Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5813 11 пікір 15 Маусым, 2021 сағат 13:46

Біз ұлттық мәселеге келгенде ұтылып келеміз

Мен кейде көрші елдердегі азаматтардың отан сүйгіштігіне, мемлекетшілдігіне таң қаламын. Қызығамын. Біз қазақтар неге сондай емеспіз деп өкінетін кездерімде көп.

Мәселен кеше ғана басталған футболдан Еуропа чемпионатында Украина футбол қауымдастығы киетін киімнің дизайны ерекше болды. Формада «Украина жасасын» деген жазу мен Қырым түбегі қоса бейнеленген карта бар. Бұған қоса «Батырлардың даңқы арта берсін!» деген жазуда тұр. Бірақ оны Еуропа футбол қауымдастықтары одағының талабы бойынша алынып тасталды. Мейлі. Бір сөзде тұрған ештеңңе жоқ. Ең бастысы «Украина жасасын!» деген сөзбен карта қалды. Осының өзі-ақ украиндықтардың отан сүйгіштігін көрсетеді.

2014 жылы Ресей анекциялап алған Қырымды украин футболшылары «өзіміздің жер» деп футбол арқылы жаһанға жар салып көрсетуіде намыстың, қайрат, жігердің көрінісі. Ресейге сес көрсету. Түбі «жерімізді қайтарып аламыз» деген батылдық. Бізде ше? Өзімізге келгенде дауысымыз құмығып шығады.

Біз ұлттық, мемлекеттік мәселеге келгенде ұтылып жатқан елміз. Тіпті мемлекеттік тіл деп әспеттеп отырған ана тіліміздің өзі, өз елімізде өгей баланың күнін кешуде. Басқасын айтпай - ақ қоялық. Біз көбіне өткен тарихпен «біздің бабаларымыз анадай болған, мынадай болған» деген мифпен өмір сүріп жүрген, тек өткенмен мақтанып жүрген ұлтпыз. Рас, бұрынғы ата-бабаларымыз батыр болған, нар болған. Оған дау жоқ.

Ал бүгінгі ұрпақтары біздер кімбіз? Біздер ынжық, намыссыз, жігерсіз, жағымпаз, босбелбеу, мақтаншақ, көрсеқызар, еліктегіш, бір-бірімізді жамандағыш, өсекшіл, бір-бірімізге ор қазғыш халықпыз. Ал мұндай ұлтта ұлттық намыс, мемлекеттік мүдде деген болмасы хақ. Содан болар біз алтын көмбенің үстінде отырсақта кедейміз. Биліктің айтқанына бас шұлғи беретін, өз құқын қорғай алмайтын босбелеу ұлтпыз. Бізге бағыт-бағдар береді, мемлекетті өркениетке жетелейдің деген биліктің өзі жемқор, халықтың несібесіне қол сұғып отырған алаяқтар. Халық қорғансыз. Қазақ халқы дүр сілкініп оянатын кезі келді. Өз тілін қастерлеуді, өз ұлтының мүддесін жоғары қоюды осы украиндықтардан үйренген дұрыс-ау.

Азаматхан Әміртайдың жазбасы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524