Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5378 0 пікір 7 Шілде, 2009 сағат 04:14

Ресей көші-қон саясатын күшейтіп жатыр

1 шілдеден бастап Ресейде «Азаматтық туралы» Заңның РФ азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен беру туралы ережесі өз күшін жойды. Бұл ереже кезінде Кеңестер Одағының құрамына кірген мемлекеттерден келген азаматтарға қатысты қолданылатын. Жалпы, 1992 жылдан бері Ресей азаматтығын алу үшін 5 млн 954 мыңдай адам арызданыпты. Бұлардың ішінде алғашқы орындарды Қазақстан (21,6%), Украина (16,6%) және Өзбекстан (13%) бермей келеді екен. Ендігәрі азаматтық алудан үміті барлар Федералдық көші-қон қызметіне тұрақты табыс көзінің барлығы және орыс тілін жақсы меңгергендігі туралы анықтамалар тапсыруы қажет. Сонымен бірге, бұл пақырлар енді Ресей жерінде табаны күректей 5 жыл тұрғаннан кейін ғана, азаматтыққа қол жеткізетін болады. Федералдық көші-қон қызметінің деректеріне қарасақ, жеңілдетілген тәртіппен «жаңа ресейлік» атанғандардың 85 пайызының Ресейде тұрып жатқандарына әлі бір жыл толмаған. Оның үстіне көбісінің тұрақты табыс көзі жоқ болғандықтан, онсыз да көтерем орыс бюджетінің омырауын ақтап отыратыны  сөзсіз. Мысалы, мұндай азаматтардың тек Иркутск облысындағы үлесі 90 пайызға жуық. Ал Сібірдегі орыс азаматтығын алғандардың тең жартысынан астамы орыс тілін білмейді. Федералды қызметтің қызметкерлері азаматтық алуға құштарлардың көбісі Ресейге келіп, нәпақасын айыруды, тегін білім алып, жәрдемақы, зейнетақыға ілінуді мақсат тұтады деген уәж айтады.

1 шілдеден бастап Ресейде «Азаматтық туралы» Заңның РФ азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен беру туралы ережесі өз күшін жойды. Бұл ереже кезінде Кеңестер Одағының құрамына кірген мемлекеттерден келген азаматтарға қатысты қолданылатын. Жалпы, 1992 жылдан бері Ресей азаматтығын алу үшін 5 млн 954 мыңдай адам арызданыпты. Бұлардың ішінде алғашқы орындарды Қазақстан (21,6%), Украина (16,6%) және Өзбекстан (13%) бермей келеді екен. Ендігәрі азаматтық алудан үміті барлар Федералдық көші-қон қызметіне тұрақты табыс көзінің барлығы және орыс тілін жақсы меңгергендігі туралы анықтамалар тапсыруы қажет. Сонымен бірге, бұл пақырлар енді Ресей жерінде табаны күректей 5 жыл тұрғаннан кейін ғана, азаматтыққа қол жеткізетін болады. Федералдық көші-қон қызметінің деректеріне қарасақ, жеңілдетілген тәртіппен «жаңа ресейлік» атанғандардың 85 пайызының Ресейде тұрып жатқандарына әлі бір жыл толмаған. Оның үстіне көбісінің тұрақты табыс көзі жоқ болғандықтан, онсыз да көтерем орыс бюджетінің омырауын ақтап отыратыны  сөзсіз. Мысалы, мұндай азаматтардың тек Иркутск облысындағы үлесі 90 пайызға жуық. Ал Сібірдегі орыс азаматтығын алғандардың тең жартысынан астамы орыс тілін білмейді. Федералды қызметтің қызметкерлері азаматтық алуға құштарлардың көбісі Ресейге келіп, нәпақасын айыруды, тегін білім алып, жәрдемақы, зейнетақыға ілінуді мақсат тұтады деген уәж айтады. Осылайша, «Азаматтық туралы» Заңның саяси астары бар 14 бабы, 4 бөлімінің орындалу мерзімі кері шегерілмейді. Онсыз да осыған дейін үш рет мерзімі ұзартылғаны жетеді деп Дума депутаттары қазір бармағын тістеп отыр. Бармағын тістеді дегеніміз, әйтеуір Ресейге аңсары ауып тұрғанның бәріне бөгетсіз азаматтық бергізгендегі ойлары – империялық саясатта тілектес болар орыс ағайынның қатарын көбейту еді.  Енді Ресей ТМД аумағында қалып қойған орыс диаспорасының сақталуын іштей тілеп, осындай әрекетке барып отырған сияқты.

 


«Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407