Қалдар БЕК. «Денсаулық үшін» деп ауырып, «қуаныш үшін» деп қайғыға ұрынбаңыз
Арақты Ресейге 1428 жылы генуез көпестері әкелсе, ал қазақ жеріне арақ қарашекпенділермен бірге келген көрінеді. Кейбір бейресми деректерге сүйенсек, қазіргі кезде адам өлімі бойынша жүрек-қан тамырлары, рак ауруларынан кейінгі үшінші орында маскүнемдіктің салдарынан орын алатын адам шығыны тұр екен. Жол-көлік оқиғасынан опат болатындардың 35-40 пайызы ішімдік салдарынан көз жұмады екен. Сондай-ақ мас күйде төбелесіп, кісі өлтіру бойынша да көрсеткіш жоғары болып отыр.
Маскүнемдік – орталық жүйке жүйесін уландырып, ақыл-ойдан алжастырады, адамгершіліктен, рухани байлықтан жұрдай етеді және адамның еркін билеп, есіл-дерті араққа ғана ауып тұрады. Сонымен қоса денсаулықты тез тоздырып, адамды аздырып, түрлі сырқаттарға ұшырататын, еңбек қабілетін кемітетін қауіпті дерт.
Анна Мергенбайқызы, психолог:

– Бұдан арылу үшін – эмоциялық, психологиялық тәуелділіктен арылу керек. Бала туылысымен анаға (ана сүтіне, тамаққа) тәуелді болады. Бұл – инстингті тәуелділік. Бала өсе келе тұлға болып қалыптасуына психологиялық мәдениеті бар ата-ана ықпал жасауы тиіс. Баланы дербестікке, тәуелсіздікке, ойын еркін айтуға, алға қойған мақсатына жетуге тәрбиелеуі лазым. Мұндай тәрбие алмаған бала ертең-ақ қасындағы досына, үйленген соң әйеліне тәуелді болады. Мақсатына жете алмайды. Ішке ойын бүгіп, айта алмай, эмоцияға беріледі. Арақ ішкенде батылдық пайда болып, ойын ашық айтады, көңілі көтеріңкі жүреді. Бала кезде ала алмаған тәрбиенің орнын енді арақпен толтырады. Содан келіп араққа тәуелділік басталады.
Ішімдік саудасынан пайдаға кенеліп отырғандар мемлекетті, халықты ойлаған болып, өз күйлерін күйттеп, «спирттік ішімдіктерге тыйым салуға болмайды» деп, төрт жалған мифті алға тартады.
Бүгінгі күні ішкіліктің кесірінен қаншама қайғылы оқиға орын алып, қаншама шаңырақ шайқалып, қаншама әйел жесір, қаншама бала жетім қалып отыр. Жалған мифтерді алға тартпай, кейбір елдердегі сияқты заңды қатаңдату, араққа тыйым салу керек сияқты. Мүмкін көшеде, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішкендерді бір ай қоғамдық жұмысқа жегіп, үлкен мөлшерде айыппұл салып, тәртіпке шақырған жөн шығар? Өйткені бүгінгі күні маскүнемдіктің әкеліп отырған қасіреті жетерлік.
Не десек те, қол қусырып қарап отырмай нақты шаралар жасамасақ, бұл індеттің келешек ұрпақты улап, қоғамға талай қасірет әкелері хақ.
Жалған мифтер:
1. Адамдар осы уақытқа дейін ішіп келген, бұдан кейін де іше береді;
2. Ішімдікке тыйым салу арқылы мемлекет бюджеті қомақты қаржыдан қағылады. Бұл ел экономикасына кері әсерін тигізеді;
3. Самогон жасаушылар, көлеңкелі бизнес көбейеді;
4. «Құрғақ заң» ешқашан тиімді болмаған.
Мифке қарсы миф:
1. Арақ қаншалықты аз болса, адам оны соншалықты аз ішеді. Болмаса ішпейді;
2. Скандинавия, Үндістан, Араб елдерінде арақсыз-ақ экономика қарқынды дамуда;
3. Керісінше бүгінгі күнгі алкоголь өнеркәсібіндегі көлеңкелі бизнес тоқтайды. Самогон жасаушылар аз. Демек ішушілер де азаяды;
4. «Құрғақ заң» енгізілген кезеңдерде, ішушілер саны 40-60 пайызға дейін кеміген.
Қалдар БЕК
“Алаш айнасы” газеті 10 шілде 2009 жыл