Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3832 0 пікір 15 Маусым, 2021 сағат 13:47

Ұлттық қорда 58,5 млрд доллар ақша бар

Қазақстанның Ұлттық қорында 58,5 млрд доллар ақша бар. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев есеп беру жиналысында айтты. 

«Бюджеттік процестің маңызды компоненті – ол Ұлттық қор. Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша оның активі 27,6 трлн теңгені құрады, оның ішінде валюталық портфель 58,5 млрд доллар. Атап айтқанда, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор 744 млрд теңгеге өсті», - деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, министрлік тарапынан қордың жинақ қызметін күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Осы орайда Ұлттық қордан кепілді трансферт көлемін біртіндеп қысқарту бойынша Бюджет кодексіне түзетулер енгізілді. Бұл қадамдар Ұлттық қор активтерінің жинақталуына ықпал етіп, мұнайлы емес тапшылықты біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534