Сенбі, 23 Қараша 2024
6320 34 пікір 13 Шілде, 2021 сағат 14:03

Путин тағы «сыйға тартылған жерді» сөз етті

Ресей басшысы Владимир Путин Украинаға қатысты мақала жазды. Мақала атауы «Украин және орыс халқының тарихи бірлігі жайында» деп аталады. Мақалада ол орыс пен украин халқының талай тарихи сынақты бірге бастан кешкенін, Ресей құрамында Украинаның болғанын атап өтіпті. Большевиктердің саясатын да сөз етіпті. 

«Большевиктер орыс халқына таусылмайтын тәжірибе жасаушы материал ретінде қарады. Олар әлемдік революция жасап, ұлттық мемлекетті жоямыз деп ойлады. Олар шартты түрде шекараларды сыза салып, аймақтарды сыйлық ретінде таратып берді. Қорытындылай келгенде большевиктердің қандай шешім қабылдағаны, енді маңызға ие емес. Ол шешімдер бойынша ұзақ дауласуға болады. Бір дүние белгілі: Ресей шартты түрде тоналды.

КСРО құрамындағы мемлекеттерінің арасындағы шекаралары әрине мемлекеттік деп есептелмеді, ол шартты түрдегі дүние еді, ал билік бірорталықтан басқарылып отырды. Бірақ 1991 жылы бұл барлық территориялар, ал ең бастысы адамдар басқа шекараның артында қалды. Және шындығында тарихи отанынан бөлінді.

Бұл сәтте не айтуға болады? Барлығы да өзгеріп жатыр. Қоғам, мемлекет. Әрине халықтың бір бөлігі уақыт өткеннен кейін, тарихи және әлеуметтік жағдайға байланысты өзін жеке ұлт сезінуі мүмкін. Бұған қалай қарауға болады? Бір ғана жауап болуы мүмкін: құрметпен қарауға тиіспіз!

Өз мемлекеттеріңді құрғыларың келе ме? Мархаббат. Бірақ қандай жағдай бойынша құрасыңдар? Осы сәтте Ресейдің көрнекті саяси қайраткері, Санкт-Петербург қаласының мэрі болған А.Собчактың мынандай бағасы бар. Ол жоғары білімді заңгер ретінде барлық шешімнің заңды болуын қалады, сондықтан да 1992 жылы мынандай ой айтты: КСРО құрамында болған мемлекеттер келісімді өздері 1992 жылы жойғаннан кейін, одаққа қай аумақпен кірді, сол аумақпен шығуы тиіс. Қалған аумақтар талқылау нысаны. 

Басқа сөзбен айтқанда немен келдіңдер, сомен кетіңдер. Мұндай логикамен таласу қиын», - дейді Путин өз мақаласында. Яғни осы сөзі арқылы Путин өзге посткеңестік елдермен жасасқан келісімдер мен шарттарды «талқылау нысаны» деп отыр.

Өткен жылы Путин дәл осыған ұқсас сөзді қайталаған еді. «Москва. Кремль. Путин» дейтін бағдарламада. «Россия 1» арнасында. «Совет одағынан бөлініп шыққан елдер Ресей жеріне қарық болды», - дегені есімізде. Әуелі, өз сөзін келтірейік: «Біздің егемендігімізге қатысты өзге де мәселелер бар ғой. Совет одағы құрылған кезде, келісімшартта оның құрыманын шығу құқы да жазылған. Ал оның (одақтан шығудың) тәртібі жазылмағандықтан, сұрақ туындайды. Егер қандай да бір республика Кеңес одағы құрамына қосылып, өз иеліктеріне ( в свой багаж-ред.) ірі көлемде Ресей жерін, дәстүрлі Ресей территориясын алып, кейін одақ құрамынан шығуға шешім қабылдаса, онда ең құрығанда, орыс халқының «сыйлығын» бірге ала кетпей, немен кірдің, сонымен шығуың керек қой. Осының ешқайсысы жазылған жоқ. Сондықтан, қазіргі Конституцияға өзгеріс енгізуді әбден дұрыс деп есептеймін», - депті.

Путин билігінің 20 жылдығы туралы арнайы әзірленген 51 минуттық деректі фильмнің соңғы 1 минутында Ресей Президентінің ескі одақтастар туралы айтқан аз сөзі желіде көп талқы тудырғаны есімізде. Ресей билігі тату көрші, сенімді одақтас саналатын мемлекеттердің тарихи аумағына қатысты күмән келтіруді азайтқан емес. Соңғы бір жылда оның екпіні еселеп артты. Мысалы Евгений Федоров отқа май құйып, тіпті ақылға сыймайтын арандатушылық сөздерін айтқан еді. «Қазақстан астанамыз Орынбор болған дейді. Шындығында Орынбор да, Қызылорда, Алматы да, Қазақстан да Ресейдің бір субъектісі болды. Қазақ халқы болған емес. Халық деген ең жоғары статуста құрылады, әлемдік соғыс негізінде. Қазақстан деген болған жоқ. 1922 жылғы негізге қарасақ оның тіпті 1 ммде жері жоқ. Қазақстан заңсыз және уақытша мойындалған деп пайымдаймын. КСРО тарады деген нақты бірде бір құжат жоқ», - деп екі ел арасында салқындық туындатты.

2021 жылдың 18-наурызында Ресей президенті Владимир Путин Лужники кешенінде Қырымды тартып алғанының 7 жылдық мерейтойына орай ел алдында сөз сөйледі. Сөз арасында Путин «сыйға тартылған жер» атты өтірік тарихи фактісін тағы қайталады. «Өткен ғасырдың 20-жылдары большевиктер Кеңес одағын құру кезінде түсініксіз себептермен көптеген территорияларды енді құрылған квазимемлекеттік құрылымдарға бере салды. Ал кейін өздері құлдырап, өз партияларын ішінен құлатып, Кеңес Одағын таратып тынған сәтте, Ресей ауқымды территориялары мен геосаяси кеңістіктерінен айырылып қалды», - деді ол. Путиннің сөзі бұл жолы айтарлықтай дау туындатпаса да, оның көзқарасы өзгермегені және ешқашан өзгермейтіні анық болды.

Ресей басшысы және оның қосшылары аталмыш тақырыпты күн тәртібіне енгізіп қойғандай. Оқтын оқтын қайталамаса бастары ауыратындай әсер қалдырады. Бұл көршіні қорқыту әрекеті ме, әлде ішкі аудиторияға бағытталған мәлімдемелер ме?! Маңыздысы ол емес, маңыздысы әр мәлімдеме мен әр мақаладан кейін посткеңестік елдердің Ресейге деген сенімі азая бермек.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ:

Путин: Бұрынғы одақтастар орыс жеріне қарық болды...

Молотовтың немересі «соғыс» тілеп отыр ма?..

Путиннің тағы бір «депутаты» қазақ жеріне шүйлікті

Енді Путиннің көмекшісі қазақ жеріне шүйлікті

Қожайынның колшоқпарлары

Путин, Никонов, Федоров, Мединский: Ресейдің көздегені не?

«Қазақстан үшін талас жүріп жатыр»

Ка Мырза

Abai.kz

34 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502