Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Алаң 3665 3 пікір 15 Шілде, 2021 сағат 15:06

Семей полигонның «жыры» әлі көп, мәселесі жетерлік...

29 тамыз 1949 жыл қазақ халқының басындағы ең қайғылы күн деп санауға болатын тарихи кезең. 29 тамыз 1949 жылдан 19 қазан 1989 жылға дейінгі 40 жыл аралығында қазақ елінің, жерінің, халқының, жан-жануар, табиғатының сол кездегі бодандықтың салдарынан ядролық-сынақ аланының зардабын тартып келгені ақиқат. Бұл туралы Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Бахия Атшабаров, Меңдіғали Сужиков, Кешірім Бозтаев, Медеу Сәрсеке айтып жазған. Медеу Сәрсекенің «Семейдің қасіреті» деген үш тілде жарық көрген кітабында толық ұғынықты жазылды.

«Семейдің қасіреті» бұл – Жапонияға тасталған атом бомбасының зардабы мен Чернобыль аппатының салдарымен салыстырылғанда, 2500 еседен асып түсетіні ғылыми-тарихи түрде дәлелден шындық.

1989 жылдың 19 қазанында ең ақырғы атом бомбасының сынағы Семей ядролық сынақ алаңы (СЯСА) тарихындағы ең соңғы сынақ болып тарихта мәңгі қалды. Ғалымдардың айтуынша, оның зардабы 24 мың жылдан 100 мың жылға дейінгі ұрпақтарға жалғаcуы ғажап емес. «Невада-Семей» антиядорлық халықаралық қоғамдық қозғалысы 1989 ақпанда пайда болағанмен, 2007 жылға дейін СЯСА зардабын тартқандардың әлеуметтік мәселелерін шешуге әрекет жасалмады. Міне, осындай жағдай себеп болып, 2007 жылы «Семей-ЯП» (ядерный полигон)  қоғамдық қорын ашуға тура келді. Бұл біздің әлеуметтік мәселелеріміздің толық шешілмеуінің салдарынан туындады. Бүгінгі таңға дейін ел, жер, отан үшін қызмет етіп жатырмыз, жүгіміз ауыр, жолымыз ұзақ.

Семей полигонның әлі де жыры көп, шешілуге тиісті мәселесі жетерлік. Полигон зардабын қазақтың талай қаракөз балалары әлі тартып келеді. Осындай жағдайдың бар екені бүкіл әлемге белгілі, біздің биліктің де білмеуі мүмкін емес. Алайды олардың ешқайсысы полигоннан зардап шеккендерге көмек қолын созғысы келмейді. Бізге жан-жағымызда шешілмей жатқан проблемалар көп болып жатқанда. үлкен концерттер, шетелдік әртістер, зәулім ғимараттардың қажеті қанша?! Полигоннан зардап шеккен балалар балалықтың тәтті кезеңін сезіне алмай, төсекке таңылып, іштей қор болып жатыр. Семейде, Полигонға жақын ауылдарда радиациядан зардап шеккен балалар, халықты, соларға көмек қолын созуға ниетті азаматтарды көрмейсің.

Полигон аймағында туылып, жарық дүниенің есігін мүгедек болып ашқанына балаларымыз кінәлі ме? Жоқ. Олардың осындай жағдайға душар болуына ең алдымен біз кінәліміз. Оларды мүгедек еткен біздің кез келген нәрсеге үндемей келіскеніміз, қорқақтығымыз, жалтақтығымыз әсер етті. Бұл шындық! Біз халық ретінде әбден езіліп біттік.

Семейге бара қалсаң, әсіресе полигонға жақын ауылдарға жолыңыз түссе, соқыр, ауру, мүгедек болып қалған талай адамды көруге дәтің шыдамайды. Біз шұрайлы жерімізден ғана емес, тұтас бір ұрпақтан айырылдық. Міне, осындай себеп-салдарды сәл де болса жеңілдетіп, көмек қолын созу мақсатымен құрылған «Семей-ЯП» қоғамдық қоры қазіргі таңда жұмысын жалғастыруда.

Бүгінгідей әлемде орын алған пандемияға байланысты карантин уақытында елімізде жұмыссыздықты жою мақсатында көптеген ізгі шаралар қолға алынды. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының үкіметтік емес ұйымының бірі ретінде «Семей – ЯП» қоғамдық қоры мен «Астана қаласы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі өз тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, ауған соғысының қатысушыларын, Чернобыль апаты мен Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккен азаматтарды жұмысқа орналастыру ісіне белсенді қатысуда. «Астана қаласы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «Семей-ЯП» қоғамдық қоры да қазіргі таңда Нұр-Сұлтан әкімдігі және Жұмыспен қамту орталығының қолдауымен жұмысшылар қабылдаудамыз. Арнайы шеберхана ашып жатырмыз, өз күшімізбен жөндеу жүргізудеміз.

Үкіметтік емес ұйымдардың проблемалары аз емес. Сондай-ақ, карантин шаралары кезінде қаламыздағы мүгедек азаматтарға қолдау көрсету барысында үйлеріне азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп беру, емханаларға, басқа да тиісті мекемелерге тасымалдау шаралары қолға алынды.

Қазіргі халықарарлық нәубетке байланысты көптеген мәселелер ушығып кетті. Қиындықты бірлесіп шешу үшін қайырымды азаматтарды мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созып, қолдау көрсетуге, бірлесе жұмыстануға шақырамыз.

Болатбек Әбдікәрім,

«Семей-ЯП» қоғамдық қорының,
«Астана қаласы мүгедектер қоғамы»
қоғамдық  бірлестігінің төрағасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1554
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3348
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6217