Қарызға батқан Қазақстан
Қазақстанның сыртқы қарызы 123,8 млрд долларға жетті
Ұлттық банктен шығып отырған мәліметке сүйенсек, 2011 жылдың аяғында Қазақстанның сыртқы қарызы 123,848 миллиард доларға жетіпті. Ал, 2010 жылғы қарыз көлемі 118,226 миллиард болған екен. Қысқасы, 2011 жылы мемлекеттік және мемлекеттік кепілдікпен алынған қарыз жалпы сыртқы қарыздың өсімінде 4,3% -дан 4,4%-ға жеткен. Осыған орай мемлекет кепілдік бермеген қарыз 95,7%-дан 95,6%-ға дейін кеміген көрінеді. Бұл, әрине банктер мен компаниялардың қарызын әдеттегідей мемлекет өз мойнына алып жатыр дегенді білдірсе керек. Ұлттық банктің ақпаратында да ағымдағы есеп бойынша, банк саласының сыртқы қарызы 14, 600 миллиард долларға, яғни, 16,8% -ға кемігені көрсетілген.
Ұлттық банктің ақпаратына зер сала түссек, 2012 жылдың 1 қаңтарындағы сыртқы қарыз мөлшерінің 48,4%-ын фирмааралық, нақтысын айтқанда шетелдік компаниялардың еліміздегі еншілес компаниялары мен бізде жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың қарызы құрайтын болып шықты.
Қарызға батқан Қазақстанның қаржылық жағдайы міне, осындай болып тұр. Салыстыру үшін айта кетейік, 150 миллионнан астам халқы бар солтүстіктегі көршіміз Ресейдің сыртқа қарызы 2011 жылы 36,0 миллиардтың шегінде тұрақтапты. Ал, Өзбекстанның қарызы 2011жылы ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 17, 5 пайызын ғана құрады.
«Абай-ақпарат»