Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
46 - сөз 5879 7 пікір 2 Наурыз, 2021 сағат 13:28

Бізде жоғары білімді адам деген сөздің қадірі қалмады

 

Кезінде Алаш арыстарының біразы татар мен орыстың қыздарына үйленді. Ли Куан Ю реформа жасағанда білімді жастарды қолдады. Жоғары білімі жоқтардың пәтер алуы қиындау болатын. Олардың бала санын да шектеуді насихаттады. Керісінше жоғары білімді жастардың бірге қосылғанын насихаттады. Оларға таныстық үшін бөлек клуб ашып, жоғары білімді азаматтардың балаларының көбейгенін құптады. Жалпы тең теңімен деген нәрсені біздегідей байлықпен емес біліммен теңестірді.

Түркияда бір кездері сайлау боларда бір адамдар жоғары білімді адамдардың дауысын 10 адам ретінде санауды ұсынды. Бізде бұл нәрсе жүрмейді. Себебі халықтың 80%-ы жоғары білімді. Мектеп бітірген бала сол жылы оқуға түсе алмаса өз өздеріне қол жұмсап та қояды. Себебі қатарластарының 70-80%-ы университетке түседі. Оқуын бітірген соң жоғары білімді жұмыссыз болады. Жоғары білімді адам деген сөздің қадірі қалмады-ау бізде.

7 пікір