Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3035 0 пікір 12 Шілде, 2009 сағат 18:40

Серік Кемел. Сталиннің қызы – Пабдұсзат

Бүгінгінің жаңа ұрпағы Сталин есімімен етене таныс емес. Ал, көненің көздері болса, оның атын ардақ тұтудан әлі арылған жоқ. Бұл шындық. Алпыстан асқан ақсақалдар арасында МЭЛС (Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин), Ильичбек, Көсемәлілер сирек болса да кездеседі. Мұның бәрі де ұлы көсем Сталинмен тікелей байланысты кісі аттары.
Тарих қастерлеген әйгілі Отырар ауданының тумасы Айдарша Оспанов Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында-ақ балаң жігіт кезінде мұғалім болып, еңбек жолын Сарысу ауданында бастапты. Ұлы Отан соғысы басталғанда қатарластары сапында қолына қару алып, Одессада екі көзінен жараланып, елге зағип болып оралады. Еті тірі, сауатты азамат ел сыйлаған, табалдырығынан кісі арылмаған адам екен. Қырық жыл бойы қолынан жетелеп жүрген жары Алмаш екеуі он бір ұл-қыздың ата-анасы атанады. Солардың бірі бүгінде Сайрам ауданында қазақ тілі пәнінен дәріс беретін ұстаз ана Пабдұсзат екен. Жақындары мен туыстары ол кісіні әлі күнге дейін «Сталиннің қызы» деп атайды.

– Біз әкемізге қарап есейдік. Ол кісінің көзі көрмегенімен, біздер – балалары газет пен кітап оқып, қолдан келген көмегімізді көрсеттік. Анам жарықтық өмірдің өзіне артқан аса ауыр бейнетін қайыспай көтерді. Ағайынды он бірдің алтауы әу бастағы әке кәсібін жалғастырып, мұғалім болуды қаладық. Әкем мені ерекше еркелетіп «Пабдашым» деп отыратын. Есіміме қарап, әрі өзбек ортасында өмір сүргендіктен бе, көп адам мені не өзбек, не ұйғыр қызы деп ойлайды. Бірақ таза қазақпын. Ал, атыма келсек оның қойылуы мен аталуының өзіндік тарихы бар, - деп апай әңгімені арыдан қозғады.
Ол кісі Иосиф Сталин қайтыс болғаннан соң, бүкіл ел қайғы тұтып, қара жамылған 53-ші жылдың 5-ші наурызында дүниеге келіпті. Сталин рухын аса ардақ тұтқан әкесі қызына пролетариат көсемінің құрметіне есімді өзі таңдап, Пабдұсзат деп қойыпты. Сәбидің аты тоғыз сөзден құралған бір сөйлемнен тұрады. «П» – прогресшіл, «А» – адамзат, «Б» – баласының, «Д» – данышпан, «Ұ» – ұстазы, «С» – Сталин, «З» – заманының, «А» – арқасында, «Т» – туылған деген сөздердің ең басқы әріптері адам атының атауы етіп алынған. Өкініштісі сол – ауыл кеңестегі сауаты шамалы хатшылардың дүниедегі дара есімді жазуда жіберген қателігінен «Б» – баласының» деген әріп түсіп қалып, «метрикесіне» «Падұсзат» деп жазылыпты.
Жұрт арасында «Сталиннің қызы» деген атқа ие болған Пабдұсзат Оспанова өмірлік жары Құрымбай Байымбетов екеуі бес ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан жеті немере сүйіп, бақытты ата-әже атанып отыр. Отыз тоғыз жыл мұғалімдік мамандықты үзбей атқарып келе жатқан ұстаздың үш перзенті ана жолын қуып, балаларды білімге баулуда.
Міне, бір кісінің есімі төңірегіндегі қилы заманнан қалған қысқаша қызық тарих осындай.

Серік Кемел
“Ел” ұлттық қоғамдық-саяси апталығы 8 шілде 2009 жыл

0 пікір