Мұхаммед Махфуз. АЛЛА ТАҒАЛА ЖӘНЕ АРШ МӘСЕЛЕСI
Қазiргi заманда мұсылмандардың арасында қақтығысқа алып келетiн мәселелер көбеюде. Бiр-бiрiн дiннен шығаруға дейiн алып баратын мәселелер кездесiп жатады. Бұл мәселенiң ең басында Аллаһ Тағаланың Аршыны игеру мәселесi келедi. Қазiргi таңда кейбiр адамдар Аллаһ Тағала аспанда немесе Аршының үстiнде деп айтпаса, оны дiннен шығарады. Мұсылман немесе кәпiр екенiн бiлiп алу үшiн мұсылмандар бiр-бiрiнен: "Аллаһ Тағала қайда?" деп сұрайтын болды. Мен осы мәселе жөнiнде Абу Ханифаның, оның шәкiрттерiнiң, Әһлi суннаның пiкiрiн айтып кеткiм келедi.
1. Бұл мәселедегi пiкiрталас жаңа туындап отырған жоқ. Ол өткен ғасырларға тиесiлi ескi мәселе. VII-VIII ғасырда өмiр сүрген Ибн Тәймия мұсылмандардың арасында осындай тартысқа әкелiп соғатын мәселенi ортаға шығарған. Өйткенi Ибн Тәймиядан бұрын бұл мәселе болмаған. Олай болатын болса, Ибн Тәймиядан бұрын өткен Абу Ханифа секiлдi ғалымдар не үшiн бұл мәселе жөнiнде әңгiме қозғаған деген табиғи сұрақ туындайды. Бұл сұраққа екi мәселе себеп болған болуы тиiс.
1) Ислам ақидасын үйретер кезде бұл мәселенi де сөз еткен болуы тиiс. Яғни, әрбiр мұсылманның бiлуi керек болған мәселелерi едi, қайшылық шықсын, шықпасын Аллаһ Тағаланың сипаттары мен пайғамбарларын, ақырет күнiн, есеп, жәннат, тозақ сияқты мәселелердi әрбiр мұсылман бiлуге қажет болған.
Қазiргi заманда мұсылмандардың арасында қақтығысқа алып келетiн мәселелер көбеюде. Бiр-бiрiн дiннен шығаруға дейiн алып баратын мәселелер кездесiп жатады. Бұл мәселенiң ең басында Аллаһ Тағаланың Аршыны игеру мәселесi келедi. Қазiргi таңда кейбiр адамдар Аллаһ Тағала аспанда немесе Аршының үстiнде деп айтпаса, оны дiннен шығарады. Мұсылман немесе кәпiр екенiн бiлiп алу үшiн мұсылмандар бiр-бiрiнен: "Аллаһ Тағала қайда?" деп сұрайтын болды. Мен осы мәселе жөнiнде Абу Ханифаның, оның шәкiрттерiнiң, Әһлi суннаның пiкiрiн айтып кеткiм келедi.
1. Бұл мәселедегi пiкiрталас жаңа туындап отырған жоқ. Ол өткен ғасырларға тиесiлi ескi мәселе. VII-VIII ғасырда өмiр сүрген Ибн Тәймия мұсылмандардың арасында осындай тартысқа әкелiп соғатын мәселенi ортаға шығарған. Өйткенi Ибн Тәймиядан бұрын бұл мәселе болмаған. Олай болатын болса, Ибн Тәймиядан бұрын өткен Абу Ханифа секiлдi ғалымдар не үшiн бұл мәселе жөнiнде әңгiме қозғаған деген табиғи сұрақ туындайды. Бұл сұраққа екi мәселе себеп болған болуы тиiс.
1) Ислам ақидасын үйретер кезде бұл мәселенi де сөз еткен болуы тиiс. Яғни, әрбiр мұсылманның бiлуi керек болған мәселелерi едi, қайшылық шықсын, шықпасын Аллаһ Тағаланың сипаттары мен пайғамбарларын, ақырет күнiн, есеп, жәннат, тозақ сияқты мәселелердi әрбiр мұсылман бiлуге қажет болған.
2) Сол кезде ислам әлемiнде көптеген адасқан Ағымдар болған; олар Аллаһ Тағала материя ол күрсiде (аспандағы бiр алаң) кәдiмгiдей отырады деген пiкiрде болған. Ол ағымдардың басында Мұхаммед ибн Кәррам атымен аталатын Карамия секiлдi адасқандар едi. Ол III-IV ғасырда өмiр сүрген тақуа кiсi болған мен заманында ақида мәселесiнде үлкен фитнә (қақтығыс) шығарған. Осы орайда Абу Ханифа және шәкiрттерi мен әһли сүннаның осы мәселедегi пiкiрiн айта кетейiн. "Аллаһ Тағала аспанда" "Аршының үстiнде отыр" деп айтқандарға және әһли сүннәтқа қарсы келгендерге дәлелдерiмiз мынадай.
2. Абу Ханифаның бұл мәселедегi пiкiрi: Аллаһ Тағала бiр орынға мұқтаждығы жоқ, ештеңе жаратылмай тұрғанда ол бар болатын. Ол барлық нәрсенiң Жаратушысы.
3. Фиқһ әл Акбардың шархында (8-бет) бұл мәселе жөнiнде Абу Ханифаның пiкiрi айқын. Аллаһ Тағаланың бiр мекенде болуына қарсы келген, өйткенi Аллаһ Тағала мекендер жаратылмай тұрғанда бар болатын. Имам Тахауаи: Аршы мен Күрсi - хақ, Аллаһ Тағала Аршыға да, одан басқасына да мұқтаж емес деп айтқан.
4. Әһли сүннәт: Аллаһ Тағаланы ештеңе қоршай алмайды, өйткенi ол қоршауға мұқтаж емес, яғни аршыға да, Күрсiге де, басқаға да мұқтаж емес деп айтады. Аршта отыр деген сөздiң төркiнi Аллаһ Тағаланы "дене", яғни материяға теңеуге апарады, Карамия немесе Килабия секiлдi адасқан ағымдар болмаса, бұрын - соңды ешкiмнiң тiлi бұл сөзге бармаған. Әһлi суннә былай дейдi: егер Аллаһ Тағала аспанда немесе Аршының үстiнде деп айтар болсақ, онда Аллаһ Тағаланы аспан немесе Аршымен қоршалған деп айтуымыз қажет, ол кезде Аршы Аллаһ Тағаладан үлкенiрек деген пiкiрге баруымыз керек. Аллаһ сақтасын! Бұл пiкiр Аллаһ Тағала Аршыға немесе Күрсiге мұқтаж деген сөзге апарады, ал бұл Аллаһ Тағаланың сипаттарына лайық сипат емес.
Аллаһ Тағала аспан, жер, Аршы, күрсi жаратылмас бұрын бар болатын, олай болса, олар жаратылмас бұрын қай жерде едi? Сонда "Аллаһ Тағала Аршқа мұқтаж" деп айтуымыз керек пе? Сонда аспанға мұқтаждығы керек едi, аспанды жаратты, деп айтамыз ба? Жоқ, олай емес Аллаһ Тағалаға бұл жараспайды.
Сондықтан Құрандағы
деген сөздiң мағынасы - "Аршыға отырды" емес, керiсiнше, Аршыны биледi деген сөз.
Әһлi сүннаға қарсы келгендердiң пiкiрi:
"Олар Аллаһ Тағала аспанда, ол Аршының үстiнде, өйткенi аспан ұлық мекен деп Аллаһ Тағалаға аспанды мекен жасайды. Әһлi суннаға жауап ретiнде сендер не үшiн "Аллаһ Тағала отыр" деп айтудың орнына "биледi", ие болды деп айтасыңдар? Онсыз да Аллаһ Тағала бүкiл барлықтың иесi емес пе? Сонда тек қана Аршыны билейдi, ал басқасында шаруасы болмай ма?" - дейдi.
Әһлi сунна оған былай жауап қайтарады: "Аллаһ Тағала: "Аршы пен Күрсiнi биледiм, оған ие болдым", - десе, демек, Ол, барлық жаратылысты биледiм деген сөз, өйткенi Аршы мен Күрсi жаратылыстардың көлем жағынан ең үлкенi ғой. Одан әрi ананы да, мынаны да биледiм, оған иемiн деп айтуға қажет қалмайды. Үлкенiн билеген соң, кiшiлерiн билеу әрине жеңiл."
Әһлi сунна қарсыластары Аллаһ Тағала аспанда деп мынадай дәлел келтiредi:
1. Егер Аллаһ Тағала аспанда болмаса, неге дұға жасағанда қолдарымызды аспанға қарай көтеремiз?
2. Аллаһ Тағала Құран Кәрiмде: "сендердi жермен бiрдей ететiн аспандағыдан аман бола аласыңдар ма?" - деген.
3. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бiр күңнен мұсылман екенiн бiлу үшiн Аллаһ Тағала қайда? - деп сұраған кезде, ол әйел аспанда деп жауап қайтарады. Сонда Пайғамбарымыз - бұл әйел мүъмина деп айтқан.
4. Егер Аллаһ Тағала белгiлi бiр жақта болмаса, онда ол қайда: әлемнiң үстiнде ме, астында ма, оң жағында ма, әлде сол жағында ма, алдында ма, артында ма? Қалай көзiмiзге елестетуге болады?
Бұл сұрақтарға Әһлi сунна ғалымдары мынадай жауап қайтарады:
Дұғада аспанға қарап қол көтеру мәселесiне келсек: Аллаһ Тағала дұғаның құбыласы етiп, намаздың құбыласын қағбаға қаратып жасағандай, аспанды келтiрген. Бiз не үшiн құбылаға қарап намаз оқимыз? Сонда Құдай Тағала қағбаның iшiнде ме, оны ешкiм олай айта алмайды. Сондай-ақ дұға жасағанда Аллаһ Тағаланы аспанда деп айта алмаймыз. Дұғада аспанға қарап қол жаюдың себебi; береке, ырыс жаңбыр аспаннан түседi, сондықтан Аллаһ Тағала аспанды дұғаның құбыласы еткен.
Тағы бiр хадисте пенденiң Құдайға ең жақын жерi сәжде жасап тұрғаны екен, сонда Аллаһ Тағала жерде деген сөз бе, бұл сөздi Әһлi суннаның қарсыластары да айтпайды. Жоғарыда айтылған "аспандағыдан жермен-жексен болудан амансыңдар ма" деген аятқа келсек, оның мағынасы - аспандағы Аллаһтың азап перiштелерiнен сақтана аласыңдар ма деген сөз. Аллаһ Тағала аспанда деген сөз емес. Ханафи болған әс-Сығанақи былай дейдi: Егер Құран аяттарының тiкелей мағынасына назар аударар болсақ, ол кезде көптеген түсiнбеушiлiктер, қайшылақтар шығуы әбден мүмкiн, мысалы: Аллаһ Тағала Құран Кәрiмде "Аллаһ Тағала аспанда және жерде" деген аят бар, сонда аспанда бiр құдай, жерде тағы бiр құдай бар деген мағына бередi. Бiр хадисте: "Қаратас Аллаһ Тағаланың оң қолы" деп айтылған. Егер хадистiң тiкелей мағынасына назар аударсақ, онда Қаратас Аллаһтың бiр мүшесi деген сөз шығады. Осы сияқты тiкелей мағынасына қарайтын болсақ, Аллаһ Тағалаға лайық болмаған мысалдар өте көп.
5. Жоғарыда келген күң әйелдiң жауабына келер болсақ, ол әйел Құдай тағала аспанда деп айтқан кезде пайғамбарымыз бұл әйел - мұсылман әйелi деген. Имам Ғазали бұл хадиске мынандай мағына бередi: ол әйел сақау әйел болатын, сол себептен аспанды көрсеттi, яғни мен жердегi пұттарға табынбаймын, тек Аллаһқа табынамын деген. Сол себептен пайғамбарымыз бұл мұсылман әйелi деп айтқан. Бұл хадистiң риуаяттарында және Бұхаридiң риуаятында: ол әйел сақау болмаған, оны бiле тұра Аллаһ Тағала аспанда деп айтқан. Әһлi сунна ғұламалары ол әйелдiң қарапайым ой өрiсi тар, ақылы аз әйел болғандықтан пайғамбарымыз одан осылайша сұраған, яғни ол жердегi пұттарға сиына ма, әлде Аллаһ Тағалаға сиына ма деген мақсатпен сұрап едi, - дейдi. Ол әйелден бұл жауапты алған кезде, иә, бұл әйел жердегi пұттарға табынбайды екен, мұсылман екен ғой деп шешкен.
6. Аллаһ Тағала егер белгiлi бiр жақта болмаса, ол қайда? Егер ол бар болса, бiр жерде болуы қажет деген сұраққа Имам Ғаззали былай жауап бередi:
"Бұл ой адамзаттың ойы, өйткенi ол бiр заттың бар екенiн бiр жерге тиiстiру арқылы көз алдына келтiредi. Ал бiз - Аллаһ Тағала ештеңе жаратылмай тұрған кезде, оң, сол, асты, үстi секiлдi жақтар жаратылмай тұрғанда да, Аллаһ Тағала бар едi деп айтамыз. Сол секiлдi ешбiр орынға тиесiлi болмаған рух сияқты жаратылыстар бар. Ол адам денесiнiң қай жерiнде екенi белгiсiз, өйткенi ол материя емес. Сондықтан бiр жерге немесе белгiлi бiр жаққа мұқтаж болу, ол материяның қажеттiлiгi. Бiз бiлетiн рух бiр мекенге мұқтаж болмаса, Аллаһ Тағала қалайша бiр мекенге мұқтаж болады. Аллаһ Тағала алты жақтың бiреуiне тиесiлi деген сөзге келер болсақ, бар болған зат, сол жақтардың бiреуiне тиесiлi болуы шарт деген сөз емес қой. Имам Ғаззали бұл мәселе тұрғысында мынадай мысал келтiредi: мысалы, кәдiмгi тасқа ғалым немесе надан деп айтуға бола ма екен? Әрине, мұндай сипат тастың еншiсiнде жоқ, ол ғалым да, надан да бола алмайды. Өйткенi ол тiрi жан емес. Сондай-ақ, Аллаһ Тағалаға, материяға қажеттi сипаттарды тағуға болмайды, өйткенi Аллаһ Тағала дене (материя) емес. Сөзiмiздi қорыта келе, былай деймiз. Ең абзалы бұрынғы өткен сахабалар секiлдi бұл мәселе жөнiнде көп тартыспай жай ғана иман келтiремiз. Мiне, сонда мұсылмандардың арасында ешқандай қақтығыс шықпайды.
Әһлi суннаның бұл мәселенi қолға алуы, мұсылмандар арасында фитналар, қақтығыстар, бiрiн-бiрi алалап, дiннен алып дiнге салулары себеп болған.
Мұхаммед Махфуз, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениетi университетiнiң докторы
«Түркістан» газеті» 2 шілде 2009 жыл