Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5334 3 пікір 23 Наурыз, 2021 сағат 17:49

Тағы да санкция...

АҚШ пен Ұлыбритания Ресейдің сыртқы мемлекеттік қарыздары мен құнды қағаздарына, облигациялары мен мемлекеттік акцияларына санкция жариялады.

АҚШ пен Ұлыбритания Ресейдің сыртқы мемлекеттік қарызына шүйлігіп, шетелдік инвесторларға Ресейдің құнды қағаздары мен облигацияларын, мемлекеттік акцияларын сатып алуға тыйым салды. Бұл алдағы уақытта Ресейдің нарығы мен экономикасына ауыр соққы болатын болды деп ресейлік РИА Новости шулап кетті.

Халықаралық экономикалық эксперттердің айтуынша, Ресейлік құнды қағаздар мен облигацияларды, акцияларды сатып алуға қойылған шектеу Ресей нарығына екі жағдайда ауыр соққы болып тиеді:

  1. Федеральді займдағы облигациялардың айналымы тоқтайды, оған қатаң шектеу болады.
  2. Америкалық, еуропалық компанияларда ресейлік құнды қағаздар мен облигациялардың, акциялардың құны тоқырап кетеді.

Бұл екі нұсқа Ресей мемлекеттік қарызы мен ішкі нарығына да ауыр соққы болмақ.

АҚШ сонымен қатар 2019 жылғы «Скрипал» ісі бойынша да ресейлік қаржы айналымдарын блоктап, Америкалық банктердегі қаржы ағымын шектеуді қолға алды. Жақында Ресейдің мемлекеттік сыртқы қарызына да санкция жарияланады деді Financial Times. Бірақ мұның еуропалық көптеген компанияларға да кері әсері болмақ. Бұл жолғы Ресейге жарияланатын санкцияны АҚШ пен Ұлыбритания бірге іске асырмақ.

Әлемдік нарықта Ресей рубльі ешқандай да өзгеріс жасай алмайды. Ресейлік валюта бағамы төмендемесе, өзгеріссіз қалтырап тұр. Біздің теңге рубльге байланған. Теңгенің тағдыры рубльге байланысты. Ертең ресейлік валютаға қосымша соққы тисе, біздің теңге басы ауған жаққа қаңғып кеткелі тұр...

Бекболат Қаржан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385