Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2842 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 19:39

Құралай СЛӘМҚЫЗЫ. Ауылға аттанғандар – алаңдамайтын болады

Оқуды жаңа бітірген жас маманның «құлағына алтын сырға». Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйытқы болуымен «Дипломмен - ауылға» атты шара ұйымдастырылуда. Мұндағы мақсат - оқуды тәмамдаған жастарға жұмыс ұсыну. Ұсынып қана қоймай, барынша жағдай жасау. Тек қойылған талап біреу. Ол - уақыт создырмай, шалғайдағы елді мекендерге жылдам аттану. Қазіргі уақытта ауылдық жерлерге жас кадрлар аттап баспайды. Жасы ұлғайған мамандардың орнын басар маман жоқ. Ал қалада жұмыс таппай, қаптап жүрген кадр көп. Парадокс. Еңбек нарығындағы тепе-теңдікті реттеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі таяуда тағы бір шараны қолға алды. ТМД төңірегінде тұңғыш рет қолға алынған бұл бағдарлама - мемлекеттің жастарға көрсеткен қолдауы.
Министрлік таратқан деректерге сүйенсек, 2009-2011 жылдары облыс аймақтарындағы зәрулік 26 584 маманға жеткен. Оның ішінде: білім беру саласына - 13 300, денсаулық сақтау саласына - 7 340, мәдениет саласына - 3 755, спорт саласына - 1 122, әлеуметтік қамсыздандыру саласына 1 037 адам қажет.
Әсіресе, жекелеген облыс басшылары мамандардың жетпейтінін айтып, дабыл қағуда. Нақтырақ айтқанда, Қызылорда облысы (4 315 адам), Қостанай облысы (2 778 адам), Алматы облысы ( 2 523 адам), Ақмола облысы (2 072 адам), Батыс Қазақстан облысы (2 059 адам).

Осыдан екі жыл бұрын Елбасы ауылға баратын дәрігерлер мен ұстаздарға, басқа да әлеуметтік сала мамандарына қолдау мен ынталандыру шараларын қабылдау туралы тапсырма берген еді. Осыны ескерген Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оған қарасты мемлекеттік органдар бірлесе жұмыс жасауға білек сыбана кіріскен.
Заң аясында жас мамандарды қолдау үшін республикалық бюджеттен 20 482 735 мың теңге қаражат бөлініпті. Бір реттік көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға да ақша қарастырылыпты. Ендеше, жастардың алаңдамай-ақ ауылға аттануына болады. Карьера жасауға құмар мамандарға берілген тағы бір мүмкіндік - осы.
Ұғынықты болу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылды аумақтар істері жөніндегі комитеттің арнайы әзірлеген бағдарламаға көз жүгіртсек.

Құралай СЛӘМҚЫЗЫ

«Нұр Астана» газеті 2 шілде 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377