Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 3808 4 пікір 7 Шілде, 2021 сағат 16:46

"Біз бағаны қадағалай алмаймыз..."

Пандемия басталғалы, халық  ішкі туризмге  бет бұрып, өз еліміздегі тамаша жерлердің бағы жана бастады десек те болады.  Соның бірі Алакөл көлі, жалпы Қазақстан теңізбен шектеспейтін болғандықтан, жағажаймен демалатын орындар аз, көбіне жасанды бассейндермен шектеледі. Суы шипалы десетін Алакөл жағажайлары жылдағыға қарағанда биыл адамдарға лық толы. Оған бірнеше себеп,  Қазақстаннан шығу, әр түрлі тексерулер мен шектеулерге байланысты қымбатқа түсіп жатыр.   Ал еліміздегі жағажайлар жұрттың қалтасына әсер етпейтін,   ашық жүйесімен ғана жұмыс істеп тұр. Бүгін де  Өскемен бағытына қатысты емес,  Алматы облысы, Алакөл ауданына қарасты  264 демалыс орындары бар. Алдағы уақытта 264  әлі де еселене түсетініне,  құрлыстың жүріп жатқанына куә болдық, алдағы жылы жаңа нысандар пайдалануға берілері сөзсіз.   Бағалары қандай екен деп  аз шолу жасап көрген болатынбыз,  бірінші барған  "Алтынай" демалыс базасында көбіне ағаш үйлер, әр үй бөлек салынған, бағалары,  стандартты екі кісілік бөлмені адам басына  23 мыңнан, шілдеден бастап 27 мың теңгеден, сезонға байланысты күн сәл суытқанда тамыз айында 17 мың теңгеге түсіреміз деп отыр. Бірақ таңғы аста, басқасы да кірмейді деген қонақ үй қызметкерлерінің сөзінше тамақ арзан емес. Тағы бір "Комфорт"  деп  аталатын бағасы да іші сырты да керемет демалыс зонасы ең төменгі баға адам басына  бір күнге 55 мың деп отыр,  ішіне тек таңғы ас кіретін зона   2020  да 45 мың болған екен,   әкімшісі  биылғы қымбатшылық қатты әсер   соң бағасын да көтердік деп отыр. Ал алты кісілік котедждер 100 мыңнан басталады.  Әрине барлығы бірдей қымбатшылықта емес,  жағажайдан  бір аялдамадай жерде орналасқан  "AQHI-RESORT"  үш уақыт тамағымен  адам басына 12 мыңнан қойып отыр.  Қымбатшылыққа қарамай адамдар барлық жерде демалып жүр. Осы шамада Түркия елінің де қонақ үйлеріне booking.com сайты арқылы  біраз зерттеу жасап көрдік, біздің демалыс аймақтарын он орап алатын Анталия қонақ үйлерінің бағасы тұрған жерлері мен қызметтеріне байланысты  күндігі  60 мың мен 9 мың арасында екен,  тағы бір халық көп баратын Тайланд елінде карантин әсер етіп, бұрынғы бағаларынан арзанға түскен, 6 мыңнан  100 мыңға дейінгі бағаны көрсетіп тұр. Демалыс аймақтарынан  қалта көтермейтіні Еуропа елдері  алда, мысалы Швецария  демалыс орындарында 200 мыңнан  2 млнға дейінгі бағада.

Биылғы пандемия әсер етіп халықтың басым бөлігі рас, шет елге шығуға мүмкіндіктері қалмады, алайда бұл тажалды да адамзат ауыздақтайтын кез келер,  халықтың басым көпшілігі шет елді көріп келді деген атағы қандай деп арзандау сыртты таңдауы мүмкін..  "Бағаны сіздер реттей аласыздар ма" деген сауалмызға Алакөл ауданы әкімі Алмас Сапарғалиұлы  "Бағаны біз реттей алмаймыз, біздің құзретімізге кірмейді, әр кәсіпкер өз бағасын қояды" деп жауап берді. Бірақ жол біраз реттелген,  бағаның өз сервисіне сай болуына әрине жолмен жылдам жету де кіреді, жол демекші Талдықорған мен Үшарал  бағытына  ұшақ  8 мың теңге. Ал Алматы бағытымен 10 мың шамасында, билет қарап көріп едік, шілде айын қойып, тамыз айына билет жоқ.. Ұшақ тек Үшаралға қонады,  Үшарал мен Ақши демалыс базасына апарар  жол тақтайдай тегіс. Ал пойыз демалыс базаларына дейін жеткізеді, бағалары  купе 14 мың шамасында, ал  плацкарт купеден 6 мыңға арзан екен, жолдың ұзақтығы, Алматыдан базға дейін 16 сағат, өкініштісі  пойызға да тамыздың ортасына дейін билет жоқ.  Соңғы мүмкіндік, жермен жорғалап жеткісі келетіндер біраз жол азабын тартып бірақ келеді, себебі жолдың жыры әлі аяқталған жоқ, келесі жылы пайдалануға берілетін жолдың 78 пайызы дайын, бірақ қолданысқа кейбір жерлер берілмеген, уақыттың көбін көпірлер мен айналма жолдарды салу алып жатыр екен.  Жолды жасап жатқан компаниялар арасында қытай компаниялары мен қатар  BI GROUP та бар.

Ақши аулының демалыс базасы қызметкерлерінің базынасы  интернет мәселесі, туристердің көбі әлеуметтік желідегі парақша арқылы біліп келеді, ал бұл жерде интернет те, ұялы  байланыста нашар, сондықтан Алматы немесе интернет жақсы ұстайтын бір жерден адамдарды тіркеп қоятын,  адам жалдап отыруға мәжбүрміз дейді. Аудан әкімінің есебінде Ақши базасынның айналасын абаттандырып,  көшелерді жөндеудің ішінде интернет те қалыс қалмаған екен. Сезоны, екі немесе  үш ай ғана созылатын демалыс аймағына қызғушылық танытып отырған әзірге ешқандай мобилдік байланыстар жоқ.  "2019 жыл  1,5 млн адам келген болатын. Ал былтырғы пандемия уақытында 798 мың адам болды. Ал биылғы жылы 1 млн адам келіп, құны 5 млрд. 270 млн теңгенің сауықтыру қызметі көрсетіледі деп жоспарланып отыр"-деді бізбен әңгіме барысында аудан әкімі А. Сапарғалиұлы.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" жолдауында туризмнің, әсересе эко және этно туризмнің дамуына экономиканың маңызды саласы ретінде ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын. Иә рас, әлем Қазақстандағы демалу мүмкіндіктері жәйлі енді біліп жатыр. Біз әлемді өз жерімізде күту үшін әрине мықты сервис керек. Жалпы мықты сервис пен таңғажайып табиғат пен аңыз болса, шет елдіктер қандай да қымбат қаражат болса да келеді деп ойлаймын. Қазақстан бойынша, қазіргі таңда Алматы облысы туризм дамыту жағынан көшбасшы ретінде. Алайда барлығы табиғатпен шектеледі, аңызды мекендерді қайта қолға алу енді қолға алына бастады. Аңызды мекендердің көшбасшысы  Түркістан деп сеніммен айта аламыз, өкініштісі Алматы облысында да қасиетті, тарихи жерлер аса көп... Тарихшылар қолға алып, болашақта тарихи мекендерге де   этно тарихи туризм дамиды деген ойдамыз...

Аида Қожмамбетова

4 пікір