Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
46 - сөз 3520 7 пікір 12 Шілде, 2021 сағат 15:21

Өз өзімізді алдап жүргенімізден шаршадым

Мен коронавирустан емес біздің өз өзімізді алдап жүргенімізден шаршадым. Жексенбі автобустарды жүргізбейді. Типа дезинфекция дегендей ғой. Бірақ оны жасап жатқан адам жоқ көрінеді. Сосын екі адам маскасыз суретке түссе жерден алып жерге саламыз да Бурабай мен Керуен Сарайда мыңдаған адам маскасыз ақ көшеде жүр. Масканың өзін дұрыстап та тақпаймыз. Қожа көрсін деп аузымыз бен мұрнымыздан төмен түсіре саламыз.

Көп жерлерге шектеу қоямыз. Олар қалай күн көреді, арендасын қалай төлейді, жұмысшыларының айлығы ше дегендерге бас қатырмаймыз. Ия ауру бар. Күніге мың түрлі мутацияға ұшырап жатыр. Бәрібір ауыратын адам ауырады. Магазинге шығады, жұмысқа барады, автобуста тығылып отырады. Вакцина салдырып жатыр. Бізге келгені Қытай мен Ресейдікі. Екі боқтың арасынан жақсырағын таңдайтын едік енді Қытайдыкы де қалмапты. Тек Ресейдікі. Кейбір өлкелерде вакцина алған адамдар 50%-дан асып кетіпті. 70% болса масканы шешеді ма десем ешкім білмейді. 80-90% салдырып та маскамен жүреміз ба? Әйтеуір не істерлерін білмей, бірін бірі алдап жүрген көзбояушылар секілді көрінеді маған.

Сабит Рысбаев

Abai.kz

7 пікір