Аспаннан шар түсті
Биыл сәуір айының ортасында (16-сы немесе 17-сі) Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Раздольное ауылында түсініксіз қызық оқиға болған. Түнгі аспанда ауыл тұрғындары жарқырап ұшқан әлдебір нәрселерді көріпті. Бұл «жарқырауық жұлдыздардың» жерге жақын өткені сонша, тіпті куәлер небәрі 100 метрдей биіктен өткенін айтады. Сәл кейін ауыл жанындағы егіс алқабынан беймәлім екі шар табылған.
Осыған ұқсас шарды ауылдың тағы бір тұрғыны Денис Коннов та тапқан екен.
– Біздің мамандар Раздольное ауылынан 6 шақырым жердегі екі алқаптан диаметрі 40 см, салмағы 10-12 кг болатын шар пішінді екі зат тапты. Екі шарда да 1,5 сантиметрлік тесік бар екен. Шардың бірі жарылып кеткен, қатты ыстықтан балқып, күйгені байқалады. Облыстық санэпидқадағалау басқармасының мамандары көктен түскен нысанда радиация жоқ екенін анықтады, – дейді БҚО ТЖ баспасөз қызметкері Дәмет Жұмағұлова.
Бұл шардың «ұшқыш тәрелке» немесе өзге өркениеттен жолданған сәлемдеме еместігін олардың бірінде таңбаланған 430359257829 цифры әйгілеп тұрғандай. Мамандардың айтуынша, адамзат жердің бетін ғана емес, ғарышты да түрлі қоқыспен ластап болған. Сол қоқыс енді төбемізден жауып жатыр...
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, Батыс Қазақстан облысы
«Айқын» газеті 18.05.2009 жыл