Қытайда екі монах өздерін өртеді
Қытайдың Тибет автономиялы ауданының астанасы Лхасада екі буддистік монах Пекиннің Тибетке қатысты саясатына қарсылық танытып, өзін-өзі өртеді.
Free Asia радиосы дүйсенбі күні монахтардың өз-өздерін атақты Джоканг монастрінде өртегенін хабарлады. Лхасаға келген туристердің көпшілігі осы монастрьге де кіреді.
Өз-өздерін өртей бастаған соң полиция өртті сөйндіріп, олардың денесін алып кеткен. Хабарға қарағанда, олардың жағдайы ауыр. Тіпті қайтыс болып кетуі де мүмкін.
Қытайда 2009 жылдан бері 30-дан астам монах ел үкіметінің Тибетке байланысты саясатына қарсылық ретінде өз-өздерін өртеді. Олардың 23-і қайтыс болды.
Дереккөз: аzattyq.org