Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
3059 7 пікір 6 Шілде, 2021 сағат 12:17

Путин мен Рахмон Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Тәжікстан президентінің сайты хабарлады.

Әңгіме барысында екі мемлекет басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Ауғанстандағы әскери-саяси жағдайдың күрт шиеленісуіне ерекше назар аударылды.Президенттер Ауғанстанның солтүстік және солтүстік-шығыс провинцияларындағы, Тәжікстанмен және басқа Орталық Азия елдерімен шекаралас қазіргі жағдайды талқылады.

«Мемлекет басшылары тәжік-ауған шекарасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының оңтүстік шекараларының қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

Елдердің басшылары тәжік-ауған шекарасын қорғауды күшейту, сондай-ақ осыған байланысты Тәжікстан шекарашыларына материалдық-техникалық  көмек көрсету мәселелерін талқылады.

Abai.kz

7 пікір