Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2529 0 пікір 21 Мамыр, 2012 сағат 06:22

Мүслім Мырзахмет. Өгіз бен құл толерантты. Сонда біз кімбіз?

Кейінгі кезде біздің елде толерант туралы көп айтылатын болып кетті. Мемелекеттік БАҚ-тар  «біз толерантты елміз, толеранттық тұрақтылық кепілі» деп жар салып жүр.

Алдымен  толерант деген сөздің мағынасына үңілейік. Толерант «көнбіс» деген мағына білдіреді. Негізінде бұл сөз малдарға, онан ішінде нақты өгізге айтылған, кейін құлдарға да айтылатын болған. Толерант яғни көнбіс, ол мал сияқты айдағанға жүреді, айтқанға көнеді.  Енді қарап көріңіз, жарты тонналық үлкен өгіздерді  қаршадай бала қосақтап қойып жұмысқа шегеді. Ол оларды сабайды, боқтайды бірақ өгіздер мыңқ демейді, өйткен олар көнбіс-толерант болып алған. Олардың ойлайтыны тек қана тамақ. Егер  сол өгіздер өкіріп ұмтылса, қаршадай бала оның қарағайдай мүйізінің ұшында кетер еді.  Коррида алаңына шығатын өгіздер де тура осы сияқты өгіздер, бірақ оларға жолап көріңіз быт-шытыныңызды шығарсын, өйткені олар толерант емес.

Біздің болашақ ұрпақтарымыздың құлағына бүгінгі биліктің идеологтары «аталарың мал сияқты болған, сендер малсыңдыр» деп күнде құйып жатыр. Данияр Әшімбаев сияқты мәңгүрттер де   «ата-бабамыз мал сияқты болған, тәуелсіздік дегенді тіпті ойламаған» деп сандырақтайды. Кезінде қызыл коммунистерде «аталарың сауатсыз, надан, жабайы болған, жазу-сызуды білмеген» деп құлағымызға құятын еді. Біз оған сенетін едік.

Ата-бабаларымыз мал сияқты болса, осыншама ұлан-ғайыр жерді қорғап қаларма еді. Ақтаудан Алтайға дейін созылып жатқан кең-байтақ жерді ешкім бізге картасын сызып бере салған жоқ. Осынау жерді аталарымыз найзаның ұшымен , білектің күшімен қорған. Жан беріп, жан алысқан.

Ата-бабаларымыз мал сияқты болған болса, кешегі «Қызыл империяның» іргесін сөккен кімдер? Москва түбінде немістердің бетін қайтарған кімдер? Рейхстагқа алғаш ту тіккен кім?  Жарты әлемді жаулаған Македонский кімнен қаймыққан? Қытай қорғанын қытайлар кімнен қорқып түрғызған? Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәшүк кім? Немістердің үрейін ұшырған батыр ұшқыш қыз Хиуаз кім?, т.б.

Кешегі өткен Екінші Дүниежүзілік соғыста да аталарымыз үлкен ерлік көрсеткен. Бірақ олардың ерліктері көбіне бағаланбай қалғаны  тарихтан белгілі. Талай славян қол басшыларлы біздің аталарымыз туралы таңдай қағып жазған екен. «Қазақтар соғысқа ыңғайлы халық, әр нәрсеге епті. Әсіресе барлауға өте шебер» деп бір славян қолбасшы жазса, екінші бір славян қолбасшысы « Олар сондай табанды, ер жүрек, айбынды халық. Мен Азияда мұндай халықтың өмір сүретінін білмеппін» деген екен.

Біз Ұлы халықпыз, ірі халықпыз, ойы да, ары да таза асыл халықпыз. Жеті атаға толмай қыз алыспайтын текті халықпыз. Басынан сөз асырмайтын өр халықпыз. Құдайына қараған иманды халықпыз. «Итің жаман дегенде өлгенім ай» дейтін намысшыл халықпыз. Жылқы мінезді сергек халықпыз.

Ел боламыз десек, болашақ ұрпақты осығын тәрбиелейік ағайын. Мәңгүрттерден ұрпағымыздығы қорғайық. Қазақты көнбіс қылып көрсету кімдерге не үшін тиімді екенін бәріміз  жақсы білеміз. Біз ешқандай толерант емеспіз. Толеранттықта тұрақтылық кепілі емес, керісінше  біздің болашағымызға төнген қауіп.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504