Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
2152 1 пікір 6 Шілде, 2021 сағат 12:10

Францияда Халықаралық Канн кинофестивалі ашылды

6 шілде күні Францияда дәстүрлі Канн кинофестивалі ашылады. Мамырдан шілдеге ауыстырылған байқау биыл 74-ші рет өтпек.

Шоу француз режиссері Леос Каракстің «Аннет» музыкалық фильмімен басталады.

Фестивальдың басты жүлдесі - Алтын пальма сыйлығы. Байқауға тағы 24 туынды қатысады. Олардың қатарында, Уэса Андерсон «Француз газеті», Пол Верховеннің «Мінсіз қыз», Асгар Фархадидің «Қаһарманы»,  Франсуа Озонның «Бәрі ойдағыдай өтті», Шон Пенннің « Ту күні » және т.б туындылар бар.

Қазылар алқасын режиссер Спайк Ли басқармақ. Құрамында режиссер Мати Диоп, әнші Майлин Фармер, актриса және режиссер Мэгги Джилленхол, режиссер және продюсер Джессика Хауснер, актриса және режиссер Мелани Лоран, режиссер және сценарист Клебер Мендонса Филхо, актер Тахар Рахим және актер Сонг Канг-хо бар.

Биылғы Канн фестивалі 6 мен 17 шілде аралығында өтеді.

Айта кетейік, Канн кинофестивалі 1946 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Алғаш 1946 жылы 20 қыркүйектен 5 қазанға дейін өткізілді. Фестиваль 1951 жылдан кейін қазіргі заманғы ауқымға ие болды. 1952 жылдан бастап ол жыл сайын мамыр айында өткізіліп келеді.

2020 жылы 73-ші шоу өтуі керек еді, дегенмен коронавирустық пандемияға байланысты ол мамырдан шілдеге шегерілді. Ал кейіннен шоуды ұйымдастырушылар фестиваль бастапқы форматта өтпейтінін мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір