Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2627 0 пікір 5 Сәуір, 2012 сағат 10:25

Халықаралық келісімдердің қазақ тіліндегі мәтіндерінде олқылықты болдырмау үшін арнайы сараптамалық топ құрылады

Халықаралық келісімдердің қазақ тіліндегі мәтіндерінде олқылықты болдырмау үшін арнайы сараптамалық топ құрылатын болады.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата Төрағасы Қайрат Мәми осылай мәлім етті.

«Екіжақты келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларында қазақ тілінің әртүрлі деңгейде қолданылып, сол үшін қайтарылып жататыны белгілі. Біз бюрода бұл мәселені талқылап, кейін Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулинмен келісіп, Үкіметке хат жолдадық. Ол хатта халықаралық ратификацияланатын келісімдерді қол қойылғанға дейін арнайы топтың сараптамасынан өткізу керек деген едік», - дейді Сенат спикері. Төрағаның айтуынша, қол қойылатын келісімдер алдымен министрліктер мен Үкіметтің, сондай-ақ Мәжіліс пен Сенаттың өкілдерінен құрылған арнайы топта талқылануы тиіс. «Олай болмаса әлгі министрліктер келісімнің мәтінін өздерінше аударса, Үкімет оны басқаша аударады. Сосын Парламентте талқыланғанда Мәжіліс те Сенат та аудармаға қатысты басқаша өзгерістер енгізіп қайтарып жатыр. Сондықтан да Сыртқы істер министрлігіне бұл мәселе қатаң ескертілді. Жақын арады осындай арнайы топ құрылатын болады», - дейді Қайрат Мәми.

Қазақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371