Сенбі, 23 Қараша 2024
4785 7 пікір 17 Маусым, 2021 сағат 16:40

Женевадағы кездесу: қалай өтті, не айтылды?

16-маусым күні Путин мен Байденнің кездесуі өтті. Күллі әлем көз тіккен кездесу Швейцарияның Женевасында өтті. Басты сұрақ Байден халықаралық қағидалардың барлығын бұзып, қалыптасқан геосаяси ойын ережелерін ескерместен әлемдік қауіпсіздікке тұтас қауіп төндіріп отырған Путинмен қай тілде, қандай екпінде сөйлеседі деген негізде болды.

Женеваның басты көшесінде Ресей дипломаттарының өту маршрутына сай арнайы саяси ұраны бар сөздер ілінді. Онда Навальныйға қатысты сөздер жазылған. "Навальныйды новичокпен улады. Осы күнге дейін әлі зерттеу жүргізілмеді. Қалайша, президент Путин?" деген үш сөйлемді үш баннерге бөліп, Женеваның қақ ортасына саяси белсенділер орналастырған.

Навальный отравлен Новичком»: В Женеве поставили билборды к приезду Путина ▻ Последние новости

Байденнің ұшағы Швейцарияға 15 маусым күні келіп жетті. Дәл осы уақытта ресейлік делегацияның бір бөлігі де Женева аспанында болатын. Алайда әуежай Байден ұшағын қабылдап жатқандықтан, ресейлік делегацияға бір сағат айналып ұша тұруға кеңес берді. Бұл әрекетті Ресей сарапшылары "кемсіту және қасақана ойластырылған" деп қабылдады.

Кездесу Женевадағы Ла-Гранж вилласында өтті. Алдын-ала келісілген хаттама бойынша Ресей мен АҚШ президенттерін Швейцария президенті күтіп алды. Хаттамаға сай бірінші Ресей президенті келді. Араға 15 минут салып АҚШ басшысының көлігі Ла-Гранж вилласына келіп жетті. Әдеттегідей Швейцария басшысы Ги Пармелен Байденді күтіп алды. Хаттамаға сай Ресей, АҚШ, Швейцария басшылары бірлескен суретке түсіп, екі ел басшысының жабық форматтағы кездесуі басталды.

Путин мен Байден ортақ пресс-конференция өткізбеді. Себебі Вашингтон оны қажет деп таппаған болатын. Кездесу жоспарланған уақыттан 1 сағат бұрын аяқталды. Екі ел басшысы қысқа форматты кездесуден кейін, кеңейтілген форматта кездесу өткізді. Қысқа формат Ла-Гранж вилласының кітапханасында ұйымдастырылды. Оған алты адам, екі аудармашы және Ресей тарапынан Путин мен Лавров, АҚШ-тан Байден мен Блинкин қатысты.

Государственный секретарь США Энтони Блинкен, президент США Джо Байден, президент РФ Владимир Путин и министр иностранных дел РФ Сергей Лавров во время встречи в рамках российско-американского саммита на вилле Ла-Гранж Михаил Метцель/ТАСС

Журналистер кездесу алдында Байденнен "Путинге сенесіз бе" деп айғайлап сұраған еді. Себебі арнайы журналистерді вилланың кездесу өтетін бөліміне кіргізбеген болатын. Аталмыш сұраққа Байден бас изеп жауап қатқандай болды. Алайда "Ақ үйдің" байланыс бойынша басшысы Кейт Бедингфилд Байден сұраққа бас изеп, жауап қатпағанын жеткізіп отыр. Бұл бойынша ол: "Ол жерде журналистер ішке кіргісі келіп, бір-бірін итеріп жатты. АҚШ басшысы түрлі қойылып жатқан сұрақтардың біріне де жауап қатпады, ол журналистерге риза екенін білдіру мақсатында басын изеді. Ол екі күн бұрын конференцияда жауап беріп тастаған. Алдымен тексеру, артынша сену форматын ұстанатынын айтқан болатын", - деп жазды ол Твиттер парақшасына.

Жабық форматтағы кездесуден кейін кеңейтілген форматтағы кездесу жалғасын тапты. Жалпы жиынтығы екі ел басшысының кездесуі 3.5 сағатқа созылды. Сарапшылар кемі 5 сағаттық кездесу болады деп болжаған еді, алайда олай болмады. Кеңейтілген форматтағы кездесудегі алғашқы жарияланған ресми суретке қарап, сарапшылар оның ауыр сипатта өтіп жатқанын жеткізді.

Президент США Джо Байден (слева) и президент России Владимир Путин (второй справа) во время российско-американских переговоров в расширенном составе на вилле Ла-Гранж Михаил Метцель/ТАСС

Ресми кездесу барысы толық көрсетілмеді. Хаттамаға сай екі ел басшысы оңаша негізде журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бірінші болып Путин журналистердің алдында сөз сөйледі.

Путиннің жауабы сол ескі сарында болды. "Ресейдегі адам құқығын айтпас бұрын, АҚШ-та күн сайын адам өліп жатқанын неге айтпайсыңдар" дегендей сөз айтты. Украина бойынша "Минск келісімі" басшылыққа алынуы тиіс, Навальный ісі бойынша айтар болсам ол қылмыс жасады, біз кибершабуыл жасамадық" деген сол бұрынғы әніне басты.

Байден пресс-конференциясына ресейлік журналистерді қатыстырмады. Байденнің жауабы да өзіндік позициядан айтылды. Ең ерекшелігі "Ресей мен АҚШ Иранның ядролық қаруды иемденбеуі жолында бірлесе жұмыс жасайды" деп мәлімдеді. Ресей тарапы бұл мәлімдемеге қатысты нақты жауап бермеді. Алайда бұл рас болса, онда Ресей өзінің бір бейресми Сирия мәселесі бойынша одақтасын жоғалтып алды деген сөз. Бұл Мәскеудің келіссөз басындағы ең үлкен жеңілісі болар.

Екі ел басшысының кездесуі айтарлықтай жаңалыққа толы болмады. Бұрынғы әуен. Бұл кездесу мәселелерді реттеу емес, қос басшының бір-бірінің тамырын басып көру болса керек. Басты нәтиже ретінде екі ғана нақты қадамды атасақ болады. Ол Ресей-АҚШ дипломаттарының жұмыс орындарына қайта оралатындығы және ядролық соғыс болмау мақсатындағы келіссөздерді жақсартуға негізделген ортақ құжатқа қол қою. Болды.

Байден "АҚШ оралды" ұранын ұстануда. Сол мақсатта ол Ресей басшысымен кездеспес бұрын "Үлкен жетілікпен" кездесіп, НАТО елдерінің басшыларымен келіссөздер өткізді. Еуропа бойынша үлкен тур жасады. Сондықтан Ресей басшысымен кездесуде не айтатыны, қай позицияны қатаң ұстайтыны алдын-ала нақтыланып қойған. Позиция айқын: Ресейдің халықаралық ойын ережесін бұзуына енді АҚШ көнбейді, еркелігін көтермейді.

Ка мырза

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458