Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3286 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 14:02

Полицейлер тілден емтихан тапсырды

Қазақстандық полицейлер тұңғыш рет мемлекеттік тілден бейнеемтихан тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық полицейлер тұңғыш рет мемлекеттік тілден бейнеемтихан тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Ішкі істер органы саласында тіл саясатын жүзеге асыруға ішкі істер министрлігі барынша көңіл бөліп келеді. Осы бағытта атқарылған іс-шаралардың бірі мемлекеттік тілді тиімді және сапалы қолдану үшін ішкі істер органдарының қызмет­керлерін жыл сайын мемлекеттік тілге үйрету болып табылады, - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарда. Бүгінгі күні республика бойынша мем­лекеттік тілді оқуға ықыласы арт­қандар көбейді, қазірдің өзінде олардың жалпы саны 15 мыңнан астам қызметкерді құрап отыр. Осыған байланысты оқыған сабақты қорытындылау және мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақ­сатында ағымдағы жылғы 21-ма­мырынан бастап Ішкі істер ми­нистрлігінде аумақтық ішкі істер органдарының қызметкерлерінен ең алғаш рет нақты уақыт режимінде бейнеемтихан қабылданды. Осы іс-шара барысында полиция қыз­меткерлері билет алып, Ішкі істер министрлігінің басшылығы тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап берді, өздерінің қызметінде жиі қолданылатын терминдерді және сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлем, диа­логтар құрды. Аталған іс-шараға Ішкі істер министрінің орынбасары, генерал-майор А.Күреңбеков қа­тысты, ол бейнеемтихан қабыл­дау­дағы басты мақсат - полиция қыз­меткерлерінің мемлекеттік тілді үйренуге әрі оны күнделікті қыз­метінде қолдануға асқан жауап­кершілікпен қарап және талап ету қажеттілігін баса айтты. Сонымен қатар Ішкі істер министрінің орын­басары, генерал-майор А.Күрең­бе­ков мемлекеттік тілді көркейтуге қатыс­ты министрлікте жүзеге асып жатқан игі іс-шара алдағы уақытта да өз жал­ғасын табатынын айтты.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329