Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3264 7 пікір 12 Шілде, 2021 сағат 15:13

Қытай нарығының жақын болуы бізге тиімді

2020 жылғы әлемдік пандемияға қарамастан Қытай экономикасы 2,5%-ке өскен. 2021 жылы «Стандарт энд пурс» агенттігі Қытай экономикасы 8,3%-ке өседі деп болжам жасапты.

АҚШ-тың сауда соғысы, түрлі экономикалық қысымдарына қарамастан Қытай экономикасы өсу үстінде. 1,5 млрд тұтынушы нарығы бар елді енді тоқтату мүмкін емес.

Қытай ғылымы Марсты игере бастады. Өзінің жеке ғарыш станциясын салуға көшті. Қазіргі таңда әлемдегі білім, ғылым орталықтарының бірі Қытай.
Осы біз мұхитқа шыға алмаймыз дейміз. Бірақ 1,5 млрд нарыққа шекараң тиіп тұрса мұхитың қасыңда тұрғандай ғой. Сол мұхиттың мақсаты да тауарды нарыққа шығару мен сату емес пе?.. Европа тауары Қытайға, Қытай тауары Европаға Суэц каналы арқылы 25-30 күнде жетеді. Ұлы жібек жолының бір бағыты Қазақстан территориясы арқылы өтеді.

Қытай нарығының жақын болуы біздің үлкен стратегиялық басымдығымыз деп ойлаймын. Мұны пайдалану қажет.

Бауыржан Серікбаев

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458