Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3835 0 пікір 7 Мамыр, 2012 сағат 10:35

Қазақстандағы ұйғырлардың көксегенi не?

ДҮНИЕЖҮЗI ҰЙҒЫРЛАРЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДҮБIРIНЕ БIЗДЕГI ҰЙҒЫРЛАР ДА ҚҰЛАҒЫН ТҮРIП, ЕЛЕҢДЕП ОТЫР

Бiздiң елде тұратын кейбiр ұлт өкiлдерiнiң жазға салым ауық-ауық ойы бұзылып тұрады. Әсiресе, ұйғыр ұлтының. Аждаһаның "бүйiрiн жылытып" жатқан ағайындары жақын тұр­ғаннан шығар, бәлкiм. Қайбiр жылы Шелекте ұйғырдың жастары қазақ жастарымен жаппай төбелес жасады. Қазақтың өрiмдей қыздарын зорлап кеттi. Бiр емес, бiрнеше рет. Малыбайда қазақтың жiгiтiн тепкi­леп, басына бөтелке тығып өл­тiрдi. Жоқ мемлекеттiң туы мен әнұранын насихаттап, қазақ жас­тарының жүйкесiне ши жүгiрттi. Осының бәрi ар-на­мыс­қа тие ме? Тиедi, әрине. Тигенде қандай! Қазақ қанша жерден кеңқолтық болса да! Дүниежүзi ұйғырларының құрылтайы (ДҰҚ) дегендi естуiңiз бар шығар. ДҰҚ - 1992 жылы Түр­кия­да құрылған. Мақсаты - қазiргi Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы аумағында Шығыс Түркiстан немесе Ұйғырстан мемлекетiн құру. ДҰҚ-ның қазiргi жетекшiсi - Қытай азаматы, бiрақ қазiр АҚШ-та тұратын Рәбия Қадыр. ДҰҚ-ның штаб-пәтерi Вашингтонда және Мюнхенде орналасқан. Қытайда ДҰҚ террористiк ұйым деп ресми түрде танылған.

ДҮНИЕЖҮЗI ҰЙҒЫРЛАРЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДҮБIРIНЕ БIЗДЕГI ҰЙҒЫРЛАР ДА ҚҰЛАҒЫН ТҮРIП, ЕЛЕҢДЕП ОТЫР

Бiздiң елде тұратын кейбiр ұлт өкiлдерiнiң жазға салым ауық-ауық ойы бұзылып тұрады. Әсiресе, ұйғыр ұлтының. Аждаһаның "бүйiрiн жылытып" жатқан ағайындары жақын тұр­ғаннан шығар, бәлкiм. Қайбiр жылы Шелекте ұйғырдың жастары қазақ жастарымен жаппай төбелес жасады. Қазақтың өрiмдей қыздарын зорлап кеттi. Бiр емес, бiрнеше рет. Малыбайда қазақтың жiгiтiн тепкi­леп, басына бөтелке тығып өл­тiрдi. Жоқ мемлекеттiң туы мен әнұранын насихаттап, қазақ жас­тарының жүйкесiне ши жүгiрттi. Осының бәрi ар-на­мыс­қа тие ме? Тиедi, әрине. Тигенде қандай! Қазақ қанша жерден кеңқолтық болса да! Дүниежүзi ұйғырларының құрылтайы (ДҰҚ) дегендi естуiңiз бар шығар. ДҰҚ - 1992 жылы Түр­кия­да құрылған. Мақсаты - қазiргi Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы аумағында Шығыс Түркiстан немесе Ұйғырстан мемлекетiн құру. ДҰҚ-ның қазiргi жетекшiсi - Қытай азаматы, бiрақ қазiр АҚШ-та тұратын Рәбия Қадыр. ДҰҚ-ның штаб-пәтерi Вашингтонда және Мюнхенде орналасқан. Қытайда ДҰҚ террористiк ұйым деп ресми түрде танылған.

Бiздiң қолымызда бар деректерге қарағанда, Қазақстандағы белсендi ұйғырлар да бiрауызды емес. Қазақстан ұйғырларының мәдени орталығы (төрағасы - Ахметжан Шардинов) мен Алматы қалалық ұйғыр мәдени орталығы (төрағасы - Абдуллам Ушуров) арасында жасырын соғыс жүрiп жатыр. Қалалық ұйғыр мәдени орталығына iрi кәсiпкерлер Дiлмұрат Кузиев пен Адылжан Зайнаудинов қолдау көрсетедi. Түпкi мақсаты бiр бұл екi ұйымның тар көпiрде қарсы келiп қалуына себеп - тiзгiнге талас. "Мұндай жағдай кез келген аз ұлт­тың арасында бо­лады. Мұны несi­не сөз етiп отыр?" деуiңiз мүм­кiн. Рас, басшылық орынға талас ұйғырлардың арасында ғана емес, орыстардың да, татарлардың да, шүршiттер­дiң де арасында жүрiп жатыр. Бiрақ негiзгi айтпағымыз бұл емес.

Биылғы мамырдың 14-i мен 17-сi аралығында Токио қаласында ДҰҚ-ның 4-құрылтайы өтедi. Бұл жиында 2 жыл мерзiмге ДҰҚ-ға жаңа төраға сайлануы тиiс. Және де 2010-2012 жылдардың қаржылық есебi қаралмақ. Токиода өтетiн бұл құрылтайға қазақстандық ұй­ғырлардың делегациясын ДҰҚ-ның қазiргi төрайымы Рәбия Қадырдың орынбасары Қаһарман Қожамбердиев басқарып бармақ.

Қожамбердиевпен бiрге Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Ришат Азнабакиев пен оның орынбасары Әлiшер Гаитовтың, одақтың заң бөлiмiнiң қызметкерi Әмина Тұрғынованың, Әбдiрәшид Тұр­диев пен Әркен Ахметовтың құйысқаны көтерiлiп отыр. Ал ДҰҚ-ның Қытайда ресми түрде террористiк ұйым боп танылғанын жоғарыда айттық.

Қазақстан ұйғыр жастарының одағы 2000 жылы құрылған. Құрылған күннен бастап 2010 жылдың мамырына дейiн одақты Қазақстанның азаматы Әбдiрәшид Тұрдиев басқарды. Бұдан екi жыл бұрын "Жас Алашта" Тұрдиев туралы мақала ("Тұрдиев қай жақтың ұйғырының құлағын көтердi?", 13.07.2010) жарияланған. Тұр­диев қайта-қайта көзге түсе берген соң сақтық жасап, 2010 жылы мамырда төрағалықты Ришат Азнабакиевке өткiзiп берген. Бiрақ Азнабакиевтiң төрағалығы құжат жүзiнде ғана. Шын мәнiнде одақты әлi күнге дейiн Әбдiрәшид Тұрдиев жусатып-өргiзедi.

Қазақстан ұйғыр жастары одағының мақсаты не? Одақтың жарғысынан мiн таппайсыз: Қазақстандағы ұлтаралық бей­бiтшiлiк пен бiрлiктi сақтау, жас­тарды қазақстандық пат­рио­тизммен тәрбиелеу, тағысын-тағылар. Өздерiнiң де құлағын бұрап қалсаң, осылай деп сайрай жөнеледi. Шын мәнiнде, бұл одақтың мақсаты басқа. Ә.Тұр­­диев - ДҰҚ бас хатшысының орынбасары. Ал ол басқаратын Қазақстан ұйғыр жастарының одағы осы ДҰҚ-ның мақсатын iске асыруға жұмыс iстейдi.

Бiр мысал: 2010 жылы 12 сәуiрде Алматыдағы "Заря Вос­тока" ықшамауданындағы "Инсан" кафесiнде Қазақстан ұйғыр жастары одағының жиыны өттi. Жиынға Ә.Тұрдиев же­текшiлiк жасады. Жиынды бастамас бұрын алдымен Қазақстанның әнұранын, содан кейiн "Шығыс Түркiстан мемлекетiнiң әнұраны" делiнiп әлдебiр ән орындалды. Одан кейiн жиналған 300-ге жуық адамға ДҰҚ туралы бейнеролик көрсетiп, Рәбия Қадырдың жолдаған сәлемi тыңдалды. Осыдан кейiн Тұрдиев "ДҰҚ-ға қатысымыз жоқ" деп қалай айтады?

2010 жылы 8 шiлдеде "Достық" ықшамауданындағы зират басында Тұрдиевтiң аузына сөз салуымен Азнабакиевтiң: "Ұй­ғыр халқы жасасын! Ұйғырларға бостандық! Ұйғырларға тәуел­сiздiк!" деп ұрандатқанын қа­лай түсiнемiз?! Сол кезде ұйғыр жас­тары Азнабакиевтiң ұранына жаныға қосылып, ал өзге ұлт өкiлдерi бұған наразылық бiлдiрген болатын.

Қазақстан ұйғыр жастары одағының бюро мүшелерi әр аптаның бейсенбiсiнде "Заря Востока" ық­шамауданындағы "Инсан" кафе­сiнде бас қосады. Жиынға Р.Азнабакиев (одақ төрағасы), Г.Ескендi­рова (төр­аға орынбасары, әйелдер коми­тетiнiң жетекшiсi), Ә.Гаитов (төраға орынбасары), Ә.Ахметов (даму қоры), Р.Зераков (мәдениет бөлiмi), А.Тургунова (заң бөлiмi), К.Асанов (тексеру бөлiмi), Р.Аббасов (спорттық шаралар бөлiмi) қатысады.

Түрлi бейбiт жиындар өткi­зуге, бас қосуға Қазақстан заң­дары тыйым салмайды. Бiрақ мынаған назар аудару қажет-ақ: ДҰҚ-ның бар мақсаты - қайткен күнде де Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданынан дербес мемлекет ашу. Мұны Рәбия Қадыр сұхбатында айтқан. "Өле-өлгенше қырқысып өтемiз" дегендi анық аңғартты. Ал ендi ДҰҚ-ның бiр қанаты саналатын Қазақстан ұйғырлары одағының қайта-қайта жиын өткiзiп, Қазақстандағы ұйғыр жастарының "құлағын көтеруi" түптiң-түбiнде жақсылыққа апармайды. Ес бiлгеннен сепаратизм идеясымен уланған жасөспiрiм қолына қару ұстауға жарағанда не iстемейдi?!

Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданынан дербес мемлекет құруға Қытайдың ешқашан жол бермейтiнi белгiлi. Бұған әбден көздерi жеткен ұйғыр жастары түпкi мақсаттарынан айнып, "Алматы облысы аумағынан тәуелсiз мемлекет құрамыз" демесiне кiм кепiл?

Айтпақшы, 2011 жылы "Азат" ЖСДП "Сарыарқа" кинотеатрының артында "Қытай экспансиясына қарсы" рұқсат етiлген митингi өткiзгенде бұған Қазақстан ұйғыр жастары одағының мүшелерi де қатысқан. Қатысқанда былай ғой, қолдарына "Аршидин Исраилды экстрадициялауға қарсымыз!" деген ұран ұстап шыққан. Аршидин Исраил деген кiм? Ол - Қытайдың кәрiне iлiккен қашқын. Алғашқыда оған БҰҰ "қашқын" статусын берiп, қамқорлығына алғанымен, оның кiм екенiн бiлгеннен кейiннен бұл статусты керi қайтарып алған. Осыдан кейiн Қазақстан Аршидин Исраилды халықаралық нормаларға сәйкес Қытайға тапсырған. Көр­дiң­iз бе, Тұрдиев жетекшiлiк ететiн ұйғыр жастары одағының митингiге не нәрсенi сыналап тықпалап жi­бергенiн...

2011 жылы қыркүйекте Алматы облысының Еңбекшiқазақ ауданындағы Қазақстан ауылында Гени батырға (ұйғырлардың ұлттық батыры) арналған ескерткiш ашылды. Бұл жиынға ұйғыр жастары одағы толық құраммен қатысты. Ескерт­кiш ашылатын күнi Байсейiт ауылында ұйғыр жастары мен қазақ жастары арасында ши шығып, Еңбекшiқазақ ауданының әкiмi ескерткiштiң ашылуын кейiнге қалдыруды ескерткен. Бiрақ ұйғыр жас­тары одағының мүше­лерi 13 қыркүйекте ескерт­кiштi ашуды табандап талап етiп тұрып алған. Мұнымен қоймай, дәл сол күнi ескерткiштi әлдебiр матамен жауып тастап оны "Ұйғырстан мемле­кетiнiң туы" деп мәлiмдеген.

2011 жылы ұйғыр халқының ақыны Қураш Қусанды еске алу кешiнде де осыған ұқсас оқиға қайталанған.

Ендi мiне, Қаһарман Қожамбердиев бас болып, оны Тұрдиев пен Азнабакиев қоштап, арнайы делегация 14-17 мамырда Токиода өтетiн Дүниежүзi ұйғырларының кезектi құрылтайына аттанбақ. Ал бұлардың құрылтайдан қандай тапсырма алып келетiнiн, келген соң не бүлдiретiнiн кiм бiлсiн.

"Осы бiздiң Ұлттық қауiпсiздiк комитетi не бiтiрiп жүр?" деген ой келедi кейде. Бұл солардың жұмысы емес пе? Оппозицияның соңына шам алып түскенше, елдiң бiрлiгiне, мемлекеттiң тұтастығына сына қағушылармен шындап айналыс­қаны жөн ғой.

Кейбiр жұрт "бiржақты жазды" демес үшiн Қазақстандағы ұйғырлардың белсендiлерiне хабарласып, Дүниежүзi ұйғырларының құрылтайы және Қазақстан ұйғыр жастары одағы туралы сұраған едiк.

 

Әбдiрашид ТҰРДИЕВ, ДҰҚ бас хатшысының орынбасары:

ШЫҒЫС ТҮРКIСТАННЫҢ ТУЫН КӨТЕРУДI ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ ДЕП ЕСЕПТЕМЕЙМIЗ

- Өздерiңiз бiлесiздер, Қытайда проблемамыз бар. Олар ДҰҚ-ны террористер дейдi. Бiрақ ДҰҚ-ны дүниежүзiндегi ұйғырлар қолдайды.

- ДҰҚ-ның идеясын сiздер де қолдайсыздар ма?

- Бiз қолдамасақ болмайды ендi. Басымызбен кiрiп кетпей­мiз, шетте тұрып қолдаймыз.

- ДҰҚ-ның iс-әрекетiнiң көпшiлiгi Қазақстанның заңдарына томпақ қой. Мұны қайтесiз?

- Бiз Қазақстанды жамандамаймыз. Мұндағы ұйғырлардың жағдайы жақсы. Бiзге ШОС (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) кедергi келтiрiп тұр. Қытай ДҰҚ-ны террорист дейдi, ұйымның АҚШ-та, Германияда штаб-пә­терi бар. Заңды тiркелген. Тер­рористiк ұйым болса, олар тiркемес едi ғой.

- Әбдiрашид, келесi құрылтай қай жерде өтедi?

- 14 мамыр мен 21 мамыр аралығында Жапонияда өтедi.

- Құрылтайға сiздер де қатысасыздар ма?

- Бiлмеймiн... Қатыссақ деп жүрмiз. Бiрақ ақша жоқ. Үкiмет те қарсы оған...

- Қазақстан ұйғыр жастары одағын кiм қаржыландырады?

- Өзiмiздi өзiмiз қаржыландырамыз.

- Сiздер ДҰҚ-ға қаржы аударасыздар ма?

- 2009 жылы Үрiмшiдегi оқиғадан соң ұйғырлар оянып, ақша жинағанбыз. Кейiн тоқтап қалды. Қазiр өзiмiзде ақша жоқ.

- Жапонияда не мәселенi тал­қылайсыздар?

- Iстелген шаруалардың есебi берiледi. Сайлау болады. Ұйғырдың лидерлерiн дайындайтын үш күндiк курс өтедi. Бұрын жоғарғы қызмет iстеген мықты саясаткерлер дәрiс бередi. Мәселен, Италияның бұрын­ғы депутаттары дәрiс оқиды.

- Яғни Шығыс Түркiстен мемлекетiн немесе Ұйғырстан мемлекетiн құруға жастарды дайындау ғой?

- Иә, дәл солай.

- Алматы облысындағы Қазақстан аулында Гени батырдың ескерткiшiн ашқанда әлдебiр мемлекеттiң туын ескерткiшке жауыпсыздар. Бұл не қылған ту?

- Өздерiңiз түсiнесiздер, қазақ, ұйғыр, қырғыз сияқты елдердi басқалар басып алған ғой. Бiздiкi де сол тәуелсiз ел болсақ деген арман. Ту - Шығыс Түркiстандiкi.

- Мұның заңға қайшы екенiн бiлесiздер ме?

- Ендi мұны бiз сондайлық заңға қайшы деп есептемеймiз.

 

Әлiмжан ЗЛАВДИНОВ,

Қазақстан ұйғырларының мәдени орталығы басшысының бiрiншi орынбасары:

БIЗДI ШАҚЫРҒАН ЖОҚ

- Қазақстан ұйғыр жастары одағы - тәуелсiз ұйым. Ал бiз Қазақстан халықтары ассамблеясына қараймыз. Олар ендi көп шаруа тындырып жатыр.

- Ұйғыр жастары одағының iс-әрекеттерiн толық қолдайсыздар ма?

- Қарарда көрсетiлген iс-шараларды толық қолдаймыз және ақылдасып бiрге атқарамыз.

- Ал қарардан тыс iс-әрекеттерiн ше? Мәселен, Қазақстан ауылында ескерт­кiш ашылуға жиналғандар әлдебiр мемлекеттiң туын жауыпты.

- Бұл әрекеттерiн қолдамаймыз. Бiз Гени батырдың ескерт­кiшiн ашуға бармадық.

- Неге бармадыңыздар?

- Бiздi шақырған жоқ...

erik_r@bk.ru

Ерiк РАХЫМ

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395