Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3829 0 пікір 11 Маусым, 2012 сағат 10:14

Кіші Алматы өзені жоғалып кетуі ықтимал

Келешекте Кіші Алматы өзені жоғалып кетуі мүмкін. Бүгін Мәжілісте еліміздің экоологиялық мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осылай мәлім етті

Министрдің мәліметіне қарағанда, халықаралық бағалаулар бойынша жаһандық температура индустрияландыруға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2 градустан астам көтерілген. «Бұл Жер шарында алапат  өзгерістерге алып келуде. Ал Қазақстанға келер болсақ, климаттың жылынуы жер шарындағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда жылдам қарқында жүруде», - дейді министр. Оның айтуынша,  Тянь-Шань тауларындағы мұздықтар көлемі ХХ ғасырдың аяғына қарай 25 - 35 пайызға қысқарған. «Аталған жылыну үдерісі сақтала берсе 2050 жылға қарай алып мұздықтардың басым бөлігі іс жүзінде еруі әбден мүмкін. Бұның салдарынан Шу және Талас өзендерінің ағысы 2 есеге азаяды. Ал Кіші Алматы өзені мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Бұндай жағдай ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті және халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге зор қауіп-қатер тудыруы да ықтимал», - деді Нұрлан Қаппаров.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1979
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4830
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4008