Сейсенбі, 26 Қараша 2024
46 - сөз 4366 8 пікір 15 Наурыз, 2021 сағат 12:10

Қазақстан - ЕАЭО-ның экономикалық тұтқыны

Еуразиялық одақтағы біздің нарық Ресейдің көлеңкесінде күнін көріп жатыр

Еуразиялық одақтың Қазақстанға келтірген зияны жайында Досым Сатпаев қана бір шеттен дауыс көтеріп жатыр. Біздің саясаткерлерді бұл аса ойландырмайтын сияқты. Шын мәнінде біз Еуразиялық одақтан опа таппаймыз. Бұл Ресейдің мүддесі үшін құрылған одақ.

Қазақстан бұл одақтың экономикалық пленіндегі ел. 170 миллион тұтынушысы бар бұл одақта Қазақстан өзінің бизнес әлеуетін оңалта алмай, ішкі және сыртқы нарықта жеңіліс табумен ғана шектеліп отыр. Бар болғаны өзінің шикізатын төмен бағамен сыртқы нарыққа жолдаумен шектелуде. Өзінде ішкі нарықтық бәсекеке қалыптаспаған ел үшін бұл экономикалық абсурд болып тұр. Бұл дегенің - қазақстандық нарық пен бизнес Ресейдің нарығының тасасында әупірімдеп күнін көріп жатыр деген сөз. Тәуелділік пен қысым. Ал, Ресейге баратын әрбір тауарлар ветеринарлық, санитарлық талаптармен қатаң тексеріледі. Оларда федеральді кеден бекеттері жұмыс жасап тұр. Ал, бізге келетін тауарлар кедендік бекеттерден өтсе болды, қалай келсе де келіп жатыр.

Кедендік одақтағы елдердің ішінде Ресей түгілі басқасы да Қазақстанның ішкі немесе сыртқы нарығының бәсекеге қабілетті болуын қаламайды. Себебі, оларға сапасы жақсы арзан тауар ғана керек. Сонда Қазақстан баяғы КСРО кезіндегі "складтың" рөлінен әлі босаған жоқ.

Бұған жол беріп отырған ең басты себептер:

1. Шектен шыққан жемқорлық

2. Мемлекеттік аппараттарды уысына ұстаған бюрократия.

Міне, біздің ішкі нарықты да, сыртқы нарықты да оңдырмай отырған мемлекеттік аппараттардағы бюрократия мен коррупция. Оған өзіміз кінәліміз. Бұл факторлар тұрғанда қайдағы даму? Қайдағы білім мен технологияны дамыту?

Шектен шыққан жемқорлық пен бюрократияны тоқтата алмасақ, бізде ешқашан да ішкі және сыртқы нарықтағы еркін бәсекелі нарық қалыптаспайды. Нарық қалыптаспай, елдің экономикалық әлеуеті мен ахуалы ешқашан да жақсармайды. Бұл тарапынан келгенде Өзбекстан бізден алға шығып, өзінің суверенитетін сақтап отыр.

Бекболат Қаржанның жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5962