Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2448 0 пікір 8 Маусым, 2012 сағат 07:21

Ұлттық банк: Марченко мен «мадамдардың» әжетханасы

Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко осы күндері еліміздегі гендерлік саясат пен әйелдердің зейнет жасына ерлермен қатар шығуын қызу қолдап, қызына сөйлеп жүр. Нәзік жандыларға қатысты нәзік тақырыпта қызына сөйлейтіндігі сонша ол Ұлттық банктегі әйелдердің әжетханасы ерлер «екі аяғына мініп баратын аса қажетті құжырадан» екі есе үлкен екендігін мақтанышпен айтып салды.

- Бізде, Ұлттық банкте, басшылық қызметтегілердің 53 пайызы әйелдер. Жалпы еңбек ұжымының 67 пайзын әйелдер қауымы құрайды. Еңбекте ерлерден еш қалыспайтын әйелдерге жалақы да бізде тең дәрежеде беріледі. Ал, Ұлттық банктегі әйелдердің әжетханасы («дәретханасы» дегенді әйелдерге қатысты қолдану ыңғайсыздау естілетін сияқты. -ред) ерлердікінен екі есе үлкен. Жүкті әйелдер мен әйелдердің жүктілігіне байланысты берілетін демалыстағы қызметкерлер де бізде 16 пайызға артық, оған бола әйелдерді қызметінен босатып, еңбекақысын шектеп жатқан ешкім жоқ. Ұлттық банкте гендерлік сәйкестік қатаң сақаталады әм құрметтеледі. Сондықтан бізде әйелдердің зейнетке шығатын жасын ерлермен теңестіруді бәрі қолдайды, - дейді Марченко мырза.

Әрине, Марченко мен Марченконың мадамдарына салса (Ұлттық банкте істейтін әйелдер өздерін қоғамнан ерекшелеп ұстауға тырысады, ондағылардың дені қазақы жалпақ тілмен әспеттелетін әйел емес, - мадам), Бас банкте баптанып отыра бергеннен артық ешнәрсе жоқ. Ал, бейнеті ауыр жұмыстағы әйелдер ше, олар қайтпек? Олар да алпыстан асқанша арпалысып аяқ суытыпай, арқа босатпай әл-дәрмені құрып барып зейнетке шығуы керек пе? Оның өзінде шыдамы жетіп шыға алса деңіз. Сол себептен де біз Ұлттық банктегі «мадамдардың» әжетханасын әңгімеге араластыра бермей, еркекше сыртқа көз салыңыз, Марченко мырза, дейміз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір