Бізді біріктіруші күш – туған тіліміз
Мемлекеттің тұтастығы алдымен оның белгілі бір мақсаттар төңірегіне топтасуынан көрінеді. Бұл орайда Елбасы жүргізіп отырған қазіргі саясаттың орны үлкен. Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы - елдің даму бағытын, сол арқылы Қазақстан халқының басын бір арнаға тоғыстыратын құнды құжат болып табылады. Әр жылғы Жолдаудан әркім өзіне қатысты тұстарды жолықтырады - өз өміріне керекті талай нәрсені содан алады, жаңа да салиқалы тың идеяларға тап болады. Биылғы Жолдауда да сондай сындарлы тұстар өте көп. Жолдауды мұқият зерделеген адам өзіне нақты өмірлік бағдар табады. Нақтырақ айтқанда, жаңа бір көкжиек ашылып, келер күнге сенім нығаяды деуге болғандай.
Мемлекеттің тұтастығы алдымен оның белгілі бір мақсаттар төңірегіне топтасуынан көрінеді. Бұл орайда Елбасы жүргізіп отырған қазіргі саясаттың орны үлкен. Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы - елдің даму бағытын, сол арқылы Қазақстан халқының басын бір арнаға тоғыстыратын құнды құжат болып табылады. Әр жылғы Жолдаудан әркім өзіне қатысты тұстарды жолықтырады - өз өміріне керекті талай нәрсені содан алады, жаңа да салиқалы тың идеяларға тап болады. Биылғы Жолдауда да сондай сындарлы тұстар өте көп. Жолдауды мұқият зерделеген адам өзіне нақты өмірлік бағдар табады. Нақтырақ айтқанда, жаңа бір көкжиек ашылып, келер күнге сенім нығаяды деуге болғандай.
Қазақстан халқын біріктіретін үлкен күш - біздің тіліміз. Мемлекетіміз қазақ тілін өз мәртебесіне көтеріп, республиканы мекендеп отырған халықтың басты тілі етіп заңмен бекітті. Сонымен бірге қазіргі таңда қазақ елі өркениет көшінен қалыспай, әлемдік дәрежеде қарым-қатынасқа түсіп отыр. Осы ретте Елбасымыз тілдің үштұғырлығы, оның ішінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мемлекеттік тіл жайында ұдайы айтып келеді. Елбасы ұсынған Малайзия тәжірибесін кеңінен пайдалану төңірегінде тұщымды ойлар өрбіді. Қазақстанды мекендеп отырған өзге ұлт пен ұлыс өкілдеріне қазақ тілін үйретуде толымды тәжірибе қолдау тапты. Жастардың білім алуы, лайықты қоғамдық жұмысқа араласуы, еңбек етуі, қолжетімді баспанаға ие болуы, спортпен шынығуы мәселелері хақында да келелі ойлар айтылды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде тек ҚХА мүшелеріне ғана емес, бүгінгі біздің бейбіт қоғамда өмір сүріп отырған әрбір қазақстандық азаматқа алдағы маңызды бағыттарды көрсетіп бергендігін айтуымыз керек. Тұрақтылық, Бірлік, Жаңғырту - бұл біздің еліміздің бүгінгі бейнесі және болашағымыздың кепілі. Нұрсұлтан Әбішұлының әр сөзі осындай нақты ұстанымдардан тұрады және уақыт өте келе, Елбасы сөзінің стратегиялық маңызы аса құнды екендігіне көзіміз жете түсетіні күмәнсіз.
Мұнан өзге, Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясы құрамындағы әрбір этномәдени бірлестіктердің келешекте ұстанар берік ұстанымын да айқындап берді. Әлемдік өркениетке өз бейнемізді таныту үшін ағылшын тіліне жетік болып, еларалық қатынаста орыс тілінің көмегіне қалай сүйенсек, баршамыздың қазақстандық екендігімізді танытатын қазақ тіліне де мейлінше үлес қосып, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту жолында қоғам болып күш салуымыз керектігін жеткізді. Біз Президентіміздің бұл тапсырмасын бұлжытпай орындайтынымызға сенімдіміз. Оның айғағы ретінде, сессия кезінде үзіліске шыққан түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілінде бір үйдің балаларындай шүйіркелесіп жатқан сәтін көріп, көңіліміз бір марқайып қалды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзі қазақстандықтар тарапынан қызу қолдау тауып отыр. Ұлтаралық бірлік - отандастарымыздың басты байлығы екені белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, еліміздегі бірлік үдерістерін көздің қарашығындай сақтау - ортақ парызымыз. Соның ішінде «Адам түсініскенше, жылқы кісінескенше» деп халқымыз атап айтып кеткендей, туған тіліміздің тұғырлы орнына қонуы айрықша маңызға ие. Қазақстан халқын біріктіруші басты факторлардың қатарына Елбасымыз мемлекеттік тілді жайдан-жай қосып отырған жоқ.
Президенттің Қазақстан халқы ассамблеясының XIX сессиясында сөйлеген сөзін, оның ішінде жастар туралы орамды ойлары мен пайымды пікірлерін жүрегімізге, көңілімізге қондыра отырып, қуанышты түрде қабылдадық. Қазақстанды өз Отаным деп сүйіп, қай салада болса да жемісті еңбек етіп, тұғырлы мемлекетіміздің мерейін өсіре жүріп, жеңіспен көріне білген жалынды жастардың асқар биіктері мен асқақ асуларға жетуі - Елбасының арқасы деп білеміз.
Біздің Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясаты мен жастар санасына салған сара жолын «тілі басқа, тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір» әрбір қазақстандықтың тату тірлікте, береке бірлікте өмір сүріп жатқан 140-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдері, соның ішінде жастар да жоғары бағалайды.
Көгілдір көктеммен әр адамның мерейін асқақтататын, қуанышқа бөлейтін, пейіл-ниеттерін біріктіретін мерекелер де бірге келеді. Осы мезгілде көктен алтын күн шапақ шашса, халық та думанды сәтті асқақ рухпен өткізіп, шат-шадыман болатыны бар. Әрине, оған - еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық, этностар арасындағы жібек жіптей жалғасқан өзара достық пен ынтымақ алтын арқау екендігі анық. Осындай тұрақтылық пен татулықтың негізі - тіл. Біздің қоғамдық өмірімізде мемлекеттік тілдің рөлін барынша күшейту, оның күнделікті тіршілікте қолданыс аясын кеңейту - өмір талабы болып отыр. Осы орайда Қазақстанның құқық қорғау органдары да,оның ішінде прокуратура қызметкерлері де мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, тілдік заңнама қағидаттарының қатаң сақталуына ерекше көңіл бөледі.
Жанна САБИРОВА,
Астана қаласының прокуроры
«Айқын» газеті