Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2228 0 пікір 12 Сәуір, 2012 сағат 08:14

2011 жылы Қазақстанда қаржының көлеңкелі айналымынан 100 млрд.-тан астам теңгеге шығын келді

2011 жылы көлеңкелі қаржы айналымы бағытында 3127 қылмыс анықталды.

Осы тұрғыда 112 млрд. теңгеден астам сомаға шығын келтірілді. Осы шығынның 61 млрд. теңгесінің орны толтырылды. Бұл жайында бүгін Астанада Қаржыны жымқыруға тосқауыл қоюға байланысты арналған семинарда мәлім болды.

Айта кетейік, бұл басқосуға ҚР Қаржы министрлігінің мамандары және Литва Республикасының қаржы саласының мамандары қатысуда. Таратылған мәліметтерге қарағанда, жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстың жыл сайынғы өсімі 20-30 пайызды құрап отыр. Мәселен, 2008 жылы 360 жалған кәсіпкерлік қылмысы тіркелсе, 2009 жылы оның саны 560-қа жетті. Ал, 2010 жылы осындай 889 қылмыс тіркелді.

Атап айтқанда, 2008 жылы мұндай қылмыстар бойынша шығындар 13 млрд. теңгені құраса, ал 2010 жылы 68 млрд. теңгеге жетті. Сондай-ақ, 2011 жылы келтірілген шығын көлемі 33,7 млрд. теңгені құрады.

Айта кетейік, осы келтірілген залалдың тек жартысы ғана қайтарылып отыр. 2006-2010 жылдар аралығында 671 субъекті сот тарапынан жалған кәсіпорын ретінде танылды. Бұл кәсіпорындар бойынша қосымша құн салығы тұрғысындағы бюджетке келтірілген шығын 76,8 млрд. теңгеге жетті.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522