ИК сұхбаты: Президент әкімшілігі не дейді?
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Открытый диалог 2.0» бағдарламасында қонақ болып, «Ирина Кайратовна» тобының ресейлік журналист Дудьқа берген сұхбатына қатысты пікір білдірді.
Абаев сұхбатты толық көрмеген. Алайда, оларды өз елінің патриоттары санайтынын айтыпты. Ал, «Ирина Кайратовнаның» билікке сын айтқан кейбір ойларымен келісуге болады дейді.
– Бұл олардың құқығы. Бұл біздің елде билікті сынайтын алғашқы адамдар емес. Өркениетті әлем үшін бұл қалыпты жағдай. Әрине, мен кейбір тезистермен келіспеймін, кейбіреулерімен ішінара келісемін. Жалпы, көптеген дұрыс нәрселер айтылды. Бұл жерде ең бастысы – балалардың ел тағдырына немқұрайлы қарамауы. Менің ойымша, бұл біздің жаңа мәдени толқынымыз үшін жақсы құбылыс.
Әрине, олар шығармашылықта өздерін көрсетуден басқа, өздерінің азаматтық ұстанымдарын жиі жариялайды.
Кейбір мәлімдемелер өте қатал болып көрінуі мүмкін. Менің ойымша, бұл қалыпты жағдай. Тағы бір нәрсе, уақыт барлығын өз орнына қояды.
Айта кетейік, бұған дейін «Ирина Кайратовна» тобының «вДудь» бағдарламасына берген сұхбаты қоғамда үлкен талқыға түскен. Онда ИК-ның жігіттері қоғамдағы саяси мәселелер туралы ашық пікірлерімен бөліскен болатын.
Abai.kz