Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2573 0 пікір 8 Шілде, 2009 сағат 07:52

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев,Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаев мырзаларға АШЫҚ ХАТ

Қазақстан экономикасының негізгі өзегі мұнай екені белгілі.Елімізде жасалып жатқан барлық жақсылық пен салынып жатқан құрылыстардың бәрінде біздің үлесіміз бар екені сөзсіз. Осы мұнайдың арқасында еліміз дамып, өркендеуде. Бірақ, «шамның жарығы түбіне түспей, жан-жағына түседі» демекші, сол мұнайды өндіріп отырған мұнайшылардың жағдайымен танысып, олардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап отырған ешкімнің жоқ екеніне көзіміз жетті.
Біздер Маңғыстау облысындағы «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның «Арғымақ Транс Сервис» (АТС) мұнайшылары вахталық әдіспен жұмыс жасаймыз. Өміріміздің жартысы өндіріс орнында өтеді. Біздерді қатты алаңдатып отырған мекемеміздің ішіндегі төмендегідей жағдайлар:
Біздің мекемеде ҚР-ның еңбек туралы заңы өрескел бұзылған. Жұмысшы мен жұмыс берушілер арасындағы келісім шарттың еңбек кодексіне қарама-қарсы баптары көп. Барлық жағдай тек қана жұмыс берушінің пайдасын көздейді. Соның өзінде сол келісім шарттың өзі де орындалып отырған жоқ.
Біздердің толық жұмыс жасауымызға мүмкіндік  жасалмаған. Қытайлық компания келгеннен бері мұнайшылар мүшкіл халге түсті.
Біздердің еңбек еткен уақыттағы жалақымыз дұрыс есептелмейді. Соның салдарынан қарапайым мұнайшылар тиісті мөлшерде еңбекақысын ала алмайды.
Біздің «еңбек демалысымызға» деп берілетін демалыс уақытымыз  еңбек туралы кодексте көрсетілген баптарға қайшы.

Канадалықтар кетіп, қытайлықтар иелік еткен кезден бастап мұнайшылардың жағдайлары күрт төмендеді. Мекеме басшылары мен жұмысшылардың арасында келіспеушіліктер басталды.
Жұмыс жасап жатырған кенорнымыз тұзды сордың ортасында. Мұндай жердің экологиясының қандай екендігі баршаға аян. Кенорынның экологиялық хал-ахуалының нашарлығына байланысты бізге еңбекақымызға қосымша экологиялық коэффициент төленбей отыр.
Басшылар қарапайым жұмысшыларға «жұмыстан шығарамыз, сыйақыларыңды кесеміз» деп қорқытып-үркітіп, қысым көрсетумен келеді. Өндірісте қарапайым жұмыстардың кейбіреулерін қытайлықтар жасап жүр, дәл сондай қызметті біздің елдің азаматтары атқара алады. Жұмысшылардың құқын өз кәсіподағымыз мүлдем қорғай алмай отыр. Мекеменің ішіндегі ахуал күннен күнге шиленісіп барады. Біздер өз еңбек құқықтарымыз бен еңбекақыларымызды қорғап, мекеме басшысына, кәсіподаққа, бірнеше рет ауызша ескертулер жасап және жазбаша түрде арыздар түсірдік. Бірақ, онымыздан түк те шыққан жоқ. Қайта өз құқықтарын қорғап, арыз жазған жұмысшыларды мекеме тарапынан қысым көрсетіліп, қуғынға ұшыратып жатыр.    Біздердің енді өздеріңізден басқа жазатын, төрелік сұрайтын орнымыз қалмай отыр. Бұл - тек қана біздің мекемеде қалыптасып отырған жағдай емес, жалпы Қаражанбас кенорындарындағы мұнайшыларға ортақ мәселе.
Сіздерден өтінеріміз «Қаражанбасмұнай» АҚ «АТС» мекемесіндегі қалыптасқан қиын ахуалды дер кезінде шешіп, көмектесулеріңізді сұраймыз. Мәселе сіздердің тараптарыңыздан да оң шешілмесе, сіздерге тек қана Маңғыстаудың мұнайы керек те, мұнайшылардың мұңы керек болмаса, біз жұмыстарымызды тоқтатып, ереуілге шығатынымызды алдын ала ескертеміз. Бірақ, жағдайды одан әрі шиеленістіруге апармай, егер сіздер ықпал етсеңіздер мәселе оң шешімін табады деп үміттенеміз.

С.Есбаев, Р.Абдуллаев, А.Құдайбергенов, Атшибаев, Б.Арешов, Б.Калиев, Е.Бисегалиев, Б.Мусин, А.Бачков, Н.Каиров, А.Абдигапаров, Қ.Құлов, А.Мамбетов, Қ.Аманиязов, Мухамбетов, Токаев, С.Акбутаев, Ш.Бархитов, А.Бекхожин, К.Азенурович, Н.Кенесов, М.Тайлаков, Н.Коптлеев, Ж.Ермагамбетов, Е.Тулегенов, С.Мамытов, Кошмаганбетов, Сандыбаев, Амиров, К.Мынжанов, Атаков, Б.Белгиев, К.Икужанов, Б.Тогайбаев, М.Махмутов, Ж.Найзабеков, А.Турлыбаев, М.Абилкайров, О.Набиев, Ж.Төлеген, М.Копбаев, О.Сисембаев, Б.Жалгасбаев, Ш.Ескалиев, М.Мурзагалиев, Ж.Салыков, М.Абдуллин, Б.Сисембаев, Ж.Сактаганов, А.Мыңбаев, М.Джулдасов, С.Кадырбаев, Ж.Өтеев, Ж.Жоламанов, К.Султанов, М.Тлеубеков, К.Жанболсинов, Ж.Чуренов, К.Избергенов, Ж.Манжанов, И.Мырзабаев, Б.Шамединов, Ж.Ескожин, Е.Чабдыров, С.Ергалиев, Р.Шахимов, Е.Хайров, Б.Шамболов, Ғ.Еменов, Қ.Сланов, А.Айтбаев, Изтұрғанов, К.Алиев, А.Қайров, Т.Құлшаров, А.Қалимағанбетов, А.Рысбаев, Д.Абдикеримов, Т.Артықбаев, Ш.Мажиков, К.Нұғыманов, К.Амиржанов, Х.Азиев, А.Бисекенов, Берденов, Т.Жауымбаев, Х.Байбозов, Т.Нурғожаев, С.Утарбаев, Б.Оразбеков, Ғ.Иманкулов, С.Алданазаров, Ж.Мыңбаев, А.Айтбаев, Боранбай, Н.Сарғожаев, Қ.Ахметов, А.Қашқынбаев, Н.Кенесов, Қ.Мағзамов, Т.Узақбаев, Қ.Мыңжанов, Ж.Қуандыков, Байбозов, А.Шамединов, Б.Белгиев, Н.Ауелбаев, И.Барахатов, А.Ескалиев, Н.Тұлжанов, Е.Алданов, А.Айдарбаев, А.Сариев. Барлығы 113 адам қол қойдық.

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406