Ономастика туралы заң қабылданған соң Алматы атауы Алма-Ата деп өзгертілуі мүмкін
Ономастика туралы заң қабылданған соң Алматы атауы қайтадан Алма-Ата деп өзгертілуі мүмкін, деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов.
«Алматының қайтадан Алма-Ата болуы мүмкін. Әкімнің және менің пікірімше, Алма-Ата сөзін жазу оңай, жеңіл септеледі және құлаққа да жағымды естіледі.
Конституцияны жазғанда қазақша және орысша нұсқасында ешкімнен сұрамастан, «Алматы» деп жазған», - деді С.Сейдуманов дүйсенбі күні баспасөз-ланч барысында.
«30 маусымға дейін, парламенттің осы шақырылымының сессиясы аяқталғанша ономастика туралы заң қаралады. Күтейік, сосын ойластырамыз», - деді ол.
С.Сейдумановтың айтуынша, Алматыда 139 көшенің атауы өзгертіледі.
«Алатау ауданындағы 88 көшенің атауы өзгертіледі. Алматыда 51 көшенің бірдей атауы бар. Бізде шартты түрде екі Әуезов, Абай және т.с.с. көшелер бар. Олардың атауларын өзгерту мәселесі де қаралады», - деді ол.
Әкімнің орынбасары орталық көшелердің атаулары өзгертілмейтінін айтты.
«Бәрі орталық көшелер - Горная, Тимирязев, Шаляпин және т.б. атауларын өзгерткісі келеді. Орталық көшелердің атаулары қалыптасып қалған, оларды өзгертпейміз. Бұл - әкімнің және комиссияның (ономастикалық) ұстанымы. Комиссияның төрағасы мен болып тұрғанда, бұл көшелердің атаулары өзгермейді», - деп сендірді ол.

Дегенмен, С.Сейдумановболашақта Фурмановкөшесінің атауы өзгертілетінін айтты.
«Фурмановкөшесі болашақта өзгертіледі. Қазіргі мемлекет басшысы көшеге өз есімін беруге тыйым салды. Ондай ұсыныс болған, алайда ол бізге тыйым салды. Бірақ бейтарап атау да болуы мүмкін - тұңғыш президенттің көшесі дегендей», - деді ол.
Дереккөз: ҚазТАГ