Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
46 - сөз 6159 7 пікір 23 Наурыз, 2021 сағат 13:40

Қазақ және қырғыздың бас ауруы басқа

Әлемде америкалық және кәріс деген екі ұлт бар. Өзара Apple мықты ма әлде Samsung мықты ма деп бәсекелеседі. Қазір уақытта Samsung-тың капитализациясы 550 миллиард доллар болса Apple-дың капитализациясы 1 триллион 200 миллиардтан асып кетті. Осы темппен кете берсе жақын уақытта Apple-дың капитализациясы бүкіл Ресейдің ЖІӨ-нен озады.

Жердің бір жерінде қазақ және қырғыз деген екі ұлт бар. Бұлар да өзара бәсекелесіп бір бірлерінен озуға тыраштанып жатыр. Бұлардың бас аурулары басқаша бірақ. 1000 жыл бұрыңғы ата бабасы ойнап кеткен көкпар деген ойынды шеңбер болсын ба, әлде қазандық болсын ба деген тартыс. Сол бәсекеде кім жеңсе еңселері көтеріліп, жеңілдеп қалатын сияқты.

Сабит Рысбаев

Abai.kz

7 пікір