Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2559 0 пікір 13 Маусым, 2012 сағат 10:11

Тіл үшін жылаған қыз

Журналистика «төртінші билік» аталғанымен де, кейде оның бейшара күйге түсіретіні өтірік емес. Әсіресе, белгілі бір мекемелерден ақпарат аларда қайыршының күйіне түсетін кездер де болады. Бұл орайда, әсіресе, қазақ журналистикасы өкілдерінің жағдайы мүшкіл. Тіпті, Елбасы соңғы Жолдауын жариялағаннан кейінгі күндерде бір қыздың ақпарат сұраймын деп, намысы тапталып, тіл үшін жылағаны да бар...

Елбасы Жолдау жасағанда мәлімдеме арасында: «Тіл мәселесін даңғазаға айналдыруға болмайды. Біз үшін ең бастысы - бірлік пен келісім. Біз бұрын 2020 жылға қарай халықтың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгереді деген болатынбыз. Асығу қажет емес. Мұның Қазақстанға пайдасы жоқ. Осыны депутаттар да, мемлекеттік қызметкерлер де түсініп, бұл мәселені біртіндеп шешу қажет екендігін ұғынуы тиіс» деген.

Артынша «Астана ақшамы» газетінде істейтін Гүлжан Рахман қаладағы мекемелердің біріне білім мәселесіне қатысты ақпарат алмақ болып хабарласқан.

Әңгіме телефон арқылы өрбіген еді. Мемлекеттік қызметтегілердің әдеті ғой, орысша сампылдап сөйлеп жатты ар жақтағы. Гүлжан өзінің қазақ газетінің өкілі екенін айтып, сұрағына қазақша жауап беруін өтінді. Сол-ақ екен:

- Мен қай тілде жауап берсем де, өзім білем. Маған ондай талап қоймаңыз. Жаңа Елбасының сөзін естіген жоқсыз ба?! - деп ұрсып тастады «кішкентай» шенеунік.

Мақаланың толық нұсқасын - www.arasha.kz - http://arasha.kz/post/865 - оқи аласыздар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502