Сенбі, 23 Қараша 2024
2298 0 пікір 5 Шілде, 2021 сағат 16:28

Алматы облысында карантин күшейтіледі

Алматы облысында коронавирусқа байланысты жаңа қаулы шықты. Бұл қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді.

«Ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын»,- делінген

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерғали Сыдымановтың бүгін шыққан N13 қаулысында.

Сондай-ақ, қаулыда букмекерлік кеңселерінің қызметіне тыйым салынған.

«Қоғамдық көліктерде, таксилерде, әуежайларда, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен басқа да қоғамдық орындарда санитариялық және дезинфекциялық өңдеуді жүргізу, қоғамдық көлік аялдамаларына күніне кемінде екі рет, қоғамдық көлікке әрбір рейс алдында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді жүргізу мендеттелді»,- делінген жаңадан шыққан қаулыда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364