Сенбі, 23 Қараша 2024
3545 0 пікір 6 Шілде, 2021 сағат 11:32

Тәжікстан Ауғанстанмен шекарасын нығайтпақ

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тәжік-ауған шекарасын нығайту үшін резервтегі 20 мың жауынгерді жұмылдыруды тапсырды. Мұндай тапсырманы Рахмон 5 шілдеде өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қорғаныс министріне берді.

5 шілдеде Тәжікстанның Шекара қызметі Талибан содырлары Бадахшан елді-мекенінің Хохон, Шикай, Нусай, Мохимай, Шугнон және Султан Ишкашим аудандарын толығымен басып алғанын жариялады. Бадахшан аймағындағы Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасының қашықтығы - 910 шақырым.

Ресми есеп бойынша, қазір 1500-ден астам ауған әскері тәжік аумағына қашқан.

20 жылдан бері Ауғанстанда террористерге қарсы күресіп келген АҚШ бастаған коалициялық күштер мамыр айынан бастап әскерлерін шығарып жатыр. Құрама Штаттар билігі 11 қыркүйекке дейін әскерін Ауғанстаннан толық шығаратынын жариялаған.

Осындай жағдайда Талибан Ауғанстанның солтүстігіндегі Тәжікстан және Өзбекстанмен шектесетін бірнеше ауданды басып алды. Содырлар соңғы айда 143 ауданды басып алғанын жарияласа, Ауғанстанның ішкі істер министрлігі бұл мәліметті теріске шығарып отыр.

Тәжік билігі Ауғанстаннан босқындар көбеюі мүмкін екенін болжаса, Өзбекстан өткен аптадан бастап әскери жаттығуды бастап кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371