Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 19014 0 пікір 24 Сәуір, 2021 сағат 16:31

ҮЕҰ-дар: әлем және Қазақстан тәжірибесі

Елімізде 22 мыңнан астам Үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Олардың барлығы дерлік тіркеуде бар болса да, қызмет етіп жатқандары 10 мыңнан аспайды. Себебі тек құжаттық тұрғыдан ашық тұрса да, басқа тұрғыдан көбісі тек жабық күйде тұр.

Жабық ҮЕҰ-дардың тарихы мен жүріп өткен жолы өте қызық. Бұл біз білуге тиіс ақпарат. Себебі тоталитарлық режимнен шығып, демократияға қадам басқан Қазақстан үшін азаматтық қоғамды қалыптастыру қашанда маңызды ғой.

Алғашқы ҮЕҰ 19 ғасырдың бірінші жартысында пайда бола бастады. Осындай алғашқы ұйымдардың бірі 1823 жылы құрылған Британдық және Халықаралық құлдыққа қарсы күрес қоғамы болды. Барлығы 1905 жылы әлемде 134 ҮЕҰ, 1958 жылы - 1000, 1972 жылға қарай - 2470 дейін, ал 1980 жылдардың аяғында - 4000-нан астам ұйымдар пайда болып, қызмет ете бастады. ҮЕҰ-дың пайда болуының негізгі катализаторы Біріккен Ұлттар Ұйымының және оның дамыған органдар жүйесінің пайда болуынан еді. БҰҰ коммунистік режимдерге қарсы әрекеттер етіп, қызмет жасай бастады. БҰҰ-ның өзін үлкен халықаралық негіздегі ҮЕҰ ретінде қарастырып келе жатқан сарапшылар да бар.

ҮЕҰ түсінігі жалпы түсінікті болу үшін олардың бірқатарын жаза кетейік. Халықаралық дәрежеде әлемге танымал мынандай ұйымдар бар.
Шекарасыз дәрігерлер ұйымы - тәуелсіз халықаралық медициналық гуманитарлық ұйым, 1999 ж. табиғи және техногендік апаттардан қарулы қақтығыстардан зардап шеккендерге гуманитарлық қызмет және көмек көрсеткені үшін Нобель сыйлығының лауреаты атанды. 1971 жылы Парижде Нигериядағы қақтығыс құрбандарына көмек көрсету үшін құрылған. Ол көптеген соғыс ошақтарында жұмыс істейді, нашақорлық пен ЖҚТБ-мен күресу бойынша ағартушылық-профилактикалық жұмыстар жүргізеді, қоғамды дағдарыстық жағдайлар мен олардың салдары туралы хабардар етеді. Қазіргі уақытта оның 20 аймақтық кеңселері бар, оның еріктілері (3 мыңнан астам адам) жыл сайын әлемнің 80-нен астам елдерінде жұмыс істейді. Ұйымның штаб-пәтері Брюссельде орналасқан. Жалпы жұмыс күші 2500-ден асады, олардың көпшілігі дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер. Ұйым жеке қайырымдықтар есебінен қаржыландырылады, оның қаражатының шамамен 80% -ы екі миллион жеке донорлардан тұрады. Ең маңызды халықаралық бағдарламалары ретінде: 1994 жылдан бастап – «Ұлы көлдер» аймағында этникалық және аймақтық қақтығыстардың азаматтық құрбандарына көмек; 2002-2003 - Либериядағы азаматтық соғыс кезіндегі миссия; 1994 – «Руандадағы геноцид» құрбандарына көмек; 2003 жылы Ирактағы миссияға дейін, ол жерден Бағдаттағы Қызыл Крест миссиясына жасалған террористік шабуылдан кейін жеке құрамы шығарылды; 1979-2004 - Ауғанстан-Пәкістан шекарасындағы және Ауғанстанның өзіндегі миссия. Аатылмыш ұйымның арқасында тәуелсіз гуманитарлық көмек көрсету проблемасы халықаралық саясаттың басты басымдықтарының біріне айналды. Ұйымның жарғысы оның халықаралық үкіметтік емес ұйым мәртебесін анықтайды.

Келесі ұйым ретінде Greenpeaceты айтсақ болады. Бұл адам құқықтары негізінде табиғатты қорғай жөніндегі (үкіметтік емес) халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол Ванкуверде (Канада) 1971 жылы құрылды. ҮЕҰ-ның басты мақсаты - ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуге қол жеткізу. Оларға қоғам мен биліктің назарын аудару үшін ұйым елеулі жұмыстар жүргізеді. Белсенділері атышулы әрекеттерімен танымал, экологиялық қылмыс болған жерге баруға тырысады және бұқаралық ақпарат құралдарын тәуелсіз және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуге барын салады. Скандинавия, Жерорта теңізі, Оңтүстік-Шығыс Азия, Австралия және Океания аймақтарында кластерлік (бірнеше штаттарды біріктіретін) өкілдіктері және Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Греция, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалиядағы ұлттық кеңселері бар. Ресей, Румыния, Франция, Чехия, Швейцария, Үндістан, Қытай, Жапония, Конго, Сенегал, Оңтүстік Африка, Канада, Мексика, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Чили, Жаңа Зеландия сынды елдерде де офистері бар, жұмыс істеп келеді. Greenpeace тек жақтаушыларының қайырымдылықтары арқылы өмір сүреді, мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан немесе кәсіпкерлерден қаржылық көмек алмайды. Ұйымның ең маңызды атқарған шаралары ретінде мыналарды атап өтсек болады: мұнай өнімдерін пайдалануға қарсы акциялар, оны пайдалану кезінде атмосфера улы заттармен қатты ластанғанын да дәлелдеген шуға толы шаралары да бар. Белсенділер мұнай цистерналары мен платформаларына еніп, 1995 жылы Shell Brent Spar мұнай платформасының су астында қалуын болдырмады. iPhone жасалған материалдарға қарсы шықты. 2007-2008 жылдардағы Сочи Олимпиадасына арналған нысандардың құрылысына қатысты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып, табиғатқа қарсы әрекеттерін қатаң айыптады. Бұл халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға қатысты дүние болатын. Енді жалпы елімізге қатысты айтатын болсақ.

Дамыған азаматтық қоғам - өмір сапасының жоғары стандарттары бар кез-келген заманауи мемлекеттің негізі. Тиімді диалог алаңдарының бірі, сондай-ақ азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері арасындағы байланыс көпірі үкіметтік емес сектордың субъектілері болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстанда 6 саяси партия ресми тіркелген, 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), 18 конфессияны білдіретін 3,7 мың діни бірлестіктер, 3,5 мың түрлі меншік формасындағы бұқаралық ақпарат құралдары, 234 қоғамдық кеңестер, 3 ірі құрамына 36 салалық және 19 аумақтық ұйымдар кіретін кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері бар. Олар өз қызметтерін жасап жатыр. Жоғарыда айтқанымыздай, олардың да қоғамға берер пайдалары мол. Өз бағыттарына сай күресіп келеді.
Осы жылдың сәуірінде елде 16,4 мың белсенді үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) болды. Олардың көпшілігі келесі бағыттарда жұмыс істейді:
• халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау (белсенді ҮЕҰ-дың 14,7%);
• дене шынықтыру және спорт (12,8%);
• азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау (11,35%);
• жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау (8,66%);
• білім және ғылым (7,09%).

Өткен жылдың шілде айында Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды.
Тұжырымдамада мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды әзірлеуге және іске асыруға қоғамның қатысу жүйесін дамыту, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жетілдіруге көмек көрсету, мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы серіктестік жүйесін нығайту, арттыру азаматтық қоғамның тұрақтылығы, сондай-ақ оны одан әрі саяси қайта құру және жаңарту бойынша нақты ұсыныстар айтылып, көрсетілді.

Үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың негізгі көзі - мемлекет. Бизнес, қаражат жинау жүйелері, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары да маңызды рөл атқарады. Әлем бойынша ҮЕҰдарға JPMorgan инвестициялық фирмасы алдағы онжылдықта бизнес қауымдастық әлеуметтік жобаларға 1 трлн долларға дейін қаражат салады деп болжайды. ҚР тұтастай алғанда әлемдік трендтермен бір бағытта жүреді. Мысалы, елдегі ірі компаниялар қайырымдылыққа қаражат бөліп қана қоймай, тұрақты түрде жұмыс істейтін ҮЕҰ түрінде қор жасақтау тәжірибесін де қолданып келеді. Өз кезегінде мемлекет ҮЕҰ-ны гранттар мен марапаттар арқылы қаржыландырады.

2020 жылы 1,8 миллиард теңгеге гранттар берілді. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауға барлығы 554,1 млн. теңге бөлінген. Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етуге тағы 305,4 миллион теңге бөлінсе, 231,5 млн.теңге - білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге; 214,2 млн.теңге - қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға; 114,6 млн.теңге - халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға жұмсалған. Бұл жүздеген үкіметтік емес ұйымдардың тиімді жұмыс істеуіне қызмет етті деген сөз.

Осы саладағы одан әрі даму Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруінің бір қадамы болады. Дамыған елдердегі ҮЕҰ-дар табысының үлесі ЖІӨ-нің 20% -на дейін жететіндігін, ал ҮЕҰ-да жұмыс істейтіндердің саны еңбекке қабілетті халықтың шамамен 30% -ын құрайтындығын ескергеніміз дұрыс. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Азаматтық қоғам дамыған сайын, ол өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Биыл ҮЕҰ-дың ішінде есептік кезеңінде өз қызметі туралы мәліметтерді базаға Қазақстан Республикасы бойынша 5856 үкіметтік емес ұйым ұсынды. Бұл елімізде бар ҮЕҰ санынан әлдеқайда аз. Сондықтан бұл сала бойынша да қызмет атқарғанымыз дұрыс. Бір қағиданы естен шығармаған абзал: ҮЕҰ дамыған қоғам, демократиялық қоғамға тез жетеді.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364