаңдар бұл дастан, жаңа келген сабақтастар жесін!..
Ей, ей Асылқан, қадыра!.. Қадыра алып жіберші, көбірек ал!
Сақпы-сақпы, көбірек алып жібер!..
Осы әлем-тапырық шайқастың арасынан Қуат екеумізге үстіне үш-төрт көк жапырақ салынған бір қадыра күріш әрең тиді, бір пар сақпымен екеуміз кезек татып көрдік те, жаландап жүрген біреуіне ұстата салып шыға бердік, тұзсыз су мен бөйсайдың жылымшы дәмінен басқа, тамақ дәмі білінбеді.
Шошына шығып едім, артымыздан: "Ей, бауырлар, тоқта!"
деген үн естілді, жалт қарастық. Кеспелтек, жуан қара жігіт
қуа қолымнан ұстай алды. Әлгі бір жанталас айқай ішінде Оралханға жөрдемдескен Асылқан - осы жігіт екен. Қолымды алып амандаса тұрып, атын айтты. Осы ат бұрын маған бірер рет естілген. Таныс ат сияқты ойландырып, есіме қалт түсе кетті: "Шынжаң" газетінде биыл жыл басында шыққан бір өлеңін оқыппын оның.
- Дөрбілжіннен келдің бе? - деді Асылқан маған. - Жерлес екенбіз ғой, жаңа біреуден естіп қуа шықтым.
- Басқа бір Асылқан болмаса, газеттен сіздің бір өлеңіңізді оқыған сияқтымын.
- Сол, сол! Сол өлең менікі! - деп ол бізге ере жүрді де, менің аты-жөнімді сұрап естіді. - Жә, тамақ жемей шыққандарың не!.. Татымады ғой, ә!
Оған жауапты Қуат қайырды.
- Татымай ғана қалған жоқ, танауымызды бүрістіріп
жіберді!
- Е, алғашында біз де тыжырынғанбыз. Бірақ үйренісе келе әлі бал татитын бұл гәңпаннан (күріштен жасалған тамақ) өзіміз жайпай соғамыз да, торпақша томпиып шыға береміз.
- Тұп-тура қияметтегі қарасат майданынан тамақтанады екенсіздер!-деп күрсіндім мен.
- Иә, тамақханаға тәрбиешілерден ешкім келмей, тәртіп жағы қазірше қалыпқа түспей тұр. Ылғи мұндай соғыс бола бермейтін, тәртіпке түседі әлі!
- О дүниенің тамағы болғандықтан семіртер де, - деп Қуат жымиды, - әлгі Оралхан мен сізге жаққан-ақ екен!
- Жоқ, оның үйі осы тауда ғой, ыңғай сүр ет пен, сары май жейді ол шошқа!..
Асылқан Дөрбілжіннің Жайыр тауынан келіпті. Өз ауылында бір-екі жыл ғана оқып, Спан мектебі екі жылдық "мыңхашөтаң"[2] деп аталып құрылған кезінде, соның дайындық мектебіне келіп түсіпті. Қазір екі жылдық ханзуша класта оқып жүр екен. Демалыс сайын біздің қасымызға келеді. Осы мектептің осы тума оқушысы мектебін жып-жылы көрсетіп, бізді жылыта берді. Қыл аяғы Үрімжі ауасының тұманы мен түтін қосылған тұнжырлығын да жап-жарқын етіп түсіндіруге бейім екен.
- Үй, мына Үрімжіңнің торғайы да қап-қара қожалақ қой! -деген Қуатқа:
- Ие, түтінінен ғана кірлеп жүр ғой, жауын суына шомылғанда жайнап шыға келеді! - дей салды ол, - біздің Үрімжіні жамандаушы болмандар, Астана ғой бұл! - деп ескертті мұнан соң.
Оның аузынан жақсыдан басқа сөз шықпайтын себебін екінші күні кеште-ақ түсіне қалдық: сабақтан түсіп, күн батардағы жарты сағат демалыста жатақханада едік. "Қасқыр!", "Қасқыр!" деген бір сыбыр естілді есік жақтан. Сабақтастар дүрлігісіп сыртқа шықты да, ит көрген ешкідей үдірейсіп тұра қалысты. Біз де шығып қарасақ, әр жатақхананың оқушысы өзді-өз жатақханаларының алдына ұйлығысып топ-топ болып тұр. Аспан реңдес оқушылары да түйіліп, сұрланып алыпты. Соншалық көп оқушының бірі қыбырламайды, өліктей үнсіз жым-жырттық. Ауланың дәл ортасында бөгде киімді екі адам сөйлесіп тұр екен. Бірі - ханзу, бірі - ұзын бойлы, ат жақты, қалқанқұлақ, қызыл-сары. Бет сүйегінің шығыңқылығына қарағанда қазақ көрінеді. Қызыл қоңыр құрым пальтосының екі қалтасына қолын салып, тіп-тік тұр. Бұлар біраз сөйлесіп алып, қара қақпаның дәл қарсысына есігі тура қарап тұрған тәртіп бөліміне барып кіргенде, жым-жырт тұрған оқушылар сыбырласа бастады. Өз араларында тыңшы бардай, жан-жақтарына қарап сақтана сыбырласады.
Боғдадан келген Тілеуқан атты күлдіргі сабақтасым бірдеме асағандай, менің желке жағымнан аузын сап-сап еткізді. Жалт қарадым:
- Енді түн ортасында келіп жейді! - деп сыбырлады ол.
- Кімді?
- Ұйықтамай жат та, машине гүр етіп тоқтағанда, сен зыр етіп үлкен дәретке бар. Әнеу бұрыш қой, жайланып отырып ал да күшене бер, естісін, қатты күшен!.. Сонда түсінесің...
Ұйғыр, қазақ оқушыларының кешкі пысықтауы асхана залында болады екен, біз де сонда барып, кеш қалған бір айымызда өтілген сабақтардың конспектін көшірдік. Электр лампасы тым күңгірт екен. Шәуешектің электріне үйренген Қуат:
- Үрімжінің электрі де қабағын түйіп алған ба! - деп бір тыжырынды да, аздан соң, - пуй, сорғыш қой мына қағазы! - деп қалды.
Мектеп берген сабан қағазға жаза алмай, қаламын соққылап отыр екен. Партаның қарсы шетінде отырған Тілеуқан аузын тағы да сап-сап еткізіп, қолын шайқады. "Жеп кетеді, тыныш отыр!" дегені еді. Байқасақ бізден бұрын келген сабақтастардың ешқайсысы мұндай сөз сөйлемейді екен. Біз де доғардық.
Ұйықтауға қайтып келе жатқанымызда Қуат екеуміздің арамызға Тілеуқан киліге кіріп, күрсініп жіберді:
- Ішегімнің шиқылдап кетуін-ай, шіркін, бір жағы май, бір жағы қара кесек тоңазыған ет-ай!.. Қабырға сырты болса!.. Өткір пышақпен қиялай кесіп, екі ұртқа кезек-кезек тықсаң жатарда!.. Енді сыбырлайын, - деп қалып, сыбырлай жөнелді сонан соң, - сол тоңазыған майлы ет енді өзіміз болдық қой деймін. Батырлар, байқаңдар, мұнда әр жексенбі күні кеште пысықтау емес, пысырып жеу сабағы өтіледі. "Тұрмыс тексеру" деп аталатын бір қу жиналыс бар, әр жеті күнгі қалжың-шыныңды мұрныңнан тізіп бір-ақ жиып алады. Ым... сонан соң дайындала жүретін боласың! Бағанағы қасқырларды көрдіңдер ме! Бүгін түн ортасында да мықтап бір күшеніп көр, ә! - деп маған бір изектей қалды да, сытыла жүгірді, жатақханаға бізден бұрын барып сүңгіді.
Ұйқым келсе де зорланып, аунақшып жатыр едім. Машинаның гүр етіп тоқтай қалғаны естілді. Мен Тілеуқан айтқан бұрышқа жүгіріп барып, отыра қалдым. Қырындай келіп тоқтаған жабық қара машинадан екі қара киімді түсіп, тәртіп бөліміне кірді де, ол бөлімнен қылаң пәлтелі біреу шығып, жоғарғы, бас жатақханаға қарай сүмеңдей жөнелді. Ол кірген жатақханадан кесегірек екі оқушы мата шапанын жүре киініп шығып, тәртіп бөліміне айдалып барады. Ол тәртіп бөліміне кірісімен-ақ қара машина «ыр, ыр» етіп от алып еді, әлгі екі оқушыны екі қара дереу жайлап алып шығып, сүңгітісімен зыр етіп ала жөнелді. Менің жүрегім де зыр ете түсті. Дірілдей келіп кірдім көрпеме. Сол күні ұйықтай алмай шықтым.
Елең-алаңда соғылатын сары қоңырау, дарбаза босағасында хабар бөлімінен бір қалыппен сақылдап шығып, біздің есік алдынан өте бергенде киініп те болып едім. Шыға келсем, аспан ашылып қалған екен. Қарсы алдымда «кәдімгі өзіміздің Шолпан» жарқырап тұр. Балағын қара шүберекпен таңып алған ханзу шал сапты қоңырауын қадам сайын бір сілтеп, басқа бір қатар жатақханаларды айналып барады. Басқан қадамының бәрі шу сияқты, әр жатақхана «сары айғыр кісінеді», «арқырады» деп дабырласып оятады бірін-бірі, абыр-сабыр киінісіп, бет жууға су бойына жүгіреді. Онда да кезек килігісіп-кимелесіп барып бірін-бірі суға да тоғытып жібереді. Сүркей күздің ағынды суық суына бір түсіп кетсе, бәріне қызық ойын сияқты. Шу ете түседі.
- Не көрдің ей? - деді Тілеуқан қасыма жетіп келіп, секпілді толық бетін жуса да, оқырадай ғана домалақ мұрнына су тимеген сияқты, көмір газынан жаралған қара қаспақ әлі тұр. Өзінің бітікшелеу көзі «қушыкешпін» дегендей жылтың қағады.
- Сен көргендей... Екеу кетті... ұйғыр! - деп сырт құлаққа ұғымсыз қысқа жауап қайырдым.
«Жаугуаң» деп аталатын әскери тәрбиешінің бірі үш рет ысқырық тартқанда, ханзу, ұйғыр, қазақ, моңғол оқушылары өздерінің кластары бойынша үш-үштен тізіліп, тым-тырыс тұра қалып еді, жаугуаңдар қаһарлы шақ-шұқ командамен жүгіртіп ала жөнелді. Алды мектеп қақпасына барып кіргенде, біз жатақхана қақпасынан шықтық. Сол жүгіріспен мектеп алаңында үш рет айнала жүгіріп, сыныпқа тарадық. Екі сабақтан соң тағы солай тізіліп, солай жүгіріп асханаға алқына жеттік те, есікке ышқына кептелдік. Шайқас алдыңғы көргеніміздей тым ауыр болса да, Қуат екеуміз бабымыз жеткен екен, қадыра мен сақпыны ілген ілісімізден де, тұссыз «теке пырқылдақ» деп аталған күріш көже мен кебек бөлкені басқан басымыздан да қырандық байқалды. Біз де қарнымызды әрең сүйретіп шықтық. Құдайдың бізге берген бір үлкен абыройы - тамақтан соң жүгіртпеуі болды.
Бұл күні түскен жаугуаңдар кейін шақылдамай, бізді алаңға оқушылар ұйымының басшылары мен бәнжаңдар ғана тізіп апарып отырғызды. Мектеп бойынша жиын екен. Бірыңғай орналасқан қазақ оқушыларына үшінші жылдық аға кластағы Әлмен атты орта бойлы қара жігіт бәсең үнмен ғана сөйлеп өтті. «Бүгін Шиң Тиңжаң өте бір маңызды лекция өтпек, сергек отырып, зер сала тыңдаңдар, араларыңдағы ханзуша тіл білетіндер аударып ұқтырып отырсын!» деп бір айналып шықты да, жаңа келген біздің қасымызға өзі келіп отырды. Оқушылар ұйымының бастығы әрі мектептегі пәндихуйдың бас алқасы болғандықтан сабақтастар оны да мұғалімдеріндей сыйлайды екен, - Шиң Тиңжаңды білетін шығарсыңдар, - деп сыбырлады ол менің желке жағымнан, - Жұңго коммунистер партиясының Шынжаңға келген уәкілдері өсірген адам. Осы мектептің ашылуына ашық кірісіп, қолымен құрған кісілердің бірі.
Аға сабақтастар әр жерден күбірлеп, қасындағыларға таныстырып жатқанын естіген Әлмен өз өзін тоқтата қойды.
- Бұл кісінің тірегі түрмеге түгелімен кіріп болды, - деді төмен қарап отырған бір қырма сақал сабақтас, - бұл реткі сөзінде үлкен мән болуға тиісті!
- Мүмкін ақырғы сөзі болар! - деп күрсіне күбірледі қасындағы біреуі.
- Бәрі Совет Одағына төнген апаттың кесірі ғой.
- Алдыңғы күні Шынжаң шөянда (Шыңжан институты) сөйлегенін естідің бе? Алаң-ашықта жалғыз қалса да алысып жүргенін қарашы, мықты кісі екен!...
Мектеп кеңсесінің алдына келіп, кішкене сұры машине тоқтай қалып еді. Тақырлап қырылған жуан бас алдымен көрінді де, қара көк шұға китель-сымын керіп алған әлуатты жуан дене шықты. Кең иығы тіп-тік. Тік жағалы кителінің түймесі толық салулы, жалаң бас, қара етікті, барлық тұрқымен «неңе болса да дайынмын» дегендей, нық басып біз жаққа беттей беріп еді. Қамқа жағалы қара пальтоның ішінен қасқа басы ғана қылтиып жүретін, шақшадай ғана кәрі Дай Ырынбу шаужаң кабинетінен қалтақтай шығып келіп, оған қол берді де, біз отырған алаңға бірге келді. Шиң Тиңжаң бет мүшелері де кесек-кесек, ат жақты, ақ сұры кісі екен. Үдіре тұрған бізді қол ишаратымен қайта отырғызды да, орындықтардың бірін үстелдің алдына әкеліп, бізге жақын отырды. Ешқандай рәсімет күтпей, сөйлей жөнелді сонан соң. Бес минут өткізбей айтарымды айтып үлгерейін дегені сияқты кіріспесіз, шорт-шорт қайырып жеделдетіп әкетті сөзін. Аударушыларымыз тыңдап үлгере алмай, аттатып-аттатып бір-екі рет қысқа мазмұндап берді де ақыры ауыз аша алмай қалды.
- Сіздер - тұрмыс қиыншылығын көрген семьядан келген оқушысыздар, қаражаттан қысылып қалған бұл мектептің қиыншылығына да мойымай шыдап, қайсарлықпен оқып кете алатындықтарыңызға сенемін! - деген сөзін Әлмен қуалай аудара сала тыңдады. - Тіршілік, өмір, тұрмыс дегеннің бәрі күрес. Күресе білмесең, машақатына шыдап, тіресе білмесең ешқандай мақсатыңа жете алмайсың! - деп бір аударды. Үшінші аударманы ұзақ тыңдап отырып, одан да қысқартып айтты: - Білім іздеу деген сөз - өзіңдегі жоқты іздеп табу, тыңға талпыну. Мұнан соң аударма сөз естілмеді.
Шың Тиңжаңның қызыл ұшқын шашылып тұрған көзіне, тез болса да әр сөзді баса айтатын қалың ерніне қараумен болдым. Екі миығына көбік орнатып алыпты. Оны сүртіп тастауға бірер секундын да шығарғысы келмейтін ыңғайы бар. Барлық жан дүниесі тасқындап, барлық денесі әрекетке, күреске аттаныпты. Қимыл әрекетсіз, мағына ишарасыз айтылатын бір де сөз жоқтай, шираған бұлшық ет, шиыршық атқан жігер-қайрат шын жүректі ағындатып, долдандырып әкетіп бара жатқандай. Алпысты алқымдаған осы егде адам қазір жаңа өспірім жігіттей жалын атып, осынша қалай лапылдап отыр?! Осыншалық денсаулыққа толған мол дененің сабыр күші жеткіліксіз болғаны ма? Жоқ, үлкен сыр бар сияқты сөзінде, «шіркін, бір ноқатын қалдырмай түсінер ме едім!» деп ойлап жан-жағыма көз тастасам, мыңнан астам оқушының ұғып отырғаны да, ұқпай отырғаны да менше үңіліп қалыпты, қыбыр еткен бірі жоқ.
Ұзақ сөйлеп келіп ернін алақанымен бір-ақ сүртіп тұрды да, жүре берді. Дүр етіп түрегелген бізге қош айтқандай қолын үш сілтеп, бас ие кетті. Артынан естісек, сол күннің ертіңінде-ақ қолға алынған екен.
Бір ханзу, бір қазақтан құралған «қос қасқыр» біздің жатақхана ауласына жиі кіріп тұрды. Әмсе кешке жақын біз сабақтан түсіп, жатақханаға қайтқанда кіреді. Неге келетінін білсек те, білмеске салып, көрмеске меңзеп жүре бердік. Екінші, үшінші жылдық сыныптардағы аға сабақтастарымыз осылай екен.
Айдаһар аузына келгендей, барлық халіміз мүшкіл болса да, маған өте қызықты бір жәйт, сол аға сабақтастарымызда славян әрпімен басылған қазақша кітаптың молшылығы болды. Бұл кітаптар кітап дүкендерінде ашық сатылатын, былтыр мен алдыңғы жылдары солардың жәшіктеріне толып алған екен. Озып кеткен сабақтарыма жетісіп алған соң-ақ, тілегенімді тауып оқи беретін болдым. «Қасқырларға» қарауға да уақытым қалмады. Кешкі сабақ пысықтау уақытында да, тіпті кейбір оңай-олпы сабақ үстінде де өз бетіммен оқуға көштім. Аға сабақтастардан менің бұл мінезімді құптаушылар, жоғыма жәрдемдесушілер тез көбейді. Солардың арасында Әлменнің байланысы жиілеп, менімен әңгімелескіш болып кетіп еді. Бір күні кеште сабақ пысықтап отырғанда мені ым қағып ертіп шықты да, өз жатақханасына ертіп апарды. Басқа ешкім жоқ екен.
- Жә, сен пәндихуйдың қандай ұйым екенін түсінесің бе?! - деп бәсең үнмен сұрады ол менен.
- Жиянгерлікке қарсы ұйым, сөз екенін түсінемін. Алты ұлы саясаттың ең біріншісі - «Жияңгерлікке қарсы тұру» ғой, соны нақ қимыл арқылы атқаратын ұйым деп түсінемін.
- Дұп-дұрыс. Жияңгерлікке, қазіргі фашизмге қарсы халықаралық бірлік ұйымы. Енді өз қоғамымыздың ішкі күйінен және болашағынан айтқанда мәні тіпті зор!
- Ал, алты ұлы саясатты қалай деп түсінесің?
- Егер толық іске асырылса, Шынжаң халқы үшін өте жақсы саясат деп түсінемін! - деп күлімсіредім.
- «Сәнминжуйй» дегенді білемісің?
- Білмейді екенмін, естімеппін.
- Гомендаңның саясаты ғой, -дей салды алдымен, біраз ойланып алып сабақтады сөзін, -алты ұлы саясат осы сәнминжуййге жетудің, яғни гомендаңға қосылудың бірінші сатысы деседі, - бұған қалай қарайсың?
- Гомендаңға! - деп аңыра қарадым мен, - гомендаңға Жуңго коммунистік партиясы да, Совет Одағы да қарсы емес пе! Алты саясаттың бірі Совет Одағымен достықты нығайту ғой, гомендаңға қарсы саясат екендігінің айқын дәлелі сол емес пе! Қалайша гомендаңға қосылудың сатысы болмақ?! Әлмен аға, бұл бетсіз адамның сөзі сияқты.
Әлмен қатты күліп барып тоқтады да, күрсініп қалды.
- Совет Одағы соғыс өртінің ішінде, коммунизмге қатер төніп тұр ғой! «Құлан құдыққа түссе құлағында құрбақа ойнайды!» Жарайды, енді бұл тақырыпты қозғамай-ақ қоялық, кейін газеттен оқырмыз. Бірақ, оны да не түсінсек ішімізде болсын, мақұл ма?! Пәндихуй қазір әшкере, оны гомендаң да шетке қаға алмайды: ауыз жүзінде болса да лажысы қолдайды, бірақ, оған мүше тарту әшкере емес, есіңде болсын... Сені мүшелікке қабылдайтын болдық. Бұған қалай қарайсың?
Мен разылығымды білдірдім де, Әлмен сыр сақтау жөнінде біраз сөйлеп, оның үлгі нұсқасын түсіндірді, әр сенбінің түстен кейінгі жарты күні, пәндихуйдың ячейка мәжілісіне арналған уақыт екен де, онда көбінесе, халықаралық саяси материал үйренеді екен.
Осыдан үш-төрт күн өтісімен-ақ, мен пәндихуидің сол ячейка мәжілісіне шақырылдым. Бірақ күткен үмітімнің қасиетті қаңқасынан жұда бола ілініппін. Әлмен маған қарап күлімсіреп қойды да, қолындағы май баспамен басылған үйрену материалын басқа «ләм» демей оқи жөнелді. Шыңдубанның мақаласы екен. Тақырыбынан-ақ тақыр жерге отырғанымыз ұғылды: «алты ұлы саясат - сәнменизмнің бірінші сатысы» деп баттитып басқан қалың бетті әріптер тізіліпті. Опасыз алдамшы өтіріктің қайсысы есте қалмақ. Әйтеуір бір-екі жылдан бергі бітеу жара жарылып, сасық ірің бұрқ ете түскендей, Шыңекеңнің шірік мерез екенін мына сөзі толық паш етті: «Шынжаң бар жағынан жетісіп, шарт жағдайы толықтанды. Демек, алты саясат өзінің тарихи міндетін толық орындап болды. Енді орнын ұлы сәнменизмге бермек!
Бұдан сегіз-тоғыз жыл бұрын халық алдында «орнын ұлы марксизмге» бермек деген ұғымды ишаралаған «данышпанның» епті тілі, енді осы қапылыс кезеңде қай жерден жылтыңдағанын мен де түйсінгендей болдым.
Бұл материалға райын білдіргенде группаның бұрынғы мүшелері мұрнынан күлсе де, адам ұрлағыш қара машиненің роліндей бұлтылдап, техникалы сөзден зыр-зыр өте шықты. Саясатқа ысылғандықтарын көрсетті. Мен не дерімді білмей қалдым. «Жаңа қатынастым ғой, түсінігім төмен екен, кейін сөйлермін» деген сөздің ғана қисыны табылды.
Осыдан екі-үш күн өтісімен-ақ 1942 жылдың ақырғы күндерінің бірінде осы мақала «Шынжаң» газетінің бас мақаласы болып шыға келді. Бұл газетке не қилы «данышпандық» сөздер шығып, халықты сопылық парасатқа бөлеген ғой. «Данышпан көсемнің» нәзариясын тектеусіз қабылдағандай, сол қауым демін ішіне тарта түсті.
Мен Спан мектебінің қара кенеп бешпетін осы кезеңде киіп келісе қалдым. Бұл киім қандай тартса да шыдайтын, таласта қанша «текепырылдақ» төгілсе де көтеретін көнтерілігімен жарасты.
«Көбе жеп көңіл көтерген,
Спан шөян таздары.
Ужуаңдайға жан берген,
Нүй шөяннің қыздары,[3] - деп басталатын Үрімжі жастарының өлеңі шыққанда, бұл киім маған тіпті жарасты.
Әділетті тергеушім, итті ит үріп табады да, бөріні бөрі ұлып табады. «Дөрт аяқ» деп ақырып тұрған найзағай астында қылмыстың орталау мектебін бітірген тума қылмысты қияннан іздеп қылмыс мектебін дәл тауыпты.
Оқытып, оқытып алып түрмеге айдайтын мектепті қылмыс мектебі десек, сіздің шамаңыз келер ме екен деп те қорқамын. (Бірақ, келісіміміз - шынын сөйлеу еді ғой, есіңізде шығар). Қылмыс мектебі жетілген оқушыларын жетік машинемен өзінің университетіне аттандырып жатқанын көріп, қызығудан көзім қызарып қанталап кетті. Қылмысқа құныға түстім. Бұл жәйім, әлі бір «данышпандық» мақалаға рай білдірмей қоюымнан аян болған шығар. Сіздің талғамыңыз бойынша жер шарында бұдан зор қылмыс болмақ емес. Олай болатыны, гомендаңның «шыжедатуң»[4] дейтініне Шынжаңды орайшылдықпен сатып берген - «данышпан көсемнің» осы мақаласы емес пе. Сіздерше шыжедатуңнан қасиетті мұрат бар ма. Қазір сол шыжедатуңды имандай сақтап отырған сіздердің жүректеріңізде осы «данышпандық» мақала әбден жаттаулы болар. Сол «нұрлы мақала» туылған күнгі шілдеханада менің үнсіз қалуым - қандыбалақ дәрежелі қылмыс тауып, университетке дайындалудың бастамасы екендігі белгілі.
(Жалғасы бар)
«Абай-ақпарат»
[1] Қазекеңді қазекең жәркемдесе жәркемдей бермей ме!
[2] Моңғол-қазақ мектебі
[3] Көбе - қытайша қазан қаспағы. О Жуандай - жан құрал асатын белдік. Нүй шөян - қыздар институты
[4] Шыжедатуң - дүниенің ұлы бірлігі. Гомендаңның ең жоғары мақсаты - дүниені басып алу