Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 5894 19 пікір 4 Маусым, 2021 сағат 13:31

Ортақ одаққа "ортақ санкция" ма?

2014 жылы Ресей батысындағы көршісі, шекаралас жатқан тілі, діні, тарихы ұқсас бауыры Украинаға агрессия жасады. Қырымды тартып алып, жалған референдум өткізіп, оккупациялады. Ал Украина шығысындағы сепаратистерге қару беріп, соғыс отын тұтатты. Ресейдің бұл әрекеті әрине жауапсыз қалған жоқ. Батыс тарапы Ресейдің экономикасына, қорғаныс саласы мен саясаткерлеріне санкция салып келеді. 

2014 жылдың 29 мамырында Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері Астана қаласында бас қосып, Еуразиялық Экономикалық Одақты құру бойынша соңғы құжаттарға қол қойып, келісім жасасты. Ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық Одақ өз күшіне енді.

image

Артынша одаққа кіруге қатысты Армения мен Қырғызстан басшылары мәлімдеме жасады. Толығырақ айтар болсақ. Армения президенті Серж Сарксян: "Армения өз экономикасына жаңа серпін бергісі келеді, сондықтан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылды. Армения үшін тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің, қол жетімді газ бен электр энергиясының еркін айналымы жағдайында кең көкжиектер ашылуда.Сонымен бірге Ереван Еуропамен байланысты үзуді ойламайды. Арменияның ЕО-мен қарым-қатынасы бұрынғыдай екіжақты деңгейде құрылады. Армения мен Ресей арасындағы қатынастар біздің елдеріміздің халықтары арасындағы ежелгі достық пен бауырластық дәстүрлеріне негізделген. Мен бұл қатынастар достық, ынтымақтастық және өзара көмек шартына сәйкес дами беретініне сенімдімін.Мен армяндар мен орыстардың әр буыны осы қатынастардың тарихына өз үлестерін қосуы керек деп сенемін. Біз бұл қатынастарды бағалаймыз және оны дамыту үшін барымызды саламыз. Бұл біз үшін абсолютті басымдық" деген еді. Артынша Армения одақта толыққанды мүше болып, өз қызметін бастады. Ол бұрынғы Кедендік Одақтың толыққанды мүшесі ретінде одақта толық құқыққа ие болды.

2020 жылдың қыркүйек-қараша айларында болған екінші Қарабақ соғысында Армения жеңіліс тауып, оның экономикалық мүмкіндіктері тіпті түсіп кетті.

Опыт Сержа Саргсяна может пригодиться на переговорах по Карабаху » "СНГ СЕГОДНЯ" - последние новости стран СНГ читайте на SNG.TODAY

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев та сол кезеңде бұл одаққа кіру бойынша мәлімдеме жасады. "Мен өз елімнің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғанын қалаймын. Ресеймен және басқа ТМД елдерімен серіктестік Қырғызстан үшін маңызды. Сыртқы саясатта біз тек Қырғызстанның ұлттық мүдделерін басшылыққа аламыз. Ресеймен стратегиялық серіктестік қажеттілігін де сол ұлттық мүдделер анықтап отыр.  Біздің социал-демократиялық партия мұны сонау 1993 жылғы бағдарламасында айтқан болатын. Бізде қазірдің өзінде оң динамика бар. Кеден одағына кіруге өтініш бердік. Қазір бұл бірлестікке Қырғызстанды қабылдау бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Мен еліміздің болашағын тек Кедендік одақтан ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық одақтан да көремін. КСРО-ны қалпына келтіру мүмкін емес екенін бәріміз түсінеміз, әрине Қырғызстан егемен ел болып қала бермек. Бірақ мен Ресеймен, Қазақстанмен, Беларуссиямен, басқа бұрынғы кеңестік республикалармен біртұтас экономикалық кеңістік құрғым келеді" деген еді ол.

Зачем Алмазбек Атамбаев отправился в Китай — ответ штаба СДПК

Сөйткен Қырғызстан мен Армения да қазір одақта. Одақ мүшелеріне қарасақ кіл "мықтылар". Беларусь елі халықаралық хаңдылықтар мен құжаттарға қайшы келетін, тіпті кей елдер "террорлық акт" деп атайтын әрекетке барып, жолаушылар ұшағын күшпен қондырды. Батыс әлемі Минскті санкцияның астында қалдырмақ. Осы одақтың бас дирижері Ресей де Қырымды тартып алып, санкцияның қамытын киді. Армения соғыстан ұтылса, Қырғызстан шекаралық қақтығыста оңбай таяқ жеді. Қазақстанның да экономикасы оңып тұрғаны шамалы.

Енді Батыстық санкциялар Ресей мен Беларусьқа қарсы үдей түсті. Оған АҚШ билігіне Байденнің келіп, қысымды арттыру саясатын ұстануы себеп болуда. Мәскеу бұл санкциядан аман қалудың жолын іздеп жатыр. Енді "санкцияларға ұжымдық тұрғыдан жауап берелік" дегенді бықсытып отыр. Кеше Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин былай деді: "Үшінші елдердің ЕАЭО-ға (одаққа мүше елдерге) қарсы санкциялық іс-әрекеттеріне жауап шаралары туралы мәселе күн тәртібіне қойылды. Бұл мәселе қарастырылып жатыр және алдағы уақытта да қарастырылатын болады. Бірақ біз бұл тақырып осындай санкциялардың нақты түрлерімен, масштабымен, көлемімен, келтірілген зиянымен және ДСҰ және басқа құралдар тұрғысынан заңды болатын мүмкін шаралармен байланысты болуы керек екенін түсінуіміз керек". 

Демек, алдағы таңда Ресей мен Беларусьқа салынған санкцияға одақ болып жауап қату инструменті ұсынылуы мүмкін. Бұл әрине бізге тиімсіз және өте қауіпті. Осы уақытқа дейін Батыстық тараптың бізге деген көзқарасы оң. Инвестициялық ағым азайған емес. Ал одақ болып батысқа қарсы шығу өзімізді өзіміз бауыздағанмен бірдей болмақ. "Ортақ одаққа ортақ санкция" саясатынан қалай да қашу керек. Ортақ өгізден оңаша бұзау артық екенін ұмытпалық.

Cарапшылар Еуразиялық Одаққа тереңдей ену елді экономикалық егемендіктен, ал түбі саяси суверенитеттен айырады деп қақсағанына он жылдай уақыт болды. Батыстық санкцияларға одақ болып жауап беру соның алғашқы қадамы болмақ. Қазақстан билігі ондай әрекетке бармайды деп сенеміз...Үміттенеміз.

Abai.kz

 

 

 

 

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371